З.Шүкіров Ақша қар
Сабақтың тақырыбы: З.Шүкіров Ақша қар
Сабақтың мақсаты: Өлеңнің негізгі идиясын ашу. Қыс мезгілінің ерекшелігімен танысу.
Міндеттері:1 Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіру,қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелеу.
- Оқушылардың көркем сөйлеуін,өз ойларын жетілдіру,сөздік қорларын кеңейту.
3.Табиғатты қорғауға,сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру,әңгіме
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру
-М.Жұмабаев кім ?
-«Балапан қанат қақты….» М.Жұмабаев
Әңгімені өз беттерінше аяқтау керек( 3-4 баланы оқыту,қалған шығармашылық тапсырмаларды жинап алу)
Психологиялық сәт:
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан
Жұмбақ:
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.( Қар)
Жаңа сабақ: Бүгінгі өтетін сабағымыз үй тапсырмасымен жаңа сабақты байланыстыру.
а) Бұл қар-
Сұр қар.
Сұр қар-
Кір қар.
Үстінде ойнама
Үстіңді былғар
ә) Қырбық қар құрғақ па,
Құрқақ қар құрғақ па?
Қырбық қар да құрғақ,
Құрғақ қар да құрғақ
— Балалар, жаңылтпаштардан қардың қандай түрлері бар екенін білдік.( Сұр, кір, қырбық)
Енді жауаптарымызды тақтаға жазып көрейік.
— Балалар,бүгінгі сабақта біз қар туралы, оның түрлері туралы айтып жатырмыз.Ендеше жаңа сабағымызды қарға байланысты екен
-Өлеңді оқымас бұрын, оның авторымен танысып алайық
Шүкіров Зейнолла (1927-1979)
Қызылорда обылысының Арал ауданындағы Бөген кеңесінде туған.Бастауыш білім алғаннан кейін қатты науқастанған.Бірақ төсек тартып жатқанмен,мүгедек халіне ерлікпен төзімділікпен төтеп беріп,қайсар жас өздігінен білім алған.Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнаған. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынды.
Өлеңді мұғалімнің оқуы
Өлеңді оқушылардың іштей оқуы.Таныс емес сөздерді түртіп алу.Түсінік беру.
Өлеңді дауыстап,мәнерлеп оқу(3-4 бала)
Сұрақтарға жауап беру
-Ақын ақша қарды неге теңейді?
Тақтамен жұмыс. Топтастыру.
Сергіту сәті: Қыс айлары көңілді,
Ақ қар жапқан өңірді
Үйренеміз жалықпай,
Коньки,шаңғы тебеміз
Ой қозғау.
Сурет бойынша әңгіме құрау, жазу( сұрақ – жауап)
Орындаған тапсырманы оқу, қорғау.
Сабақты қорыту: Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді?
Үй тапсырмасы: — «Ақша қар» өлеңді жаттау
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.