Жол және мен

Сабақтың  тақырыбы:    Жол және мен

Сабақтың мақсаты:

1)Оқушылардың  жолда жүру ережесімен таныстыру,жол қауіпсіздігін сақтауға,

көшеде дұрыс жүруге  үйрету

2)Оқушылардың ой-өрісі,сана-сезімін,өзін-өзі  ұстауын,көшеде дұрыс жүріп

3)Оқушыларды әдептілікке,байқағыштыққа,жолда,көшеде өздерін дұрыс ұстай

білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:жол ережесіне байланысты суреттер,нақыл сөздер,шартты белгілер

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

-Оқушыларға тәрбие сағатының тақырыбын оқыту.(Жол және мен)

-Балалар, бүгінгі тәрбие  сағатымызға  көптеген қонақтар келіп отыр. Біз бүгін         сабағымызда қонақтарға  көшеде жүру ережесінен не білетінімізді көрсетеміз

(Есік қағылады)

Жол полициясы басқармасының инспекторы:

-Сәлематсыздар ма, балалар?

-Бұл қай сынып екен?

-Балалар, бүгін 1 «Б» сыныбында тәрбие сағаты өтеді дегенді естіп келдім. Мен сіздерге көше  тәртібін  қалай  білетіндеріңізді білуге келдім. Көше тәртібін білеміз бе?

Мұғалім:

Қош келдіңіз, жол инспекторы,жайғасыңыз. Біздің оқушыларымыздың  көше тәртібі туралы білімін көріңіз.

1-оқушы:

Шуақты өміріңіз күндей күліп,

Жүректе  бүршік  атып  гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жолда жүру ережесін білмей тұрып.

 

 

 

2-оқушы:

Біздің еліміздің қалаларына, ауылдарына- бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да,үлкендер де,көлік жүргізушілері де бұлжытпай  орындауы керек.

3-оқушы:

Жол жүру ережесі – Заңды  тәртіп,

Ол ортақ  үлкен — кіші баршамызға.

Мұғалім:

Жұмбақ

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.

(Жол)

— Жол сөзіне дыбыстық талдау жасату.

— Жол дегеніміз не ?

(Ойларын сұрау)

Жол – қозғалыс үшін қолданылатын аумақ , көше , бұрылыс.Оның жол элементтері деп аталатын бөліктері бар.

-Жолдың  қандай  түрлері  бар?

(Көлік  пен  жүргіншілерге арналған)

-Адамдар (жүргінші) қандай  жолмен жүреді?

-Жолдан өткенде  қайда  қараймыз?

(Бағдаршамға)

-Бағдаршам  туралы не білетінімізді айтайық.

4-оқушы:

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мүдіріп ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың 3 топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

 

5- оқушы :

Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

6- оқушы:

Сары шамы жағылса,

Сақ, бол барынша!

7-оқушы:

Жасыл жарық – жол ашық,

Зымырай бер бел асып.

  • Ал ,балалар, жолдан өткенде үнемі бағдаршам болмайды,сонда не істейміз?

8-оқушы:

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кіс жоқ жол сілтер өзіңе.

Кідірме абыржып онда аса

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

9-оқушы:

Көшеде ортаға жеткенше,

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Көшеде ортадан өткен соң,

Мойныңды бұр сол жақтан оң жаққа.

10-оқушы:

Жолдың кез-келген жерін кесіп өтуге болмайды,ол қауіпті. Жолды кесіп өту үшін жаяулар өткелінің шартты белгілері бар жерден өту керек.

11-оқушы:

Жолдың бір шетінен екінші шетіне өткенде асықпай.саспай өту қажет.Бағдаршам болса, жасыл жарықтың жануын күтеміз.

12-оқушы:

Көшеде ,жолда жүргенде жол белгілеріне қарап жүреміз.

13-оқушы:

Жол белгілері 4 топтан тұрады.Осы топтар туралы білетінімізді еске түсірейік.

14-оқушы:

Қып – қызыл үшбұрыш,

Ескерту белгісі мен болам,

«Қауіптен сақ бол» деп сәт – сапар жолдаған.

15-оқушы:

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін,қаталмын салмақты,

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар,бағдарла көз салып жан – жақты .

16-оқушы:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол, шартымды, міндетті орында.

17-оқушы:

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын.

Үн – түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

Мұғалім:

  • Ал, енді балалар жол полиция басқармасынынң инспекторы сендердің жол ережесі туралы білімдеріңнің қандай екенін білгісі келеді.

Жол  инспекторы:

  • Қала көшесімен жүргенде қандай жолмен жүреміз?( тротуар,жол жиегі)
  • Мектепке келерде қандай жолмен келесіңдер?(ең қауіпсіз жолды таңдаймын)
  • Жаяу адам өтетін жерде асфальтты жолда қандай белгі болады?(ақ жолақтар)
  • Қай жерде ойнауға болады?(аулада,спорт алаңдарында,парктерде ойнауға болады)
  • Автобус,троллейбус,газель тоқтайтын жер.(аялдама)

Инспектор:

  • Балалар,сендердің жауаптарыңа риза болдым.Енді ата – аналарыңызды да сынап көрейікші, жолда жүру ережесін білу әр адамның міндеті ғой.

 

Ата – аналарға сұрақ

Инспектор:

1 «Б» сыныбының оқушылары да , ата – аналары да көшеде жүру ережесін жақсы біледі екен.Сіздерге ризамын.

  • Ал, балалар,ата – аналар ,қонақтар!Көшеде жүру ережесін сақтау әрбір адамның міндеті екенін ұмытпай,көше ережесін сақтайық.Сау болыңыздар!
  • Ал балалар,бүгінгі тәрбие сағатын аяқтай келе сіздерді, ата – аналарыңды көшеде, жолда жүру ережелерді сақтауға шақырамын.Үлгілі,тәртіпті оқушы жолда жүру ережесін бұзбайды.Сондықтан үлгілі,тәртіпті болайық.

19-оқушы:

Көшеде тек жүрелік,

Өзінше бұл да ерлік.

Ата – ана қынжылмасын,

Түсіріп ұнжырғасын.

20-оқушы:

Тіршілікті бағалайық,

Тәртіпті құп алайық!

Өмірдің бар қызығын

Күлкімен аралайық.

21-оқушы:

Бүгінгі мерекеміз

Айналсын шежіреге

Әр сәби құлағың сал,

Жол бойы ережеге.

22-оқушы:

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман!