Сабақтан тыс іс – шара. Жол тәртібін білейік, Аман – есен жүрейік
Сабақтан тыс іс – шара. Жол тәртібін білейік, Аман – есен жүрейік
Мақсаты:
Оқушыларға жолда жүру ережелерінің өз өмірлері үшін қажеттілігін түсіндіру.
Балалар саналы түрде көшеде жүру ережесін меңгеруі үшін пысықтай отырып, танымдық қабілеттерін дамыту.
Өзінің азаматтық құқығына сай жол ережесін білу арқылы тәрбиелеу.
Пайдаланатын көрнекі құралдар: плакаттар, буклеттер, жол белгілері,
жол таңбалары.
Түрі: Сайыс.
Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, Аман – есен жүрейік» сайысына 2 топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, әртүрлі жағдаяттарды шешіп өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.
Сайыс ережелері:
- Топтар өз атауларын, ұрандарын таныстырады.
- «Бағдаршам» тобы өз тарихын түсіндіреді.
- «Жол белгілері» тобы түсіндіреді.
- «Бағдаршам» ойынына екі топ та қатысады.
- Екі топ бір – біріне жұмбақтар жасырады.
- Жол белгілері бойынша «Кім жылдам?» ойыны.
- «Жол тәртібін білеміз бе?» ойыны.
- «Егер қауіп төнсе» айдары.
- Сөзжұмбақ «Бағдаршам».
- Қорытындылау.
Сонымен, балалар, сабағымыздың бірінші кезеңі, таныстыру, ұраны.
«Жол белгілері» тобы
Ұраны:
Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең,
Тартар жолың бұлыңғыр.
1 — оқушы:
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
2 — оқушы:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемеймін бар ма тағы сұрағың?
3 — оқушы:
Белгімен көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
4 – оқушы:
Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн – түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады.
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.
Бағдаршам ойыны. Әр топтан 6 оқушыдан 1 – ші бағдаршамның «жасыл» көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді. 2 – ші бағдаршамның «сары» көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды. 3 – ші «қызыл» көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
Мұғалім: — Ал балалар, сендерге сұрақ. Жол белгілері неше топқа бөлінеді? (7 топқа бөлінеді)
Мұғалім: — Қане, кім айтып береді?
5 – оқушы:
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашанда қалмаған.
6 – оқушы: «Ақпараттық — көрсеткіш» белгісі
Баратын сапарың, жақының, қашығың,
Үн – түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.
Сергіту сәті.
«Ақ жолақтар неге жатыр тізіліп,
Неге басып жүріп жатыр ел жүріп.
Жүргізуші кез болса егер жолаққа,
Тежеуішті басып тоқтар сол шақта».
Жұмбақтар:
7 – оқушы: «Сөйлеуді ол білмейді.
Бірақ, «тоқта, жүр» дейді» (Бағдаршам)
8 – оқушы: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
9 – оқушы: Көзін ашып – жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
10 – оқушы: Үзенгісін тептім,
Зымырап кеттім. (Велосипед)
11 – оқушы: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та.
Бадырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам)
«Егер қауіп төнсе» айдары.
12 – оқушы: Газ – 104 нөміріне телефон соғамыз.
13 – оқушы: Жарық – 105 нөміріне телефон соғамыз.
Сөзжұмбақ.
14- оқушы: Жүруге рұқсат беретін бағдаршам көзі? (Жасыл)
15 – оқушы: Жүрісті реттеп тұратын адам? (Жолреттегіш)
16 – оқушы: Көлікті жүргізетін адам (Жүргізуші)
17 – оқушы: Дайындықты білдіретін бағдаршам көзі? (Сары)
18 – оқушы: Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол? (Жиекжол)
Жолың болсын!
19 – оқушы:
Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта!
Абайла!
Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қорытындылау:
20 – оқушы:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау – саламат жүреміз,
Жас ұландар өсе бер
Сақ болыңдар, балалар.
Сақ жүріңдер көшеде.
21 – оқушы:
Көшеде бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңнің көзіңе.
Есте болсын!
- Жаяу жүргіншілер жаяу жолмен ғана жүруі тиіс.
- Жолдың бойымен жүруге, ойнауға болмайды.
- Көшенің арғы бетіне тек бағдаршамның жасыл белгісі немесе жүргіншігіе арналған жол арқылы өту керек.
- Тұрған автобус пен троллейбустың артынан, ал трамвайдың — алдынан айналып өткен дұрыс.
«Бағдаршам» тобы
Ұраны:
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Тарихы:
1 — оқушы: Бағдаршам тарихы. Ең алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды, оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал 1868 жылы ағылшын инженер – механигі Д.Найт оны көше қиылысына ыңғалап Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
2 – оқушы: — Алдымен түрлі – түсті сигнал берілісінің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай , бірде газ жарылып кезекте тұрған полицей қаза болды да, содан жарты ғасыр ұмыт болды.
3 — оқушы: — 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью – Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастады. Бұл жолы электрлі болды. Ол кезде тек екі түс қызыл және жасыл болды. 1918 жылдан бастап үш түс қолдана бастады.
Бағдаршам ойыны. Әр топтан 6 оқушыдан 1 – ші бағдаршамның «жасыл» көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді. 2 – ші бағдаршамның «сары» көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды. 3 – ші «қызыл» көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
4 – оқушы:
Қызыл көзін ашқанда,
Сының сүйем баспа алға.
5 – оқушы: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
6 – оқушы: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
7 – оқушы: «Тиым салу» белгісі.
Мен бәріне әрқашанда тиым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемеймін, бар ма маған сұрағың?
8 – оқушы: «Нұсқаулық» белгісі.
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Ой – шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
Сергіту сәті.
«Ақ жолақтар неге жатыр тізіліп,
Неге басып жүріп жатыр ел жүріп.
Жүргізуші кез болса егер жолаққа,
Тежеуішті басып тоқтар сол шақта».
Жұмбақтар:
9 – оқушы: Екі аяқты, бір ізді,
Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмен ол менің,
Аяғымды жүргізді. (Велосипед)
10 – оқушы: Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Жол сақшы)
11- оқушы: Ережені жаттаймыз,
Өмірлерді сақтаймыз. (Жол белгілері)
12 – оқушы: Төрт аяқты дөңгелеп,
Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)
«Егер қауіп төнсе» айдары
13 – оқушы: Жедел жәрдем – 103 нөміріне телефон шаламыз.
14 – оқушы: Өрт – 101 нөміріне телефон шаламыз.
15 – оқушы: Полиция – 102 нөміріне телефон соғамыз.
Сөзжұмбақ.
16 – оқушы: Көліктер жүретін жолдан жүргіншілерге өтуге арналған жол белгісі? (Зебра)
17 – оқушы: Автобуста келе жатқан адам? (Жолаушы)
18 – оқушы: Оқытушы? (Мұғалім)
19 – оқушы: Автобус пен трамвай тоқтайтын орын. (Аялдама)
Жолың болсын!
20 – оқушы:
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Қорытындылау:
21 оқушы:
Арманға алда күткен асығармыз
Біз қалай толқын атпай басылармыз
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
22 – оқушы:
Ұшқалақ бала ұрыншақ,
Ойлалық, соны ұғынсақ.
Машина алдын кеспесек,
Уайым – қайғы шекпес ек.
Есте болсын!
- Велосипед жаяу жолдың бойымен жүру керек.
- Көлік ішінде келе жатқанда жүргізушінің мазасын алмау қажет.
- Көліктен немесе ағаш тасасынан жолға жүгіріп шығуға болмайды.
- Жол қозғалыс Ережелерін бұзған азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.