Астана-бас қала

Жолдасбаева Баян Исаиновна

№18 ЖББОМ

Қарағанды қаласы

Тақырыбы: Астана-бас қала

Мақсаты: Оқушыларға сабақ мәтіннің мазмұнын ашып, негізгі ойды ұғындыру. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Отанын, елін, жерін сүюге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, Астана туралы суреттер, Қазақстан Республикасының картасы.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ән-күй.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  2. 2. Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар, өткен тақырыптар бойынша өз білімімізді тексеріп көрейік.

  1. Т.Жароковтың «Кемедей кешіп комбайн

Алтын дария егінді,

Сүзіп жүр маржан бидайын

Күзіміз неткен көңілді!»

деген өлең жолдарында күздің қай кезі суреттелген?

А) Күздің басы; Ә) Күздің ортасы; Б)Күздің соңы В)Күздің табиғаты

  1. Т.Жароковтың «Ауыл күзі»өлеңін есіңе түсір. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: Алма піскен…

А) Уылжып; Ә) Қызарып; Б) Албырап; В) Балбырап

  1. Бөлімдегі оқиғасы Ас атасы – нан» деген мақалға құрылған мәтінді ата.

А) І.Жансүгіров. Малта; Ә) Ә.Табылдиев. Күздің кереметі; Б) И.Бази. Жеміс бағында; В) Егінші мен қасқыр

  1. Сары кілем төселген жер. Тиін. Борсық. Қоян. Қай шығармадан алынған?
  2. «Екі құлағы тас төбесінде. Ұзын қылшықты көкке көтерілген құйрығы әдемі, ұшы сәл ғана төмен иілген» деген жолдарда не сипатталған?

А) Қоян; Ә) Тиін; Б) Мысық; В) Түлкі

  1. «Күн жаңа көтеріліп келе жатқан кез. Шөптегі шық тамшылары моншақтай мөлдіреп, жылт-жылт етеді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

А) Пайымдау; Ә) Хабарлау; Б) Сипаттау; В) Түсіндіру

  1. «Борсық – қысқы ұйқыға кеш жататын аң. Ол күздің ақырғы күндерінде де інінен шығып, күнге жылынып жүреді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

А) Пайымдау; Ә) Хабарлау; Б) Сипаттау; В) Түсіндіру

  1. Абай аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жазған кім?

А) И.Крылов; Ә) И.Бази; Б) В.Сухомлинский; В) Р.Василек

  1. И.Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын есіңе түсір.

«Қарағым, жылыт, тамақ бер» деген ненің сөзі?

А) Құмырсқаның; Ә) Шегірткенің; Б) Баланың; В) Қыздың

  1. Бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын қалай аталады?

А) Өре; Ә) Күрке         ; Б) Қора; В) Сөре

  1. Жаңа сабақ.

Астана кеше ғана басқа қала,

Айналды бәйтеректі Астанаға – дей келе бүгінгі сабағымыз Астана – бас қала деп аталады.

-Балалар, Астана қайда орналасқан?

-Есіл өзенінің бойында.

-Есіл өзені туралы не білеміз?

-Есілдің Астана тұсындағы жағалауының әдемі пішіні жаңа елорда бейне бір өзен арнасының кең айдынында жүзіп келе жатқандай әсерге бөлейді.

-Астанада қандай ғимараттар бар?

-Президенттік мәдени орталық, Конгресс холл, Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық Еуразия университеті, пирамида, бәйтерек мұнарасы.

Осы ғимараттар туралы не білеміз?

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті — 500 студентке арналған. Ғимарат ішінде керекті нәрсенің бәрі бар — кітапхана, оқу залы, асхана, буфет, кір жуатын бөлме, би залы, тіпті алыстан келген ата-аналарға арналған қонақ үйі де бар.

Конгресс холл – біздің дербес жобамыз, оның ең басты ерекшелігі бір мезетте түрлі шара өткізуге болатын зал. Ешбір мемлекетте жоқ. Себебі қажет болғанда 4-ке бөлінеді. Конгресс холл ғимаратын 2000 адам құрылысын салған.

Бәйтерек мұнарасы биіктігі 97 метр. Бұл елдің ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы 2 цифрына, 1997 жылға сәйкес келеді. Біздің «Бәйтерегіміздің» аса бірегейі болып табылатынын және әлемде бұған ұқсас объект жоқ екендігін атап айтуға болады. Бәйтерек бой көтеріп, Астананың барлық тұрғындарының көз-қуанышына айналды, өзінің жарқыраған сәулесімен Елорда үстіне нұрын төгіп тұр. Бұл металдан, әйнектен және темір бетоннан жұмдаса өрілген.

  1. Оқулықпен жұмыс.

1 бөлім. Астана — бас қала. Мәнерлеп оқу.

  1. Картамен жұмыс.

Балалар, біздің Қазақстанның жері өте үлкен, оны бір күнде емес, бірнеше күн ішінде де аралап шыға алмаймыз. Сондықтан, біз Қазақстан Республикасының картасы арқылы танысып шығуымызға тура келеді. Қазақстан — ежелгі ел. Бірақ ол әлемнің қазіргі картасынан таяуда ғана – 1991 жылы орын алды. (9-орын). Біздің Мемлекет Еуразия құрлығының құрлығының дәл ортасында тұр. Ал, Еуразия – Жер планетасындағы ең үлкен құрлық.

2 бөлім. Қазақстан жері. Мәнерлеп оқу.

  1. Сергіту сәті. (Музыка тыңдау) «Астана – арман қала»
  2. Қазақстаннның пайдалы қазбалары

-Балалар, еліміздің қандай қазба байлықтарын білесіңдер?

-Көмір, мұнай, мыс, никель, фосфат және т.б.

-Қазба байлықтар туралы не білесіңдер?

Ойын.

Қазақстанның пайдалы қазбалары.

-Сендердің міндеттерің Қазақстанды тұтас шарлай жүріп, қазба байлықтары бар кен орындарын мүмкіндігінше көбірек табу.

Сендер геолог екенсіңдер гой.

3 бөлім. Қазба байлықтар. Мәнерлеп оқу.

  1. -Балалар, Қазақстанның мал шаруашылығы туралы не білесіңдер?

-Мал шаруашылығына жылқы, сиыр, түйе және қой мен ешкі малдары жатады. Оларды халқымыз төрт түлік мал деп атайды.

-Олардың пайдасы қандай?

-Жылқының сүтінен ашытылатын қымыздың әрі сусын, әрі емдік қасиеті бар.

4 бөлім. Мал шаруашылығы. Мәнерлеп оқу.

  1. Дәптермен жұмыс.

Таулары: Алтай, Алатау, Ұлытау

Көлдері: Зайсан, Балқаш, Касспий, Арал

Ағаштары: Қайың, емен, терек, қарағай, қараған, шырша

Кен байлықтары: көмір, темір, алтын, никель, фосфат

Атақты адамдары: Қаныш Сәтбаев, Сәкен Сейфуллин, Ахмет Байтұрсынұлы, Ыбырай Алтынсарыин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы және т.б.

  1. Қорытынды.

Астана туралы не білдік?

-Астананы көркейту үшін не істер едің?

-Ерке Есіл жағасында бой көтерген ерекше сәулеттік бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасымен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көпұлтты және көпдінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне, осындай қала.

  1. Үйге тапсырма.
  2. Бағалау.