3 з дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: 3 з дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімдігі: Оқушыларды 3 дыбысы мен әрпін таныстыру. 3 әрпі бар сөздерді оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру.
Дамытушылығы:Байланыстыра сойлеу мәнерін, сөздік қорын молайту. есте сақтау қөбілетін, танымдық дағдыларын дамыту. Апта туралы білімдерін жетілдіре отырып, бір аптадағы жеті күн туралы түсіндіру. Апта күндерінің аттарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Дұрыс оқи алуға, әдемі жазуға машықтандыру.
Тәрбиелігі: Мейірімділікке, жақсылыққа, белсенділікке тәрбилеу.
Қ/к: «Әліппе оқулығы, оқу құралдары мен жабдықтары, кеспе әліппе, тақырыптық суреттер, дидактикалық материалдар, жаңа әріптін, баспа және жазба үлгісі, сөйлейтін әліппе.»
Түрі: Саяхат сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру
- 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.
— Бүгін бізде қонақтар келіп отыр. Сондақтан өз білімдеремізді көрсетеміз.
— Қазір қандай сабақ болғалы тұр? (Оқушы жауабы)
— Әліппе сабағында біз не істейміз? (Оқушы жауабы)
— Қарандаршы біздің сабаққа Жабақ деген бала келіпті, сендерден көмек сұрайды. Маған айтқан әңгімесін сендерге айытып берейін. Жабақ жетіге келгенше Сәрсенбі атасының арқасынан түспей, атасы қайда барсада бірге барыпты, ауыл шалдарының арасында өсті. Сол Жабақ биыл мектепке барған.
Бір күні сабаққа кеткен Жабақ үйіне жүгіріп келеді.
— Ата! Біздің мұғалім сабаққа жеті жал шақыртатын болды. Ішінде сізде барсыз- депті Жабақ. Бірінші күні — Дүйісенбі болады, екінші күні — Сейсенбі, үшінші күні — сіз, Сәрсебі болады. Сосын кезекпен Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі аталар келеді. Атасы қарқылдап күліпті.
— О, аңқау балам-ай, жөндеп түсінбегенсін ғой, — депті.
Ол атасынын неге күлгенін түсінбеді. Бізден көмек сұрап отыр.
— Жабаққа көмектесеміз бе? (Оқушы жауабы)
— Онда біз бүгін апта күндеріне саяхат жасайық. Аптаның әр күнін дұрыс ұғыну үшін бізге тапсырмаларды орындау керек.
— Орындаймыз ба?
- 2. Дүсейсенбі күні — өткенді қайталау.
— Айтындаршы, өткен сабақта біз қандай әріппен таныстық?- Ол қандай дыбыс? Дауыстап айтайық.
— Г (дауыссыз, ұяң)
Г — дегеніміз
Гулжан гүл өсіреді
Гүлге толы бақшасы.
— Сөздерді оқу:
шеге таға белгі жаға
шегеле тағала белгіле жағала
— «Көгершін» мәтінді әңгімелеу
— Көгершін не?( Құс)
— Қандай құс?(Бейбітшілік қусы)
— Бидай, астық сөзін буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
— Мәтінді оқу. Сұрақ жауап.
- Көктемде диқаншылар не істейді?
- Егінді немен жинайды?
- 3. Асқардың ағасы Берік кім болып істейді? Қайда бидай мол екен?
- Сейсенбі күні — Жаңа сабақ
— Сөздің сыры көп жұмбақ.
Көзде бар
Түнде жоқ.
Қазда бар.
Қапта жоқ.
— Ол қандай дыбыс және әріп? (3)
Көрнекілікпен жұмыс: Сөйлейтін әліппемен жұмыс, суреттер көрсету
(Зырылдауық, қозы, қаз, қобыз) дыбыстық талдау жасау.
З з
— 3 3 әрпінің баспа, жазбаша түрлерімен таныстыру
— 3 3 — хормен айту
— 3 3 — бар сөздерді атау-суреттер көрсету
Қаз, жүзім, пияз.
- 3. Сәрсенбі күні — топтастыру
3 дегеніміз. (жаттау қосылып)
Заводтың озат адамы.
Зақидың сәтті қадамы.
- 4. Бейсенбі күні — сергіту сәті.
Теңселеді ағаштар
Алдымнан самал еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
- 5. Жұма күні — дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
— 3 әрпінің жазу үлгінін ауада, тақтада жазын көрсету.
— 3 жазылуы, қай санға ұқсас?( салыстыру)
— 3 әрпін ауада жазғызу
— Жазу жолына 33 әріптерін жазғызу
— Жазу дәптеріндегі суреттермен жұмыс жүргізу, оқу. (қарбыз, қазан)
-3- әріпінің орнын анықтау, бастыра жаздыру, дыбыстық талдау жасау, сәйкес түспен бояту.
- 6. Сенбі күні — оқулықпен жұмыс 90 бет.
Ауыл маңында — мәнерлеп оқу, 3 дыбысы бар сөздерді айту.
Сұрақтармен жұмыс:
- Қаздар қандай жерде жайылады?
- Қай кезде олар мәз?
- 7. Жексенбі күні — суретпен жұмыс.
1.Зада мен Ораз қайда барды?
- Олар базардан не алды?
- Қарбыз қандай екен?
- 8. Қорытынды. Саяхат ұнады ма?
Бір аптада қанша күн бар?
— Иә, бір аптада 7 күн бар.
— Енді 7 күнді ретімен атап шығыңдар.
— Өте жақсы
— Жабақ 7 күннің аты-жөнін, терең түсінді сендерге риза.
Дүйсенбі деген шалдың аты емес, күннің аты. Сейсенбі — екінші күн, Сәрсенбі – үшінші күн, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі де солай.
— Сонымен, бүгінгі сабақта қандай дыбыс пен таныстық?
— 3 дыбысы қандай дыбыс?
— 3 дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Мадақтау