8 санын қосу және азайтуды қайталау

Сабақтың тақырыбы:  8 санын қосу және азайтуды қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың кестелік қосу және азайту туралы алған білімдерін пысықтау. Теңдеулерді шешуде қосу және азайту амалдарының компоненттері туралы алған білімдерін қайталай отырып, игерген білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.

 

  1. Екі амалмен және бірнеше тәсілмен шығарылатын есептерді

шығару барысында ойлау және есте сақтау дағдыларын дамыту.

 

  1. Үй құстары туралы игерген білімдерін еске түсіру, есептеулерде

пайдалану, және оларды күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

сұрақ-жауап, талдау, жинақтау

Көрнекілік: Интерактивті тақта, геометриялық фигуралар,

үй құстарының   суреттері.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

— Амандасу

-Кезекшінің хабарламасы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Берілген есепті бір оқушы оқиды, қалғандары тексеріп отырады. Егер қате шығарылған жағдай болса, есеп талданады.

ІІ. Интерактивті тақтамен жұмыс

а) Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады

          ә) Өткен тақырыпты қайталау  

— Геометриялық фигураларды атау

— 2 мен 8-ге дейінгі сандардың құрамын анықтау

     б) Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

— №1 тапсырма ауызша талданады, қосынды мен айырманың дұрыс жауаптары оқушының жауабынан кейін ашылып отырылыды.

— №2 тапсырма. Тақтаға 3 оқушы шығарады. Теңдеулердің шешуін таппас бұрын, қосу мен азайтудың компоненттері қайталанады.  Қай компонент белгісіз екенін анықтап алады. Дұрыс жауаптар оқушының орындауынан кейін ашылады. Әр оқушы өз жауаптарын тексереді.

  СЕРГІТУ СӘТІ

ІV.  №3 есептерді шығару және салыстыру үшін, оның шартын түсініп оқиды. Есептердегі белгілі,  белгісіз анықталады. Интерактивті тақтада есеп суретті есепке айналдырылып жазылған.

Мақсаттың 3 -ы ,  4  -гі  бар.  Оның  -ы  мен   -гі  қанша болса,  сонша   -ғы   бар.   Мақсаттың неше   -ғы бар. ?  

Бір оқушы есепті тақтаға жазады, қалғандары орындарында отырып орындайды.

ОЙЛАН, ТАП

  1. Сегіздегі Бекеттің Өзі де бірін жеп алды.

Сегіз еді жаңғағы,                        Кәне, кім тез айтады,

Біреуін мысық әкетті,                 Қанша сонда      қалғаны?

Біреуін күшік әкетті,                                                      ( 5 жаңғақ)

 


  1. Көлшікте тұр бір бақа,

Құрғақтағы Құрбақа,

Сұрша құмда Сұр бақа,

Аузын ашты бір бақа,

Арық емес Көкбақа,

Топ-толық бір Тоқ бақа,

Арбаңдаған аш бақа,

Тарбаңдаған Тасбақа.

Бақылдайды бақ-бақ деп,                    

Бақа санын тап-тап-деп                

                  (8 бақа )

 


№4 тапсырма  Өзіндік жұмысы ретінде орындату. Жауабын қатар отырған екі оқушы соңынан тақтамен салыстырады да, өз-өздерін бағалайды.

ІІІ. Таратпа қағаздармен жұмыс

Кестелік қосу мен азайтуға әр оқушыға жеке-жеке карточка беріледі. Ауызша жедел түрде тексеріледі.

ІV. Шығармалық тапсырма

Берілген 8 шаршыдан  2 таяқшаны алып тастау арқылы 7 шаршы шығарып алу.

( үстіңгі оң жақтағы немесе астыңғы сол жақтағы 2 таяқшаны алып тастаймыз)

  1. Үйге тапсырма: № 5, №6.   99 бет. ( Есептердің шарты түсіндіріледі )

VІ. Бағалау

Сабаққа ерекше қатысып отырған оқушылар мадақтала отырып, бағаланады.
VІІ. . Қорытынды

Не үйрендік?   Не білдік?    Бүгінгі сабақта не ұнады?