Жер бетінің сыртқы табиғат әсерінен өзгеретіндігін түсіндіру

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жер бетінің сыртқы табиғат әсерінен өзгеретіндігін түсіндіру, табиғатта байқағандарын пайдалана отырып, олардың ойлау, салыстыру, қорытынды жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны қоғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, топпен жұмыс. Түрі: аралас,жаңа тақырып. Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, суреттер, тірек сызба, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды топқа бөлу.

1 топ – «Зерттеушілер» тобы.

2 топ – «Ғалымдар» тобы.

Топпен жұмыс істеу ережесін еске түсіру.

  1. тапсырмаға берілген уақыттан аспау.
  2. Басқаларды тыңдай білу.
  3. Өткен тақырыпты еске түсіру.

А) Сұрақ-жауап.

1 топқа сұрақ: Қатты тау жыныстары қандай күштердің әсерінен бұзылады?

2 топқа сұрақ: үгілу дегеніміз не?

Ә) Сурет бойынша жұмыс.

1 топ. Тау жыныстарының желмен үгілуі.

2 топ. Тау жыныстарын өсімдіктің бұзуы.

III. Жаңа сабақ.

А) Жалпы сыныпқа сұрық.

— Сонымен, үгілудің нәтижесінде жер бетінде не болды?

— Үгілудің нәтижесіндежер бетінде өзгеріс пайда болады.

Ә)Ойын. «Кім жылдам?». Көп таңбалы сандарды өсу ретімен орналастыру арқылы жасырылған жаңа тақырыпты ашу. 7014,8073,43014,60073,80016,81045,209003,303906,330609,345003,507507,607435,700015,701090,770357,900001,9000298,1273693,3083967,1000000000.

Шыққан сөйлемді оқыту. «Жер беті қалай өзгереді?» Қандай сөйлем?(сұраулы). Енді осы сұраққа жауап беріп көрейік.

«Ой шақыру». Жұппен жұмыс. Топпен жұмыс. Әр топтың жауаптарын тыңдау.

А) Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күн мен тақырыпты жазу.

Ә) Түсіндіру. Кесте бойынша, суреттерді көрсете отырып түсіндіру.

Үгілген тау жыныстарын бір жерден екінші жерге тасымалдайтын
Мұздық
Үйінділер пайда болады
Жел
Құм төбелер пайда болады
Ағын су
Терең шатқалдар, жыра пайда болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауаның бір жылып, бір суынуынан мұздықтың, ағын судың, желдің әсерінен қатты тау жыныстары бұзылып тасымалданады.

Жер бетінің бұлай өзгеруі табиғаттың сыртқы күшінің әсерінен болады. Соның нәтижесінде бір кездегі биік таулар аласырып, төбелерге айналады.

Б) Оқулықпен жұмыс. Дауыстап, тізбектей оқыту.

В) Сұрақ-жауап әдісі.

1 топқа:

  • Жер беті қандай құбылыстардың әсерінен өзгеріске ұшырайды?
  • Мұздық дегеніміз не?
  • Ағыс қалай пайда болады?
  • Мұздық, ағын су, жел, тау жыныстарын ненің әсерінен тасымалдайды?

2 топқа:

  • Бұзылған тау жыныстары қалай тасымалданады№
  • Мұздықтар тау жыныстарын қалай тасымалдайды? Нәтижесінде не пайда болады?
  • Тау шатқалдары қалай пайда болады?
  • Жел жер бетін қалай өзгертеді?

Г) Өз өлкемізде жер беті қандай күштердің әсерінен өзгеретінін байқағандарын айтқызу.

— ауылда ағыс қай кезде пайда болады?

— жыра пайда болғанын көрдіңдер ме?

— Жыраның шаруашылыққа зияны және оның алдын алу туралы еске түсіру.

Д) мағынаны ашу.

Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын өз сөздерімен ашып айту.

1 – тоқа: Тау мен тасыт сел бұзар,

Адамзатты сөз бұзар.

2-топқа: Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

  1. Жаңа сабақты бекіту.
Жер бетінің өзгеруі

Сонымен бүгінгі сабақта не білдік? Әр топқа тапсырма беріледі. Топтастыру: