Координата

Сабақтың мақсаты:

 

А) білімділік: координаталары бойынша нүктені тік бұрышты координаталық жүйеге салуды, берілген нүктелердің координаталарын таба білуге үйрету;

Ә) тәрбиелік:  Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Б) дамытушылық: Оқушылардың ойын дамыту, тапқырлыққа, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, тілі бай, мәдени өрісі кең, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру.

Сабақтың типі:  Жаңа білім меңгерту

Түрі: сайыс сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, топтық және жеке жұмыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сөзжұмбақ жазылған плакат

Пәнаралық байланысы: Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, сурет, тарих

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Оқушылардың қатысымын тексеру, үш топқа (Координата,Декарт, Абсцисса) бөліп, әр топтың басшысына бағалау парағын үлестіру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Ауызша (екі бекітілген оқушы тексереді)

ІІІ «Білгенге маржан» қайталау сұрақтары:

1) Қиылысатын түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?

2) Қандай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады?

3) Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?

4) Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі?

5) Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

6) Екі түзу неше нүктеде қиылысады?

7) Түзу қалай белгіленеді?

8)Вертикаль бұрыштардың қасиеті.

9)Перпендикуляр сөзі қай елде шыққан?

10)Оның мағынасы қандай?

11)Параллель сөзі қай елден шыққан?

12)Оның мағынасы қандай?

Ауызша есептер

-5+7            5-(-5)          -2∙25      25-(+6)    -19-11    23-29     10:( -2)

ІV Жаңа сабақты түсіндіру Тарихи мағлұматтар. Координаталық жазықтықтың қолданылуы. Күнделікті өмірден мысал келтіру.(шахмат, кинотеатрдағы орын, теңіз қарақшысы ойыны, ұшақтар мен кемелердің орналасуы және т.б.)

Нүктенің координатасын табу. Координатасы бойынша нүктені салу.

Координаталық жазықтықта салынған суреттер.

 

тышқан

1)  (3; — 4), (3; — 1), (2; 3), (2; 5),
(3; 6), (3; 8), (2; 9), (1; 9),
(- 1; 7), (- 1; 6),(- 4; 4), (- 2; 3), (- 1; 3), (- 1; 1), (- 2; 1), (-2; — 1), (- 1; 0), (- 1; — 4), (- 2; — 4),
(- 2; — 6), (- 3; — 6), (- 3; — 7),
(- 1; — 7), (- 1; — 5), (1; — 5),
(1; — 6), (3; — 6), (3; — 7),
(4; — 7), (4; — 5), (2; — 5), (3; — 4).

2) құйрығы: (3; — 3), (5; — 3),

(5; 3).

3) көзі: (- 1; 5).

түлкі

1)  (- 3; 0), (- 2; 1), (3; 1), (3; 2),
(5; 5), (5; 3), (6; 2), (7; 2),
(7; 1,5), (5; 0), (4; 0),(4; — 1,5), (3; — 1), (3; — 1,5),(4; — 2,5),
(4,5; — 2,5), (- 4,5; — 3), (3,5; — 3), (2; — 1,5),(2; — 1), (- 2; — 2),
(- 2; — 2,5), (- 1; — 2,5), (- 1; — 3), (- 3; — 3), (- 3; — 2), (- 2; — 1),
(- 3; — 1), (- 4; — 2), (- 7; — 2),
(- 8; — 1), (- 7; 0), (- 3; 0).

2)  көзі: (5; 2).

V « Бірлесіп көтерген жүк жеңіл»  Берілген координаталар бойынша үш топ бірігіп сурет салу. Бәйтеректің суреті шығады. «Астана-Бәйтерек » туралы қысқаша мағлұмат беріледі.

 Осынау таңғажайып алып  құрылыстың  биіктігі  тура  97  метр. Негізгі есікке бастайтын  әшекейлі  темірбетон  саты  жер бетінен 4,8  метр жоғары орналасқан. Салмағы  85  тонна  жапқы  материал  Бәйтеректің   «оқпанын» ылғалдан қорғайды.                                                 

           Мұнараның табанының ішінде кең холл бар, онда екі  жүрдек   лифт   және  инженерлік   үй – жайлардың  бүкілі   «Астана- Бәйтерек»   алып   кешенінің   үздіксіз  жұмыс  істеп  тұруын  қамтамасыз етеді.

              Алтын   шардың  өзі   76,9  метр   биіктікте   орналасқан.

              Арнайы   шыны   пакеттермен   әйнектелген  күмбездің   салмағы 70 тонна тартады, ал алтын  шардың  үстіңгі  ауданы  1553 шаршы метр. Осынау  ғаламат  шардың  ішінде  панорамалық  зал бар, одан жаңа   астананың   ертегіге   айналған  «ескі»  және  «жаңа»  пейзажы кең   ашылады. Алтын   шар   мен   ғимараттың   негізгі   кіре  берісі бір- бірімен  «оқпан» деп  аталатын салмағы  695 тонна  металл  конструкциямен   жалғастырылған. Сөйтіп, металдан, әйнектен   және   темір-бетоннан  жымдаса өрілген  Бәйтерек  бой   көтеріп, Астананың  барлық   тұрғын-дарының көз қуанышына   айналды, өзінің  жарқыраған  сәулесімен  елорда   үстіне нұрын төгіп тұр.

VІ Шығармашылық бөлім. «Астана-Бәйтерек » туралы өлең оқу.

VІІ « Жеті жұрттың тілін біл »

Үш топқа нүктелердің координаталары беріледі.

( үй, дом, house, қарындаш,карандаш, pencil, сөмке немесе дорба, сумка, bag)

І топ   (3;2) (3;-2) (-4;-2) (-4;2) (-1;5) (3;2)

(1;1) (1;-1) (-2;-1) (-2;1)

ІІ топ  (-3;3) (-3;1) (-6;2) (-3;3) (5;3) (5;1)

(5;2) (-3;2)

ІІІ топ  (-1;2) (1;6) (2;6) (4;2) (4;-2)  (-1;-2) (-1;2) (1;0) (2;0) (4;2)

  

    Қандай сурет жасырылғанын табыңдар және оның орысша, ағылшынша аудармасын айтыңдар

VІІІ « Сергіту »

ІХ  Қорытындылау

  1. « Координата» сөзжұмбағын шешу.

1.Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу қандай түзулер деп аталады?

2.Оу осі қалай аталады?

  1. Координаталар басы қандай әріппен белгіленеді?
  2. Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу қандай түзулер деп аталады?
  3. Тік бұрышты координаталар жүйесін басқаша қалай атауға болады?
  4. Координаталар осьтері жазықтықты төрт бөлікке бөлгендегі бір бөлігі қалай аталады?
  5. х осіндегі кез келген нүктенің ординатасы неге тең?
  6. Ох осі қалай аталады?
  7. «Координаталар» сөзінің қазақша баламасы?
  8. Өзара тең бұрыштар?
  9. Координаталық жүйеге нүктелер салу.
  10. Үш топ басшысына жеке тапсырма беру. ( 3,4,5 сандары шығады)
  11. Қайталау сұрақтары

Х Бағалау

ХІ Үйге тапсырма №1128, №1126 қосымша жеке есептер