Көпмүшелерді көбейту (Есептер шығару)
Пәні: Алгебра
Сынып: 7 а
Пән мұғалімі: Жиенбаева Ботакөз, №264 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді көбейту (Есептер шығару).
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қатысуын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру:
№256, №258 есептерді оқушыларға оқытып интербелсенді тақта арқылы тексеру.
256 есеп. Көпмүше түрінде келтіріңдер:
№258 есеп. Көбейткіштерге жіктеңдер:
Қайталауға арналған сұрақтар:
- Санның нөл дәрежесі?
- Дәрежелер қай кезде қосылады?
- Дәрежелер қай кезде азайтылады?
- Бірмүше дегеніміз не?
- Көпмүше дегеніміз не?
- Бірмүшені көпмүшеге көбейту қалай орындалады?
- Көпмүшені көпмүшеге көбейту қалай орындалады?
Есептер шығару
№257 Көпмүше түрінде жазыңдар:
Үлестірмелерді 4 оқушыға тарату.
№260 Көбейткіштерге жіктеңдер:
Сергіту сәті:
Дәрігер емделушіге түрі мен түсінде айырмашылығы жоқ 4 таблетка дәрі берді. Оның екеуі А дәрісінен екеуі В дәрісінен. Дәрігер оларды күніне бір таблетка А және бір таблетка В дәрісінен ішуді тапсырады. Шатастырып алмау үшін оларды әр күнге арнап орап береді. Бірақ емделуші ол дәрілерді араластырып алады. Бір күнде бірдей дәрі ішуге болмайды және ішпеуге де болмайды. Емделуші дәрілерді қалай ішеді.
Шешуі:
№263 Көпмүше түріне келтіріңдер:
Сабақты қорытындылау:
Үлестірмелер таратылған оқушылардың жауаптарын интерактивті тақтада көрсетілген жауаптармен салыстыра отырып тексеру
№ 273
Үйге тапсырма беру және түсіндіру
№262, №267 есептер сыныпта шығарылған есептерге ұқсас