Қосудың қасиеттері
Сабақтың тақырыбы : Қосудың қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосудың қасиеттері туралы мәлімет беру;Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ізденіске дағдыландыру.
Оқушыға жан-жақты, сапалы, терең білім беру,логикалық ойлау қабілетін жан-жақты дамыту;Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі : Түсіндіру , іздендіру , сұрақ- жауап .
Сабақтың түрі :Жаңа білімді меңгеру , саяхат сабағы
Көрнекілік :Интерактив тақта, қима қағаздар ,геометриялық фигуралар, шарлар, бағалау парағы, бағдаршам .
Сабақтың барысы .
- Ұйымдастыру .
- Психологиялық дайындық:
Математикалық әнді хормен айтқызып өту
Саған есеп үйреткен,
Пәнге қара құрметпен.
Санды тура табатын,
Математика болатын.
Математиканы оқимыз,
Миға бәрін тоқимыз.
4- пен 5 –ті аламыз,
Мәз боп үйге қайтамыз.
III.Өткен сабақты қайталау . Оқушылар ақыл тақтадағы (интерактивті тақта) «Мерген атқыштар» атты ойынмен өткен тақырыпты пысықтайды
5+4 2
8-3 7
9-3 9
8-6 5
10-3 6
6+2 8
Жаңа сабаққа дайындық. -Оқушыларды бағалау житондарымен таныстырып өту
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық
-Сабаққа сандар ханшайымы қонаққа келеді. Сандар ханшайымы өзімен бірге көптеген тапсырмалар әкеледі. Сол тапсырмаларды оқушылар орындаса ханшайымның сыйлықтары бар көрінеді.
IV.Жаңа сабақ . Жаңа сабақты көрнекілікті пайдалану арқылы түсіндіру
- Азамат 5 жасыл жалауша, ал Болат 3 қызыл және 2 көк жалауша жасады. Азамат пен Болат барлығы неше жалауша жасады?
Суретті пайдаланып , есептерді әр түрлі тәсілдермен шығарту
5+(3+2)=10
(5+3)+2=10
(5+2)+3=10
Оқушыларға теңдіктерді салыстыртып, не байқағандарын сұрап өту.
А) 6+4 және 4+6 70+30 және 30+70
(3+2)+4 |
-Қосындыларды бір-бірімен салыстыртып өту. Мұнда қосылғыштардың орындары ауысқан, бірақ қосындының мәні өзгермеегенін түсіндіру. Яғни бұл қосудың ауыстырымдылық қасиеті екенін ұғындыру.
Б) 6+(1+3) (6+3)+1 (6+1)+3 1+(6+3)
-Бұл қосылғыштарды да оқушыларға салыстыртып, не байқағандарын сұрап өту
-Мұнда көршілес қосылғыштар жақшаға алынып, қосынды түрінде жазылған, бірақ қосындының мәні өзгермегендігін көрсетіп, бұл қосудың терімділік қасиеті екенін айтып өту.
- Оқулықпен жұмыс : а)Оқулықтағы №3- есепті оқушылар ақыл (итерактив) тақтада орындайды .
— Әсем 6 және 4 қиып алды да, олардың 3-еуін бояды. Ол тағы неше фигура бояуы керек?
Есепті әр түрлі тәсілмен шығар және шешуін түсіндір.
(6+4)-3 (6-3)+4 (4-3)+6
-Түрлі тәсілмен шығарған оқушыларға смайликтер таратылады.
- Дәптермен жұмыс : а ) 11 санының құрамын дәптерге орындау ; б) «Ия не жоқ ?» ойыны , сандарды дұрыс орналастырып қою;
VII. Сергіту
Шаршадым УҺ дедім,
Ренжідім ТУҺ дедім,
Қорықтым ОЙ дедім,
Өкіндім АҺ дедім,
Шарасыз ЕҺ дедім,
Кейідім И дедім,
Біліп ал Е дедім,
Қуанып, ХА-ХА-ХА дедім.
VIII.Шығармашылық жұмыс
3 топқа үш түрлі тапсырмалар беріп орындатып өту
1топ
Квадраттың алты қабырғасындағы бос орындарға 2,3,4,7,8,сандарының қосындысы 18-ге тең болатындай етіп орналастыр |
Геометриялық фигуралар |
2 топ
шаршы үшбұрыш
Көпбұрыш Тіктөртбұрыш
Кесінді
3 топ
Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады? (5) |
Тақтада берілген бағдаршамның көздеріне оқушылар житондар арқылы сабақтан алған әсерлерін жеткізеді. (Рефлексиф)
|
- Сандар ханшайымы сабақты бекіту мақсатында «Шар жинау» атты ойын ұйымдастырады. Оқушыларға тақтада ілінген шардағы есептерді жылдам шығарта отырып, жинату.
Қорытынды : «Санамақ»
Бір-білім ал,
Екі-ерлік көрсет,
Үш- үлгі тұт,
Төрт-тәртіп керек.
Бес- бестік баға ал
Алты-алғыс ал,
Жеті-жеңіс біздікі,
Сегіз- сенім керек,
Тоғыз- тоқу керек,
Он- оқу керек.
Үй тапсырмасы: №6 есеп (сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, қызыл смайликтер тарату)
Құрметті редакция !
Біз Ы. Алтынсарин атындағы бастауыш сынып ұжымында бәріміз «Бастауыш сынып »журналына жылда жазыламыз.
Біздің әріптесіміз Торғынның сабақ үлгісін сол журналдан көріп ,оқысақ сіздерге айтар алғысымыз шексіз .
Әліпбекова Торғын – Ы . Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі . Төменде 2 сыныпта өткізген математика сабағының үлгі жоспарын ұсынып отырмыз. Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Г.Аубакирова
|
Ұжым мүшелері