О,о әрпімен,таңбасымен таныстыру,баспаша жазу түрін таныту

Бүгін балалар ерекше сабақ,олай болса келген қонақтармен амандасайық .Үлкенгеде сіз

Кішігіде сіз

Құрметпенен

Бас иеміз біз!

Сабақтың мақсаты:1.О,о әрпімен,таңбасымен таныстыру,баспаша жазу

түрін таныту.

2.Оқушылардың сөздік қорларын молайту,ойлау,

сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3.Отанға,еңбекке сүйіспеншілігін,ұқыптылығын

тәрбиелеу.

I.Үй жұмысы: «Орамал тастамақ»А,У,Л,Р,Н,Т,Ш,Ғ,Й-әріптеріне сөздер

айту жане де  тақпақтар айту

II.Жаңа сабақ:Біз өтетін әріпті,қазір біз құпия жұмбақта табамыз.

Қара  сиыр қарап тұр

Қызыл сиырым жалап тұр. ( от)

Қані балалар О-әрпін хормен айтайық

О-созылып айтылып тұр,ауаға кедергі ұшырамай тұр.Ендеше бұл дауысты дыбыс-яғни қызыл текшемен бояймыз.

«Кім тапқыр» ойынын ойнап жіберейік.Кім көп «О»-әрпінен басталатын

сөздер айтады екен?

 

Көрнекіліктермен жұмыс істейміз: ожау,орамал,ойыншық,орындық-

сияқты суреттермен жұмыс.

«О» әрпі сөздің басында ғана емес ,ортасында да кездеседі.

Мына сөздерге көңіл бөліңдер:тор-ғай,бо-ран,тоқ-та,қо-ра.  Дос,доп,зор,тон,бор,мол,сол,қой-бұл сөздер буынға бөлінбейді,өйткені бір-ақ дауысты дыбыс бар.

III. «О»-әрпінің әріптік таңбасын жазып үйренейік.О-әрпі неге ұқсайды.Жұмыртқа,дөңгелек,тоқашқа ұқсайды.Ол әріп бір элементтен тұрады.О-әрпін бірінші ауада жазып көрейік.

Енді орнымызға жайғасып,қолға қалам алайық,әдемілеп жазайық.

О-бас әрпін жолдың бойынан асырып жазамыз,ал кіші әрпін жол бойымен толтырып жазамыз.

IV.Сергіту сәті:1,2,3-бойға жинап күш

Қолымызды созайық

Бір отырып,бір тұрып

Орнымызды табайық.

V.О-дыбысына мына өлеңді жаттап алайық.

Отан жерім

Отан суым

Отан қуат нәр береді.

Отан ұран

Отан туым

Отан мәңгі гүлденеді.

VI.Бояуға арналған тапсырмалар балаларға таратылады.Суретте бұл кім?

Ол сөз қандай әріптен басталып тұр?Сөзді буынға бөлейік.

VII.Мадақтау.

VIII.Үйге: «О»-әрпінен басталатын тағыда сөздер ойластырып келу.