«Туған жер» өлеңі

Сабақтың мақсаты:   Оқушыларды ақын өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.  «Туған жер» өлеңінің тақырыбын, идеясын ашу.

Дамытушылығы:   Оқушылардың сөйлесу мәнерін жетілдіру, өз ойын еркін  айтуға дағдыландыру.

 Тәрбиелік:   Шығармашылық ізденісіне бағыттау, елін, жерін сүйетін  ұл- қыздарды тәрбиелеу.

Түрі: ашық сабақ

Әдісі:  сұрақ-жауап, ізденіс, топтық жұмыс, ой-толғау.

Сабақтың көрнекілігі:   портреті, табиғат көрінісі, сурет.

 Пәнаралық байланыс:   дүниетану.

Сабақтың барысы:    І.Ұйымдастыру.

ІІ.Жаңа сабақ.

І. Үй тапсырмасын сұрау

Шешендік сөздер біздің заманымызға қалай жеткен?

 

БАҚАН
АМАН
ЖАЗЫҚ
МАНАШ
ТҰЯҚ
ТАЙМАС
ХАЛҚЫМ
МӨҢКЕ

 

БИМЕНБЕТ
БИ
ШЫҒАЙБАЙ
НЕМЕРЕСІ
ШОЛАН
ШЕКШЕК
ЕНЕ
ҰЛДАР
КЕНЕН
БӨРІК
БІРЖАН

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы , балалар сендер,  «Арналы бұлақ- асыл сөз» тарауынан өткенді кайталап шықтыңдар. Бүгінгі өтетін  тарауымыз «Туған жерім – тұғырым, Өскен өлкем – өзегім» деп аталады. Мұнда аты айтып тұрғандай туған жер туралы  молынан мәлімет аламыз.

 

О,қасиетті туған жер… сенің қойнауыңда, баурайыңда  кімнің ізі, кімнің сөзі қалмады десеңші. Каспий теңізінен, шығыста Алтай тауларына дейін, солтүстікте Батыс сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шань сілімдеріне дейін созылып жатқан ұлан байтақ елімізді қоғап қалу жолында  қаншама қиындықтар болды десеңші. «Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен саз кешкен» заман болды. Бейбіт жатқан  халықтың малын, байтақ жерін иелену мақсатында  Жоңғар  шапқыншылары бірнеше рет  халықтың мазасын алады. Міне, осы заманда Қазыбек би Жоңғар еліне үш рет елшілікке барған  сапарында  мынадай өлең жолдарын айтады. Қаз дауысты Қазыбек би:

Қазыбек бидің суреті мен сөзі

(Қазыбек бидің сөзін  тыңдау)

Біз қазақ  мал баққан елміз,

Бірақ, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөзді асырмаған елміз

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм-тұзын ақтай білген елміз

Бай болсаң,халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін,

Бай болып  елге пайдаң тимесе,

Батыр болып  жауға найзаң тимесе,

Елден бөтен  үйің күйсін!

Қалың елді Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар бастап, азулы жоңғар-қалмақты аңыратып жеңді.

 

1723-1725 жыл

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»    

 

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ел жұртынан айрылған жаман екен,

Екі көзге мөлтілдеп жас келеді…

 

1737-1847 жыл —  Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісі

 

1836-1838 жыл —  Iшкi Бөкейхан ордасындағы көтерiлiсі

 

1916 жыл – Амангелді басқарған  Азаттық көтерілісі

 

1918-1920 жыл — Азамат соғысы

 

1931- 1932 жыл – Жаппай ашаршылық

 

«Асыра сілтеу болмасын – аша тұяқ қалмасын!»

Ф.И. Голощекин

1937-1938 жыл —  Сталиндік  репрессия

 

1941-1945 жыл – Ұлы Отан соғысы

 

            1949 жыл —  Осыншама  азаптың  iшiндегi ең сұмдығы Семей полигоны

              Семей полигоны — КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды.  Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

                1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада — Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады.

 

1986 жыл 16- желтоқсан

Бұл оқиғаның бастауы  Дінмұхамед  Қонаевтың зейнеткерлікке  шығуынан бастау алады.

Дінмұхамед  Қонаев 1964-86 жылдары Қазақстан Коммунистік Партиясы  Орталық  Комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарып, ірі ұйымдастырушы және көрнекті мемлекет басшысы ретінде танылды. Өкіметке миллиард пұт астық құйғаны үші, үш рет  «Еңбек Қызыл ту» орденімен  марапатталған.

1986 жылы 16- желтоқсан Қазақстан Компартиясы Орталық  Комитетінің VII пленумында (18 минуттық) ұйымдастыру мәселесі қаралды. Кеңес Одағының Коминистік Партиясы  орталық Комитетінің хатшысы Георгий Пертович Разумовскийдің ұсынысымен  Дінмұхамед  Ахметұлы Қонаев өз қызметінен алынды. Қазақстан өкіметінің басшылығына  Геннади Васиьевич  Колбин тағайындалды.

Бұл жастардың  намысына тиді. «Бізде ұл тудық деп қалжа жегенбіз» деген сөздер айтыла бастады.

 

(Желтоқсан желі  клип тамашалау)

            Қазақ халқы ежелден –ақ  еркіндікті аңсап, еркіндік пен азаттыққа  өлең шумақтарын арнаған.

 

16-ғасырда өмір сүрген Асан қайғы:

Ата-жұрты бұқара

Өз қолында болмаса,

Қанша жақсы болса да,

Қайратты туған ер  ғаріп – деп жырласа,

 

1804-1846 жылдарда өмір сүрген Махамбет батыр, әрі ақын

Еділ үшін егестік,

Тептер үшін тебістік

Жайық үшін жандастық – деп жырлаған

 

1893-1920 жылдарда өмір сүрген  қазақтың ақыны  Сұлтанмахмұт Торайғыров

Алаш туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз ,

 

Жалған жаланың құрбаны болған  1893 – 1938 жылдар арасында өмір сүрген қазақтың біртуар ақын  ұлы   Мағжан Жұмабаев

Жұрттың қамын көп ойла,

Уайым-қайғы жеп ойла!

Артта қалған сорлы жұрт

Алға бассын деп ойла! – деп жырлап кеткен болатын

           

Тәуелсіздігімізді алып, өз туымызды тіктеп,  болған соң да  «Туған жер» , «Отан», «Атамекен» туралы жырлаған ақындарымыз  аз болмады. Солардың бірі

Оразықын Асқар.

Біздің  бүгінгі өтетін тақырыбымыз осы кісінің қаламынан туындаған  «Туған жер» өлеңі.

Алдымен ақын жайында тоқтала кетейін.

1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан олкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей-Қаратас деген жерде туған.

«Әріптер әлеміне саяхат»,  «Суретті әліппе», «Тәуелсіздік тартулары», «Мейірім» Өлеңдер. « Балқарағай». «Өлеңдер мен поэмалар»жинағы жарық көрген.

Алдыменен туған жер  деген ұғымға тоқталсақ.

кең байтақ                                        туып-өскен                               қасиетті

Отанымыз                                        жеріміз                                  атамекеніміз

 

ТУҒАН  ЖЕР

 

 

қазақ даласы                          егеменді еліміз                          ата-бабам туып

өскен жер

 

 

Оқулықпен жұмыс:

Туған жер             

Сүйем сені, туған жер,

Әжем жөргек  жуған жер.

Шапқан жауды елімнен

Батыр бабам қуған жер.

 

Сүйем сені, туған жер,

Байлық, бақыт тұнған жер.

Миллард пұт астықты

Қамбаға жылда  құйған жер.

 

Сүйем  сені, туған жер,

Өнер, білім қуған жер.

Ұшу үшін ғарышқа

Тоқтар белін буған жер.

О.Асқар.

  1. Өлеңнің әрбір шумағын жоспарлау.

Туған жердің өткен тарихы:

Туған жердің байлығы:

Туған жердің егемендігі:

 

  1. Туған жердің өткен тарихы туралы шумағын оқы
  2. Ақын мадақтаған батырларды атаңдар.
  3. Т. Әубакіров кім?

Дәптермен жұмыс:

Алтыншы  желтоқсан.

О.Асқар   «Туған жер»

Түртіп алу стратегиясы:  Бел буу – тәуекел ету.

  1. Ақын өлеңіне ұқсас төмендегі шумақтар арқылы  өлең құрастырып көр.

«……………………………………………жер,

……………………………………………..жер.

………………………………………………

………………………………………………жер».

 

Сабақты қорытыу: 

«Оза оқыту» технологиясын  сабақта  пайдалану арқылы  балаларға  үйге  «Туған жер» тақырыбына  шығарма  жазуға,  суреттер салуға,  өлең жаттап келуге берген болатынмын .

Балалардың жұмыстарын қорытындылау.

Бағалау:

Үйге тапсырма беру.

  1. Өлеңді жаттап келу.
  2. «Туған жер » тақырыбына бір шумақ өлең  шығару.
  3. Суреттер салу.

 

 

 

  1. Балықшы мен бақалшы ертегісіндегі қарттың аты (Бақан
  2. Ақселеу Сейдімбектің «Бақ, Дәулет және Аман»  әңгімесінде қарт үйіне кімді кіргізді? (Аман)
  3. Фариза Оңғарсынова қазақтың кең пейілін қандай далаға неге теңеді? (жазық)
  4. Фариза Оңғарсынованың туып –өскен ауылы (Манаш)
  5. Бала бидің сұрағына Сырым «Жол анасы- » не деген еді? (тұяқ)
  6. Абылай ханнан қамқан тонын бас қылып, толық  тоғыз сый  алған  кім еді? (Таймас)
  7. Бала бидің сұрағына Сырымның жауабынан: Даттан он екі екенім рас, бірақ та олар маған қанша керегі бар? Менің ағайынды екеумін дегенім – біреуі өзім, екіншісі – не деген еді? (халқым)
  8. Төрт тентек әңгімесіндегі сөз болған жас бидің аты кім? (Мөңке)

 

 

  1. Балабидің атасы азан шақырып қойған аты кім? (Бименбет)
  2. Ф.Оңғарсынованың өлеңінде жас келін үйде кім болмайды? (би)
  3. Алдар Көсеге алданған байдың аты? (Шығайбай)
  4. «Бақ, Дәулер, Аман» әңгімесіндегі қарттың кішкентай, сүйкімді, тілалғыш кімі болған? (немересі)
  5. Балық бақалшыға қазына толы қапты қайда барып ашасың деді? (шолан)
  6. Ешкі малының пірі (шекшек)
  7. Ана сөзі қырғызшада қалай болады? (ене)
  8. Кенен Әзірбаевтың анасының аты (Ұлдар)
  9. Тоқсан жастағы тарлан деп кім туралы айтылған? (Кенен)
  10. «Төрт тентек» әңгімесіндегі үшінші тентекті ата (бөрік)
  11. Кенен Әзірбаевпен кездесуге келген балның аты кім? (Біржан)