Білімді ұрпақ – ертеңгі байлық
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі байлық»
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды өз ойларын жүйелеп,
шығармашылық қиялын тұжырымдауға
үйрету. Өз бетімен жұмыс жасау жолдарын
түсіндіру;
ә) жан – жақты ойлауын, ізденуін дамытып, есте
сақтау қабілетін қалыптастыру, ой — өрісін кеңейтіп,
тілдік, сөздік қорларын молайту;
б) болашаққа үлесін қоса білетін, білімді, ізденімпаз
ұрпақ етіп тәрбиелеу. Оқушыларды әдептілікке,
адамдармен қарым – қатынас жасау білуге баулу.
Сабақтың түрі: Дамытпалы ойын сабақ.
Әдісі: Сөздік, көрнекілік, сұрақ – жауап, ой қозғау
Көрнекілігі: Нақыл сөздер «Бүгінгі білім – ертеңгі байлық», бөлім аттары жазылған парақтар, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Топтарды таныстыру
І топ «Болашақ»
ІІ топ «Ұрпақ»
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп
Ойынға қатысып көріңдер
(әділ – қазылар мүшелерін сайлау)
(ойын ережесімен топтарды таныстыру)
- «Ұшқыр ой»
Жасырылған затты табу, әр оқушы өзі жұмбақтап жасырады, суреттейді. Келесі топ оқушысы табу керек. (суреттер тарату)
- «Олжалы уақыт»
Шашылған әріптерден сөз құрау. Әр топқа 1 сөзден жасырылады.
а)
Ш | А | Ғ |
М | Р | А |
Д | А | Б |
Сөзді сипаттап суреттеу. (Бұл бізге керек, әсіресе мектепке келерде және қайтарда қажет, оған үлкендерде қарайды)
(Бағдаршам)
ә)
І | К | Д |
Л | Ү | Е |
Н | К |
(Бұл әр оқушыда болады, оны ашсақ кейде күлесін, кейде ашуланып, ұяласың, сенің досың)
(Күнделік)
- «Есіңе сақта»
Тізбектеліп жазылған сөздерді оқу, тез есте сақтау, жазу.
а) бор, қалам, Астана, дос, тоқаш, мақал
б) Кітап, журнал, Ақтөбе, үй, кино, бауырсақ
- «Сөз ойла, көп ойла»
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға – сол алады.
І топқа «Қазақстан»
ІІ топқа «Желтоқсан»
Бірнеше сөз құрау
- «Жалғасын тап»
Мақалдың жалғасын табу
- Жеті рет өлшеп — (бір рет кес)
- Көз қорқақ, …… (қол батыр)
- Ананың ақ сүті — бал,
(баланың тілі — бал)
- Ұстазы жақсының (ұстамы жақсы)
Сабақ соңында жеңімпаз топты анықтап, әділ қазылар өз бағаларын береді. Жеңімпаз топ және қатысушы барлық оқушылар мараптталады.