Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат

Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат

Түсінік хат.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңының 5-тара

уындағы 41-баптың 1-бөліміндегі «педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті» деп керсетілуі, «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында елбасының «біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілестерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек» деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында «Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін  дамыту» өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты  жүзеге асыруда  мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында, мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Оқушының білім сапасын көтеру — негізгі мақсат. Біздің оқушыға қойған талабымыз:

  • қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
  • ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
  • алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
  • өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалай білуді меңгеру;
  • басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
  • қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу;

Ел президент  «Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» деген сөз бар. Демек, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу — мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

«Баланың шағармашылық қабілетін ашу, оны ары қарай дамыту үшін ең басты жағдайлар жасалуы керек».

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Көбінесе «дарынды оқушы — бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Білгілі ағылшын психологі П.Торанстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады.

  • оқытуды мұғалім оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
  • Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдында барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
  • Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
  • Ерікті таңдау   (мұғалімнің  оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
  • Оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы;
  • Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
  • Ата -аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

  1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
  2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
  3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
  4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
  5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету. Қорыта келгенде, О.Балзактың «ұдайы еңбек ету — өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

Әрине атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығару мүмкін емес.

 

 

 

Факультативтің мақсаты:

—- Оқушылардың білімін  жетілдіру, сабаққа , пәнге деген қызығушылығын арттыру.

—- Оқушылардың  есепке, жазу мен жүргізіп оқуға қызығушылығын арттыру.

—- Қазақстан халқының  ұлы жазушылары мен ойшылдарымен таныстыру, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру.

—— Ойлау шеберлігін арттыру.

—— Сөз саптау мен буын санын анықтау, қай буында  қанша әріп бар екенін өз бетінше анықтауға баулу.

 

Факультативтің міндеттері:

—- Оқушылардың қабілеттілігін арттыру.

—- Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, білімді өз бетінше меңгеру және қолдануға тәрбиелеу.

—- Экологияны қорғау мен табиғатты сүюге баулу.

—-  Шапшаң есептеуге, ауызша есептеуге, өмірде сол қағиданы қолдануға баулу.

—-  Логикалық тапсырмаларды орындауға бейімдеу.

—- Шығармашылыққа баулу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат».

Аптасына 1,5 сағат.  Барлығы 51 сағат

( Әліппе мен қазақ тілі ).

 

1 —  тақырып: Дыбыстарға шолу. ( 2 сағат).

— Дыбыстар туралы жалпы мәлімет беру.

— Дыбыс пен әріптің айырмашылығын меңгерту.

— Не үшін дауысты, немесе не үшін дауыссыз екенін дәлелдеуге баулу.

— Сөзде қанша  дыбыс барын, нешеуі дауысты ,нешеуі дауыссыз екенін анықтау.

 

2  —  тақырып. Дауысты  және  дауыссыз дыбыстар. (1 сағат).

— Дауысты дыбыс пен дауысты дыбысты ажырытуға баулу.

— Дауыссыз дыбысқа  дауысты дыбысты қосып оқу.

— Неше дауысты дыбыс болса , сонша буын болатынын меңгерту.

— Буын сан,ын анықтауды меңгерту.

 

3  —  тақырып. Дауысты дыбыстар мен әріптер. (4  сағат ).

— А,Ә,О,Ө,Е,(У),Ы,І,Э,Ю,Ұ,Ү,Ё,И,Я—дыбыстарымен таныстыру.

— Орыс тілінен енген әріптер мен дыбыстар жайында  білімдерін шыңдау.

—  Жуан және жіңішке дауыстылар туралы мәлімет беру.

—  Жұп дауысты дыбыстар жайында мәлімет беру.

 

4  —  тақырып. Дауыссыз дыбыстар мен әріптер. (4  сағат ).

— Б,В,Г,Ғ,Д,Ж,З,Й,К,Қ,Л,М,Н,Ң,П,Р,С,Т,(У), Ф,Х,Ш,Щ,Ч,Һ – дыбыстарымен таныстыру.

—  Дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

—  Жұп дауыссыздар жайында мәлімет беру.

—  Дауыссыз дыбыстардың кестесін меңгерту. ( қатаң, ұяң, үнді).

 

5  —  тақырып. Буын. (1  сағат).

—  Буын туралы мәлімет беру.

—  Бір буынды сөздерді меңгерту.

—  Й,Ң,У — әріптері  буынның қай бөлігінде қалатыны жайлы мәлімет беру.

—  Буынға бөліп, буын санын анықтауға баулу.

 

 

6  —   тақырып. Тасымал. (1  сағат).

—  Сөзді тасымалдауды меңгерту.

— Қандай сөздердің тасымалданбайтынын  меңгерту.

— Сөзді тасымалдауға баулу.

 

7 —  тақырып. Сөйлем және сөз. (2  сағат).

—  Сөйлем туралы жалпы мәлімет беру.

— Сөйлем қандай әріппен басталып жазылатынын меңгерту.

—  Сөйлем жазуға баулу, онда неше сөз барын анықтау.

—  Сөйлемнің неше сөзден тұратынын анықтауды меңгерту.

 

 

8   — тақырып.  Заттың атын білдіретін сөздер. (2  сағат).

— Заттың атын білдіретін сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінін меңгерту.

—  Кімдер? Нелер деген  сұрақтар қанша затқа қарап қойылатынын меңгерту.

—  Суреттен  кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді табу, сөйлем құрауға баулу.

—  Сөздерді оқып шығып, сұрақ қоюға баулу.

 

 

9  —  тақырып. Заттың қимылын білдіретін сөздер. (3  сағат).

—  Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін меңгерті.

— Сөйлемнің ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді табуға баулу.

—  Суреттен заттың қимылын білдіріп тұрған сөздерді тауып, сұрақ қоюға баулу.

 

 

10   —  тақырып. Заттың сынын білдіретін сөздер. (3 сағат).

—  Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін меңгерту.

— Суреттен заттың сынын, сапасын, түр-түсін білдіретін сөздерге сөйлем құрап, сұрақ қоюға баулу.

—  Суреттер бойынша сөйлем құрауға баулу.

 

 

11   —  тақырып. Заттың санын білдіретін сөздер.(2  сағат).

—  Заттың санын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін  меңгерту.

—  Суреттен заттың санын білдіретін сөздерді табу, сұрақ қоюға, сөйлем  құрауға баулу.

—  Сөйлемнен қанша? Наше? Нешінші ? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табуға меңгерту.

 

Математика.

12  — тақырып.  Реттік санау. (1  сағат).

— Балаларға 1- ден 10 – ға дейін тура және кері санатуды меңгерту.

—  Санның көршісін табуға баулу.

—   Бір сан аттап санауды меңгерту.

—  Бір таңбалы сандар туралы жалпы мәлімет беру.

 

13  —  тақырып. Санның құрамы. (6  сағат).

—  2 санының құрамы мен таныстыру.

—  3 санының құрамымен таныстыру.

—  4 санының құрамымен таныстыру.

—   5 санының құрамымен таныстыру.

—  6  санының құрамымен таныстыру.

—  7 санының  құрамымен таныстыру.

—  8 санының құрамымен таныстыру.

—  9 санының құрамымен таныстыру.

—  10 санының  құрамымен таныстыру.

 

 

14   —  тақырып. Геометриялық фигуралар. (2  сағат).

—   Геометриялық фигуралар жайлы жалпы мәлімет беру.

—   «Сызғыш бойымен саяхат»  ойыны арқылы фигураларды сызуға баулу.

 

15  —  тақырып. Қисынды ойлауды дамыту. ( 2  сағат).

—  Балалардың танымдылығын дамыту.

—  ой өрісін кеңейтуге арналған тапсырмалар арқылы балалардың білімділігін шыңдау.

— Тест тапсырмалары арқылы балалардың білімін зерттеу.

 

 

16  —  тақырып.  Әріпті өрнек. (4   сағат).

— Әріпті  өрнек жайында мәлімет беру.

— Әріпті  өрнекті  шығаруды меңгерту.

— Не үшін әріпті өрнек екенін меңгерту.

 

17  —  тақырып.  Теңдеу.  Мәселе есеп. (6 сағат).

— Теңдеуді шешуге баулу.

— Теңдеудің мәні жайында мәлімет беру.

—  Мәселе есептің  шартын құруға баулу.

 

18   —  тақырып. Ондықтар.  (2  сағат).

—  Ондықтарды меңгерту.

—  1 ондықта неше бірлік барын меңгерту.

— Ондықтармен санауды меңгерту.

— Ондықтарды қосу және азайтуды меңгерту.

 

19   — тақырып.Математикалық тапсырмалар. ( 3  сағат).

—  Есептерді шартын құрып шығаруға баулу.

— Кері есептерді шығаруға баулу.

—Мейлінше шартын қысқа етіп құруға баулу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат» факультатив сабағына арналған бағдарлама.

51  сағат.

Сабақтың тақырыбыСағат санымерзіміКөрнекіліктерСабақтың түрі
1Дыбыстарға шолу.2Алфавит
Дауысты дыбыстар1
Дауыссыз дыбыстар1
2Дауысты және дауыссыз дыбыстар2
Дауысты дыбыспен дауыссыз дыбысты ажырыту.1Дауысты дыбыстар кестесі
Дауыссыз дыбысқа дауысты дыбысты қосып оқу1Буын сөздер
3Дауысты дыбыстар мен әріптер4Дауысты дыбыстар кестесі
А,Ә,Е,Ё әріптері1
О;Ө,Ү,Ұ әріптері1
И,У, Ы,І әріптері1
Э,Ю,Я әріптері1
4Дауыссыз дыбыстар мен әріптер4Дауыссыз дыбыстар кестесі
Б,В,Г,Ғ ,Д,Ж әріптері1
З,Й,К,Қ,Л,М әріптері1
Н,Ң,П,Р,С,Т әріптері1
Ф,Х,Һ,Ч,Ц,Щ,Ш әріптері1
5Буын1
6Тасымал1
7Сөйлем және сөз2
Сөз1
Сөйлем1
8Заттың атын білдіретін сөздер2Суреттер
Кім? деген сұраққа жауап беретін сөздер1Тірек сызбалар
Не?  деген сұраққа жауап беретін сөздер1Тірек сызбалар
9Заттың қимылын білдіретін сөздер3
Не істеді?  деген сұраққа жауап беретін сөздер1Тірек сызбалар
Қайтті?  деген сұраққа жауап беретін сөздер1Тірек сызбалар
Заттың қимылын білдіретін сөздерді сөйлемнен табу1Сөйлемдер
10Заттың сынын білдіретін сөздер3
Қандай?  деген сұраққа жауап беретін сөздер1Тірек сызбалар
Қай ?  деген  сұраққа жауап беретін сөздер1Тірек сызбалар
Заттың сынын білдіретін сөздерге сұрақ қою1Сөйлемдер
11Заттың санын білдіретін сөздер2
Қанша?   деген  сұраққа жауап беретін сөздер1Тірек сызбалар
Неше?нешінші? деген сұраққа жауап беретін сөздер1Тірек сызбалар
12Реттік санау1Сандар реті
13Санның құрамы6
2, 3 санының құрамы1
4,5 санының құрамы1
6 санының құрамы1
7 санының құрамы1
8  санының құрамы1
9, 10  санының құрамы1
14Геометриялық фигуралар2Үшбұрыш,төртбұрыш,

шаршы

Үшбұрыш пен төртбұрыш1
Тік төртбұрыш пен  шаршы1
15Қисынды ойлауды дамыту2
Сыңарын тап1суреттер
Айырмашылығын тап1суреттер
16Әріпті өрнек4
а +  2,   2 —  а1
в + 3,  3 — в1
 а + 4,  4 — а1
в  + 5,  5 — в1
17Теңдеу.Мәселе есеп.6
Теңдеу туралы мәлімет беру1
Теңдеудің мәнін табу1
Мәселе есеп туралы жалпы мәлімет беру1
Шартын құруға үйрету1
Шартын құрып есеп шығару1
Шартын құрып есеп шығару1
18Ондықтар2Ондықтар қатары
Жайлы мәлімет беру1
Ондықтар бойынша санау, есеп шығару1Ондықтар қатары
19Математикалық тапсырмалар3
Шартын құрып есеп шығару1
Әріпті өрнекке есеп шығару1әріпті өрнек
Тестілеу

 

1тест

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Математика 1 сыныпқа  арналған. «Атамұра» 2008

Авторы: Т.Қ. Оспанов, Қ.Ә. Өтебаева, Ж.Т. Қайыңбаев, К.Ә. Ерешева, М.В. Маркина.

  1. Әліппе 1 сыныпқа арналған. «Атамұра» 2008

Авторы:Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, А. Құлажанова.

  1. Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде. «ШИКУЛА»
  2. Сиқырлы пішіндер мне сандар әлемінде. «ШИКУЛА и К»
  3. Бастауыш мектеп № 3. 2008 жыл