Сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына
қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым
қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
Дамытушылық: оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс
ырғағын салыстыру арқылы
оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру;
тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды орындату арқылы оқушылардың
байланыстырып сөйлеуін дамыту;
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, бірлесіп топпен жұмыс істеуге баулу; алған
білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, индукция, дедукция, талдау,
жинақтау, өз бетінше жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер (жеке, сюжетті), тірек-сызба.
Сабақтың барысы:
- Бағдарлау-мотивациялық кезең.
Оқушы қызығушылығын ояту.
— Ерте-ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Бұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар.
— Сонымен, бүгін біз, сол Әлемдегі ең үлкен ел — «Синтаксис еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін. Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар пойызға отырамыз. Әр вагонға бір жұмбақтан жасырынған. Мысалы, 1-вагонда: «Жылт-жылт еткен, жырадан өткен»; 2-вагонда: «Тәтті, тәөттінің іші қатты, қаттының іші тәтті»; 3-вагонда: «Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар»; 4-вагонда: «Қанаты жоқ — ұшады, аяғы жоқ — қашады»; 5-вагонда: «Ти десем, тимейді, тиме десем, тиеді»; 6-вагонда: «Отқа жанбас, суға батпас».
1-тапсырма: Әр жұмбақтың шешуін тауып, әрқайсысының шешуіндегі бірінші әріптерінен сөз құрастыр. — Қандай сөз шықты? (СӨЙЛЕМ ). Бұл сөз туралы не білетінінді есіңе түсір.
2-тапсырма: Паровоз тоқтап қалды. Көмекке келейік. Ол үшін сөйлемнің неден тұратынын табайық. — Сөйлем сөздерден тұрады. — Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады? — Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
3-тапсырма: — Балалар, пойыздың ең соңғы вагонына сөйлемнің ТЫНЫС БЕЛГІСІ деген ақылгөй шешесі орналасыпты. Қасындағы үш қызының біреуі тиянақты сөйлесе, екіншісі тек сұрайды, ал үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан, ол қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішінде жұмсай алыпты.
— Қалай ойлайсыңдар, бұлар қандай сөйлемдер? Мұндай сөйлемдерден кейін қандай тыныс белгілері койылады? Қане, ойланып көрейік.
— Нүкте. Сұрау белгісі. Леп белгісі.
Сөйлем туралы ой жинақталып, сызбаға түсіріледі:
- Операциялық-орындаушылық кезеңде оқулықтағы жаттығулар мен оқулықтан тыс тапсырмалар орындатылады. 219-жаттығудағы сөздер салыстырылып оқытылады:
Шекара, шекарашы, Шекарашылар күзетте тұрады.
Ел, қорғайды, күзет, Олар еліміздің шекарасын
олар, тұрады. қорғайды.
Екі бағандағы сөздердің қайсысы сөйлем екені талдау арқылы таптырылып, сөйлем болу үшін белгілі бір аяқталған ойдың хабарлануы тиіс екенін саналы түрде меңгере бастайды.
220, 221-жаттығуларды орындау барысында сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жазу, берілген сөздерден сөйлем құрап жазу іске асырылады. 222-жаттығу сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқуға үйретуді және бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әр түрлі екенін дәлелдеуді көздейді. Бұл үшін мұғалім сөйлемдерді алдымен өзі оқып береді, содан соң оқушыларға оқытып, әр сөйлемді оқыған кездегі дауыс салыстырады. «Мына сурет қандай әдемі салынған! Бұны қазақтың атақты суретшісі Ә. Қастеев салған. Қастеев атанды білесің бе?»
— Сонымен, бұл сөйлемдердің бір-бірінен өзгешелігін не арқылы байқадық?
— Сөйлемдерді дауыс кідірісін сақтап оқу арқылы олардың бір-біріне ұқсамайтынын байқадық.
Оқушыларға ой тұжырымдамасын жасатып, қорытынды шығарту: «Бұл сөйлемдер айтылу мақсатына және сазына қарай біреуі жай ғана хабарлап тұрса, екіншісі сұраулық мағынаны білдіріп тұр, ал үшіншісі таңдану, сүйсінуді білдіреді».
Осы тұста жоғарыдағы сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай сызбаға түсіріп, олардың әрқайсысы сөйлемнің қай түріне жататындығын тап және ойыңды дәлелде деген тапсырма беруге болады.
Білімді тиянақтауға оқулықтан тыс грамматикалық тапсырмаларды орындатуға да болады. Мысалы:
А) «Орныңды тап» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: Үстел үстінде бөліктерге бөлінген бірнеше сөз жазылған қима қағаздар жатады. Сол сөздерден сөйлем құрастыру қажет. Құраған сөйлемдерін тақтаға жазады. Сөйлем қандай әріптен бастап жазылғанына, не үшін тыныс белгісі қойылғанына назар аудартылып, жауап алынады. Берілген сөздер:
Мейіржан жылы Маржан оқиды Алақай жатыр киінді нешінші сыныпта келе апам.
Сөйлемдер: Мейіржан жылы киінді. Маржан нешінші сыныпта оқиды?Алақай, апам келе жатыр!
Ә) «Адасқан сөйлемдер» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай өз үйшігіне орналастыру керек.
Бәйтеректің басына сен шықтың ба
Астана – Отанымның жүрегі
Ыстық қой, шіркін, туған жер
Б) Ой сергіту жаттығуы. «Сөзден сөз шығарып, ол сөздерден сөйлем құра»
Ақыл сөзінен бірнеше сөз шығару керек: ақ, ақы, қал, лақ.
Тапсырма. 1) Бұл сөздердің мағынасын түсіндір. 2) Осы сөздермен хабарлау, сұрау, қуану немесе ренжу не таңдану мақсатын кездейтін сөйлемдер құра.
В) Танымдық тапсырма. Көрсетілген тыныс белгілеріне сөйлем құрап жаз.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма.
223-жаттығу. Жаттығуда берілген ребустың шешуіндегі «суретшілер» сөзімен әңгіме құрастыру.
Бұдан кейін суретте берілген тыныс белгілерінің ішіне сөз ойлап жаздыру және сол жазған сөздерімен сөйлем құрастыру тапсырмасын беруге болады: