Жолың болсын балақай!

Сабақтың тақырыбы: Жолың болсын балақай!

 

Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру,  барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: жолда жүру әліппесі, бағдаршам, жол белгілері, жол

                                          ережесіне арналған суреттер

 

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

 

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

 

ІІ. Кіріспе

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жолың болсын балақай» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер!

Арманға алда күткен асығамыз

Біз қалай толқын атпай басылармыз

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз- дей келе тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын мына алдарыңыздағы үш топты таныстырып өтейін

№1 «Қызылдар» тобы

№2 «Сарылар» тобы

№3 «Жасылдар» тобы

Және де бүгінгі сабағымыздың сайыс түрінде өтелетінін қаперіңізге беріп өтейін. Бұл үш топқа әділ баға беретін сабағымызға қатысып отырған мұғалімдер- сіздер!

  • Алдымен сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
  • Таныстыру (топ басшысы тобын таныстырады)
  • Викториналық сұрақтар!
  • Ойлан тап (жұмбақ беріледі, шешуін табу)
  • Сен білесің бе? (әр топ өздеріне белгіленген жол белгілері бойынша сөйлейді)
  • Кім жылдам?
  • Үй тапсырмасы
  • Қорытындылау

Сайысымызды бастаймыз

  • Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар» тобы

Өзгермейтін тұрағын

Бір орында тұратын

Қызыл шамы жанғанда

Қадам баспа бір адым

Бұл тоқтаудың белгісі

Білу керек бар кісі

Бас иеді тәртіпке

Келмесе де көнгісі

  • Сары түсті белгілері бар «Сарылар» тобы

Сары көзін жаққанда

Өтемін деп мақтанба

Бұл дайындық белгісі

Кідіре тұр аттанба

Сары шамы жағылса

Сақ, абай бол барынша

  • Жасыл түсті белгілері бар «Жасылдар» тобы

Төксе жасыл шырағын

Қауіптенбе, шырағым

Жолың ашық, өте бер

Жасап алға мың адым

Жасыл жарық – жол ашық

Зымырай бел, бел асып

(Мұғалім әр топқа түсіне қарай дөңгелекшелер тапсырып отырады)

-Сайысымыздың екінші шартына көшейік

Әр топқа 7-ден сұрақтар оқылады. Сұраққа сол топтың оқушылар жауап беруі керек.

 

1-кезекте «Қызылдар» тобы

1) Жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдар)

2) Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (тротуармен)

3) Тротуар деген не? (жаяу адамдарға арналған жол)

4) Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан мінеді)

5) Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (жүргізуші куәлігі)

6) Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек (аялдамалардан)

7) Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? (болмайды)

 

 

2- кезекте  «Сарылар» тобы

1) Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі? (14 жастан)

2) Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? (Көшеде жүре білу көлік апатынан сақтайды?)

3) Көшеде жүру тәртібін не басқарады? (бағдаршам)

4) Бағдаршам нені реттейді? (бағдаршам жол қозғалысын реттейді?)

5) Бағдаршамда сигналдар (яғни белгілер қалай орналасқан? (қызыл, сары, жасыл)

6) Жаяу жүргіншілерге арналған жол қалай аталады? (ақ жолақты жол- жаяу жүргіншілер жолы)

7) Көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (көшеде жүру ережесін білуіміз керек)

 

3- кезекте  «Жасылдар» тобы

1) Жүріп келе жатқан көліктің қай жағынан өту керек? (көлік өтіп кеткенше күтіп, көліктің артынан өту керек)

2) Бағдаршамның Абайла! Дайындал! белгілерін білдіретін қай түсті сигнал? (сары сигнал)

3) Велосипед те екі, таксиде төртеу болады? (дөңгелек — яғни аяғы)

4) Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді? (жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машиналарына)

5) Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді? (көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

6) Бағдаршамы жоқ көшеден қалай өтейміз? (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)

7) Балаларға қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды? (балаларға арналған ойын алаңына ойнауға болады, көшеде, жолда ойнауға болмайды)

 

  1. «Ойлан топ» бөлімі (жұмбақтың шешуін табу)

1-топ Қызылдар тобы

  1. Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы түзеткен                          (полиция)

  1. Көше бойлап аяңдайды

Адам тасып аялдайды                       (автобус)

  1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та

Бақырайған үш көзі бар бірақ та    (бағдаршам)

 

2-топ «Сарылар» тобы

  1. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді

 

Жүк емес жануалға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді     (трамвай)

  1. Қатар жатқан қос білек

Үстінен келер күш үдеп                             (темір жол)

  1. Жер асты даңғылы

Көлігінің зулаған

Естіледі соңғылы                                       (метро)

 

3-топ «Жасылдар» тобы

  1. Арқаным бар тым ұзын

Ала алмайсың бір үзім

Ақылға салып ойланып

Тапшы мұны пысығым                              (жол)

  1. Құстай ұшар, қанатты тұлпар (ұшақ)
  2. Сөйлегенді білмейді

Бірақ «Тоқта, жүр» — дейді                        (бағдаршам)

 

4-кезең Сен білесің бе?

Қызыл түспен «Ескерту белгілері»

Сары түспен «Нұсқау белгілері»

Жасыл түспен «Тыйым салу белгілері» деген жазу шығады

 

1-топ

— Ескерту белгісі туралы не айтамыз

— Үшбұрышты қызыл баяумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

 

2-топ

-Нұсқау белгілері нені білдіреді?

-Нұсқау белгілері жаяу жүргіншілер мен вилосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат береді.

 

3-топ

— Тыйым салу белгілері нені білдіреді?

-Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен берілген белгілер қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.

 

Мұғалім

  • Бұл үш белгі бойынша қорытынды ойларыңызды түйіндеп, өлең шумақтарымен кім жеткізеді?

1-топ

Ескерту белгісі

 

2-топ

Нұсқау белгісі

3-топ

Тыйым салу белгісі

 

5-кезең Үй тапсырмасы (Бағдаршам туралы деректер дайындау керек)

1- топ «Қызылдар» тобы

2- топ «Сарылар» тобы

3- топ «Жасылдар» тобы

 

6- кезең Кім жылдам?

Алдарыңызға мына қиындылар беріледі. Сол қиындыларды құрап, белгілі бір белгіні табу және де сол белгінің нені міндеттейтінін айтып бересіңіздер

 

7- кезең Қорытындылау

Топтың атынан бір оқушы топтың атын кірістіре отырып, қорытынды сөз сөйлейді

 

Мұғалімнің сөзі

  • Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білетін ойларыңызды көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жол жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ үлкен-кіші баршаңызға –дей келе, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!