Жемістердің түрлері
Сабақтың тақырыбы: Жемістердің түрлері
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Жемістер туралы түсінік беру. Оларды көкөністерден ажыратуды үйрету
- Дамытушылық: Олардың ойын арқылы ой-өрісін, қиялын дамыту. Сөйлесу қабілеттерін арттыра отырып, тілін дамыту.
- Тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Тәй-тәй бағдарламасы
Сабақтың көрнекілігі: көкөністер, жеміс-жидектер, сурет үлгісі, теледидар, электронды оқулықтар, плакаттар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Өткенді пысықтау.
- Ой ашу
Балалар хормен сабақты өлең шумағымен бастайды.
Тіл дамыту сабағы,
Әр бір әріп бағалы.
Әріптерден сөз құрасақ,
Шығады сөз даналы
- Табиғат бұрышымен жұмыс:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде ауа райы қандай болады?
-Бүгін күн қандай болып тұр?
-Көктем айларын атаңдар?
-Қазір көктемнің қай айы?
-Бүгін сәуірдің қаншасы?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Мамыр айындағы қандай мерекелерді білесіңдер?
1 мамыр – Халықтар достықтар мейрамы. 9-мамыр Ұлы жеңіске 65 жылдығын тойлайын деп жатырмыз.
-Көктем туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
-Ал, қазір қандай сабақ? «Тіл дамыту»
- Сергіту сәті: Доп лақтыру ойыны
—балалар сабақты бастамас бұрын сендермен бір қызықты ойын ойнайық.
— Көкөністер қай жерде өседі
— Көкөністердің түрлерін ата?
— Оларды жылдың қай мезгілінде егеміз?
— Картоптың түсі қандай болады?
— Сәбізді қандай аң жақсы көреді?
— Қиярдың түсі қандай болады?
— Шалқан деген сөзді буынға бөл.
- Сахналық көрініс «Шалқан ертегісі»
Ал, балалар шалқан ертегісін рөлде ойнап көрейік. Ортаға алты бала шығып ертегіні ойнайды.
- Жарайсыңдар балалар.
- Жаңа сабақ. Жемістердің түрлері
-Ал, балалар тақтаға мұқият қараңдар. Тақтада бір сурет жасырынып тұр. Бұл суреттің құпиясын ашу үшін мына жұмбақтарды ашу қажет.
Болған соң түсі қызыл, әрі шұбар,
Адамзат жеп көруге оны құмар.
Тегінде өне бойы болып тұрмас,
Біраз ғана боп тұрар уақытысы бар (бүлдірген)
Бақтарда балбырап, тұрады албырап.
Уылжыған уыздай, алма емес ол бірақ. (шабдалы)
Ортасында қазығы, бұтасында азығы (алма)
Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі. (жеміс)
-Жарайсыңдар балалар
-Балалар мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
-жүзім, бүлдірген, алхор, алма, шие, алмұрт, құлпынай, өрік.
— Осылардың барлығы нелерге жатады екен?
— Жемістер
— Жемістер қайда өседі?
— Ағашта
-Ал, ендеше жемістер туралы өлең шумақтарымызды ортаға салайық.
1-оқушы:
Бағбан ата Бейменге,
Үшке толған шағымна.
Аралатып көрсетті,
Жемістер бағын да.
2-оқушы:
Мынау – жүзім, жаным
Сәлі балдай шырын,
Тәттілігін біледі,
Ара менен шыбын
3-оқушы:
Мынау — өрік, күнім,
Ерте ашар гүлін.
Қара өрік, асры өрік
Ектім екі түрін
4-оқушы:
Мынау – шие, шырағым
Қызыл болып піседі.
Тезірек жинап алмасаң,
Ұрлыққа торғай түседі.
5-оқушы:
Бағымда менің, қарағым,
Жеміс-жидек тағы бар.
Қарақат, алша, құлпынай
Дастарханнан табылар
6-оқушы:
Өсіретін бойыңды
Өсіретін ойыңды
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз
7-оқушы:
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр
Ал, балақай біліп қой
Қызылшамын, пайдам бар.
8-оқушы:
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
9-оқушы:
Күзді күтіп жатамын,
Жиып нәрді бойыма.
Асқабақпын, жараймын
Қыстай сақтап қоюға.
10-оқушы:
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат-қабат киініп,
Қырыққабат атандым
11-оқушы:
Картоп біздің атамыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.
- Электронды оқулық.
Балалар теледидарға мұқият қараймыз. Осы сөздеренжеміс –жидектерді тап.
- Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
- Дүкенге саяхат.
— Бүгін біз сендермен жеміс-жидектер дүкеніне саяхатқа шығамыз. Ал, балалар саяхатқа дайынсыңдар ма?
-Дүкендегі сатушыға біз не дейміз? (саламатсыз ба?)
— Дүкендегі әрбір жемістердің артында тапсырма бар, соны орындасаңдар жемістер сендердіңкі. Ал, ендеше ойнайық.
- Әткеншек деген сөзді буынға бөл. Ә әрпінен қандай өлең білесің?
- Л әрпінен қандай өлең білесің?
- Нан деген сөзге сөйлем құра және н әріпінен өлең айт.
- Қ әрпінен қандай өлең білесің?
- Алмұрт деген сөзді буынға бөл. А әрпінен келетін сөздерді ата?
- Күз туралы қандай өлең білесің? Жапырақ деген сөзді буынға бөл.
- Венни пух туралы қандай өлең білесің?
- Б әрпі қандай дыбыс және қандай өлеңдер білесіңдер?
- Р әрпінен қандай өлең білесіңдер? Радио деген сөзге сөйлем құра.
- Жүзім деген сөзге сөйлем құра.
- Сергіту сәті: Шөжелер биі
Ал, балалар бүгін сендердің көмектеріңнің арқасында көптеген жемістер сатып алдық, Біздің қуанышымызда шек жоқ. Сол қуанышымызды билеп көрсетейік.
Ал, балалар сыныпқа оралатын кезде келіп жетті.
- «Жеміс теру» ойыны
—Менің қолымда екі кәрзеңке бар. Бір кәрзеңкеге көкөністерді теру қажет. Ал, екінші кәрзеңкеге жемістерді теру қажет. Ал, ендеше ойынды бастайық.
Жемістер Көкөністер
- Сұрақ жауап ойыны:
— Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
— Несімен ұнады?
— Біз саяхатқа қайда бардық?
— Сатып алған жеміс-жидектер сендерге ұнады ма?
Жарайсыңдар балалар! Бүгін барлықтарың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Орнымыздан тұрайық,
6 жасар баламыз,
Құстай қанат қағамыз
Жақсы оқып сабақты,
Бестік баға аламыз.
Сабақ осымен аяқталды. Қош сау болыңдар.