Бесік жыры-халық даналығы

Тақырыбы: «Бесік жыры-халық даналығы»

4 «Б» сынып оқушылары

Есмаганбетова Алуа                                 Талгатова Айғаным

 

 

            Мазмұны

 

  1. Кіріспе

“Бесік жыры-халық даналығы мен тапқырлығы”.

  1. Негізгі бөлім

2.1. Халқымыздың ұлттық дүниетанымы мен мағлұматының, нәрестенің жастайыннан құлағына құйып өскен тағылымының бірден-бір айнасы есептелінетін жырларының бірі – бесік жыры.

 

2.2 Бесік жырларының түрлері

 

2.3.Бесік жырының маңызы

 

2.4.Қазіргі заманғы бесік жыры

 

2.5.Бейне материал (бесік жыры)

 

2.6. Сауалнама жүргізу,нәтижесі

 

     3.Қорытынды

 

4.Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Аңдатпа:

 

        Зерттеумақсаты:

Бесік жырының  сырын ашып,оның тәрбиелік мән-мағынасын түсіну.

 

Зерттеу міндеттері:

  1. Қазақтың даналығы мен тапқырлығынан туындаған «Бесік жырының» тарихына зер салу

2.«Бесік жырларының» түрлерін ажырата білу

3.Бесік жырының бала тәрбиесіндегі маңызына тоқталу

4.Сыныптас достарыма «Бесік жыры» туралы айтып түсіндіру,іздену жұмысымызбен таныстыру.

 

Зерттеудің өзектілігі:

Бұрынғы ата-бабаларымыз «Бесік жырын»  тәрбиенің қайнар көзі деп танып,оған үлкен мән берген.Ал қазіргі кезде бесік жыры мүлдем айтылмай жүр.Оның үлкен тәрбие құралы екені ескерілмей барады.

Сондықтан, біз  өз жұмысымызда осы бесік жырының қазіргі заман жастарының құлағында естулі,ауыздарында айтулы болсын деген мақсатпен көрсетпек  болдық.

 

Нысаны:бесік жыры

 

Пәні: дүниетану

 

Болжамы: егер біз бесік жырына көп мән беріп,сәбилерге тыңдатып отырсақ,ана тілімізге деген құрмет арта түспек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            1.Кіріспе

 

Бесік жыры – халық тапқырлығы мен даналығы. Ізгі ойдың санаға дарыған мөлдір бұлағының тамшылары. Негізінен аналардың балаға деген мейірін үстемелейді, сезімді тебірентеді. Бөлеуде жатқан баласы бесіктің арқалығына сүйене отырып емізген ана жанын еміренткен арман-тілегенін де, көкейдегі көксегенін де әндетіп айтады. Сол сезімінің бәріне халық сөзі арқау болады.

 

Халқымыздың ұлттық дүниетанымы мен мағлұматының, нәрестенің жастайыннан құлағына құйып өскен тағылымының бірден-бір айнасы есептелінетін жырларының бірі – бесік жыры.

 

Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі.

Жалпы “бесік” атауының шығуы әлі де болса терең зерттеуді қажет ететіні даусыз.
Қазақ ұлттық этнология саласына тән – қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Бесік – қазақ қауымы үшін аса қастерлі, қасиетті мүлік. Оны адами өмірдің бастапқы ұясы деп біледі.Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра.Қазақта “Есік көргенді алма, бесік көргенді ал”, “Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді”, “Есік арқалағаннан бесік арқалаған артық”, “Төрінде бесік тұрса, төре де бас иеді” деген ұлағатты сөздер содан қалған екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             2.Негізгі бөлім

2.1. Халқымыздың ұлттық дүниетанымы мен мағлұматының, нәрестенің жастайыннан құлағына құйып өскен тағылымының бірден-бір айнасы есептелінетін жырларының бірі – бесік жыры.

 

Қазақтар жас сәбиді бесікке салуды қуаныш етіп, тойлап өткізген.  Онда айтылатын өлеңдерден жас баланың ені сау, ер-азамат болып өсуін халықтың тілейтіндігі де көрініп отырады. Кейіннен, бесіктегі жас баласын тербете отырып, аяулы ана көңіліндегі ой-арманын, жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық «Бесік жыры» деп атайды.

 

Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрігісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Бесік жыры әр халықта әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады.
Бесік жырының басты қызметі – бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Ә. Диваев хатқа түсіріп, 1905 жылы жарияланған.

Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.

2.2.Бесік жырларының түрлері.

Бесік жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі Бесік жырлары және суырып салма Бесік жырлары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі Бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. Сонымен қатар ана:

“…Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің!

Бармақтары майысып,

Ою-өрнек ойысып,

Ұста болар ма екенсің!

Таңдайларың тақылдап,

Шешен болар ма екенсің!

…Құрығыңды майырып,

Түнде жылқы қайырып,

Қызмет қылар ма екенсің?!

Қолымыздан іс алып,

Бақытымызға жан балам.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыз әдебиетінің жанры. Қазақтың музыкалық-поэтикалық фольклорындағы тұрмыс-салт әндерінің арасында кең тараған. Бесік жыры екі түрлі міндет атқарады: 1) сәбиді жұбату және оның болашағына деген ата-аналық тілегін білдіреді; 2) ананың балаға деген мейірі, махаббаты, ой-арманы, ізгі ниеті, халықтың ақыл өсиеттері айқын керінеді.Өлеңі 7-8, кейде 11 буынды әнтүрінде құрылады. Әуезов Бесік жырын арнайы зерттемеген. Ташкент қаласында шыққан «Жас қайрат» журналының 1924 ж. 3-4-сандарында жарияланған «Халық әдебиеті туралы» деген мақаласында халықтардың арасында ауыздан ауызға көшіп, бірден бірге қалып айтылып жүрген: өлең, жыр, ертек, мақал, жаңылтпаш, айырым бесік жырлары, діндар өлеңдер, үлгілі әңгімелер… басқа да осылар сияқты сездердің бірсыпырасы халық әдебиетіне жатады» деп, бесік жырын халық ауыз өдебиетінің жанры ретінде атаған. Жазушының басқа ауыз әдебиетіне арналған еңбектерінде кездеспейді. «Абай жолы» эпопеясында: Қорқытпа менің баламды Гулей соққан ақ боран. Балам әже қойнында, Келе алмайсың сен бұған, — деп басталатын Бесік жырын енгізіп, Әуезов халық даналығынан туған фольклорлық мұраны пайдаланудың тамаша үлгісін керсеткен («Абай аға» тарауы).

 

2.3.Бесік жырының маңызы

Бесік жыры арқылы баланың тілі ерте шығатынына бүгінде мән бермейміз. Бесік жырын тыңдап өскен баланың есте сақтау қабілеті жақсы жетілетініне көңіл аудармаймыз. Бүгінгі ұрпақ шешендігінен, әншілігінен, ақындығынан, сабырлылығынан, парасаттылығынан ажырап барады. Бұл да — алаңдатарлық жай. Біздің елде ауыздан қалмай келе жатқан аңызға бергісіз әрі біздің әулетке қатысты бір әңгіме бар. Ертеректе бір келіншек бесігінен ажырамай жүрген баласын бесікке бөлеп, әлдебір жұмыстарымен шығып кетсе керек. Отағасы да сырттағы тіршілігімен кеткен. Жолай демалмақ болып тоқтаған бір жолаушы киіз үйдің тұсына келіп: «Кім бар-ау!» деп дыбыс берген екен. «Кіре бер» деген дауысты естіп, ішке кірген жолаушы аңтарылып тұрып қалады. Үйде бесікте ұйқысынан оянған баладан басқа жан жоқ. «Өреде ашыма бар, өзің де іш, маған да бер» деген екен бала жолаушыға. Қазақтың баласының тілі жатықтығын, ерте шыққанын байқаймыз бұдан.

Бесік жырын көбісі қазақ үйде отырған әжелері орындаған. Әжелеріміздің берген тәрбиесі ананың сүтімен, кең даланың таза ауасымен сәбиге сіңген. Бесікте жатқан баланың шырылдап жылағаны әжелердің мағыналы, сабырлыққа толы жырымен жұбатады. Сәби кезінен әжесі балаға сабырлық, төзімділік, батыр болуға итермелейді.

Бесік жыры — балаға берілетін алғашқы тәрбие. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің ырғағымен тербетеді. Бесік жырының тұрақты нұсқасы жоқ.

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем,

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің?!

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап,

Шешен болар ма екенсің?!

 

Бұл — бесік жырының бір түрі ғана. Осындай әдемі әуенмен астарында ізгі тілегі бар бесік жырын тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі. Баланың бойына әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың әлдиі ана сүтімен қосылып осылай сіңеді. Бесік жырының толып жатқан түрі бар. Сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі, сенімі, ниеті әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен балаға жетеді. Тіпті алыстағы төркініне деген сағынышын да бөпесіне айтып, баласымен сырласа отырып «әй, әй, бөпем, артта қалған елімді көрер ме екем…» деп іштегі шерін бесік жырына қосқан. Анасының еліне деген сағынышы бөпеге беріліп, ол анасын аяйтын, ардақтайтын, мейірімді әрі жанашыр болып өседі екен…

 

 

Бүгінде үлкен сахналарда да бесік жыры естіліп қалады.

 

Тәй-тәй басып, бөпешім, жүргенің қандай?

Көзқуаныш, көкешім, күлгенің балдай.

Аспандағы ай-күнді аламын дейсің,

Асқар таудай айбынды боламын дейсің.

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Сендей сәби жоқ, көкем.

Анам-әкем дейсің бе?

Тілің тәтті екен.

Әлди, әлди, ақ еркем,

Бойжетерсің сен ертең.

Мақтанышы елімнің,

Өзің бол, еркем! — деп жырлаған ақын Қалқаман Сариннің «Бесік жыры» (әні А.Бексұлтандікі) әнші Мейрамбек Бесбаев орындап жүр.

 

                         2.4. Қазіргі заман бесік жыры

Қазіргі таңда перзентханаларда жаңа туған сәбилерге «музыка терапия» әдісі қолданылады екен.Яғни,жаңа туған сәбиге түрлі классикалық әуендерді тыңдату.

Дәрігер-мамандардың айтуынша,осындай әуендерді тыңдаған балалар сергек,тыныш ұйықтайды дейді.Әрине,өз ұлтымыздың сәбилеріне өз ана тілінде әуендер тыңдатып, «бесік жырын» айтқанға жетпейтін шығар.

 

Жаңа заманның бесік жыры мынадай екен:

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Коляскаңда жат бөпем.

Жылама, бөпем, жылама,

Пісте шағып берейін.

Кел, басыңның үстіне,

Кепка тағып берейін.

Әпер деген затыңды,

Жылдам алып берейін

Тұлпар аламын десең,

Велосипед аласың.

Велосипед әперсем,

Қарамайсың, қашасың.

Ал енді сен  тезірек,

Ұйықтай ғой-шы ақ бөпем.

Коляскаңа жат , бөпем,

Сен бизнесмен боласың,

Котэдж үйде тұрасың.

Айналайын, қарағым,

Өскенде бізді бағасың.

 

 

2.5. Бейне материал

Ал,келесі кезекте біз назарларыңызға  «Бесік жырына» байланысты бейне материалдарды ұсынамыз.

  • бейне материал интернет жүйесінен алынған,әжелердің айтқан бесік жыры
  • Бейне материал өзіміздің жұмысымыз,яғни бұл жерде біз өзіміздің ауылымыздағы аналардың бірі Нұргүл Кенжебекқызының айтқан бесік жырын тыңдаймыз.

Бұл жердегі мақсатымыз- өзіміз сияқты оқушылардың бесік жыры туралы кеңірек мағлұмат алып,біліп,көріп алсын деп ойладық.

 

                   2.5.Сауалнама жүргізу

Біз осы төңіректе жас аналарға сауалдар қойып,ауылымыздағы аналардың ішінде бесік жырын айтатын аналар бар ма екен деп іздестіріп көрдік.Мынадай сұрақтар қойдық:

1.Сіз балаларыңызға “Бесік жырын” жиі айтасыз ба?

 

 

2.“Бесік жыры” баланың ұйқысына әсер ете ме?

Болжам: егер біз бесік жырына көп мән беріп,сәбилерге тыңдатып отырсақ,ана тілімізге деген құрмет арта түспек.

 

 

                                  3.Қорытынды.

«Ел болу үшін, бесігіңді түзе” – деген нақыл айтып кеткен Мұхтар Әуезов атамыздың бұл бір сөзіне ой жүгіртсең, елдің сапасы сонау бесік тәрбиесімен байланысы зор екенін айтады. Қазақ даналығының алтын қазынасы тіл мен тәрбиеде жатқаны анық. Ғасырлар бойы көшпелі қазақ жұртының өмірден жиған тәжірибесі, бүгінгі күнде Қазақстан Республикамыздың тағдырына үлкен үлесін қосуда.

Қазақта «түйе мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі» деген сөз бар, сөйте тұра бүгінде өзге мамандық иелері ән айтса, біртүрлі тосырқап қабылдаймыз. Ән айту қазақтың қанында бар екенін айтып өттік. Ендеше, әншілік өнер қазаққа неге жат болуы керек?! Керісінше, кешегі от ауызды, орақ тілді, сөзге жүйрік бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы тілден айырылған. Мақалдатып сөйлеген былай тұрсын, көрген оқиғасын, оқыған әңгімесін баяндап айта білмейді, әсерлеп жеткізе алмайды. Ойын толық әрі түсінікті қылып, еркін сөйлей алатын, әңгіме айта білетін балалар жоқ.

Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі.

Ұлы Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деуі тегін емес. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр. Алайда соңғы жылдарда бесік тербетіп отырып бесік жырын айтатын әже, ана азайды. Бесік тербететін баланың өзі бөпесін өлең айтып ұйықтататын. Бұрын ананың бесік жырын сәби ғана емес, ауыл балалары, тіпті үлкендер де құлағын салып тыңдап отыратын. Кейінгі кездерде жастардың халық әніне назар аудармауы, өлеңге әуестенбеуінің бір себебі – осы бесік жырының ұмытылуында болса керек.

Ендеше, қазақы мінезіміз бен болмысымызға қайта оралу үшін әр ана бесік жырын сәбиінің бойына сіңіріп өсіруі керек. Бесікке асыла отырып мейірлене бала емізген анадан, бесік жырын айтып отырған анадан бақытты адам жоқ шығар, сірә! Осыны естен шығармағанымыз жөн…

 

«Бесік жыры-халық даналығы»  атты ғылыми жобаны

зерделегеннен кейінгі ұсыныс:

 

-«Бесік жыры» өлеңдерін жинақтап,кітапша ретінде шығарылып,аналарға тегін таратылса

 

-Дәрігер-мамандар тарапынан жас аналарға бесік жырын айтып отырулары жайлы кеңестер берілсе

 

-Ата-аналар жиналысында өз жұмысымызды көрсетсек

 

Пайдаланғанәдебиеттер:

 

  1. «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан

Атамұра  2010 жыл

 

  1. Интернет жүйесінпайдалану

 

  1. «Қазақстан» ұлттықэнциклопедиясы  (2-том)

 

  1. Зейнеп Ахметованың жазбаларынан

 

  1. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» С.Қалиев 1993 жыл Алматы

 

6.Қазақ этнопедагогикасы.Алматы.1999ж