Менің туған қалам, ауылым
7 модульді жүзеге асыру үшін тізбектелген орта мерзімді төрт сабақтың жоспары
Тақырыбы: Менің туған қалам, ауылым
Мақсаты: Ауыл жайлы көрген-білгендерін өз сөзімен баяндай алу, қала мен ауылдың тұрмыс-тіршілігін салыстырып ажырату, шаруашылығы мен мәдени өмірінің маңыздылығын ескеру.
Түйінді идеялар: Бағдарламаның 7 модулін ықпалдастыруда оқушыларды өз пікірлерін ашық айтуға бағыттау, сыни ойлай отырып бақылауға, талдауға, қортынды жасап интрепретациялауға жетелеу.
№ | Сабақт ың тақыры бы | Өте тін күні | 1.Оқып- үйренудің негізгі мақсаттары | 2.Модульдерді түйінді идеяны ашуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | 3.Оқып- үйренудің нәтижесі | 4. Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау | 5.Барлық балаларды сабаққа қатыстыру | 6. Негізі дерек көздер, ресурстар |
1 | А У Ы Л | 03. 04. 14ж | Ауылдың тұрмыс-тіршілігін, хал- ахуалын білу керек, туған жердің ыстық екенін түсінуде қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтарын ажыратулары керек
| Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер «Маған қараңыз, мен қандаймын…» тренингі-өзара сыйластыққа ынталандыру. Диалог- сұрақ-жауап арқылы тақырыптың мәнін ашу. «Астарлы мағына»- | Өздігінен және топпен тапсырмаларды талқылап жұмыс жасайды, ауылдың келешекте дамуына өз үлестерін қосады. Ауылдың тұрмыс-тіршілігін, хал- ахуалын біледі, | Топтық, жұптық жұмыс, табыс критерииі
| Топтық әңгіме, жұптық әңгіме, эссе жазу, критериалдық бағалау
| Дүниетану оқулығы, «Алматыкітап» баспасы, 89-90 бет видеоролик презентация Венн диагр ТСО (әуен) стикерлер |
өздеріне деген сенімдерін қолдайды.
АКТ-ны пайдалану. Бейнежазба арқылы ауыл жайлы көрген-білгенін өз сөзімен баяндау (интерпретация)
Сын тұрғыдан ойлауға үйрету. Эссе жазу- шығармашылықпен жаңа мазмұн тудыру. «Венн диаграммасы» -бұрынғы білімді саралай отырып, жаңа сабақпен байланыстыру арқылы ойларын шоғырландыру. Оқыту үшін бағалау INSERT кестесі арқылы толтыру. Критериалды бағалау – сабақ барысындағы өз еңбегінің нәтижесін анықтай алады. | туған жердің ыстық екенін түсінеді, қала мен ауыл адамдарының айырмашылықт арын ажырата алады. Өз шығармашылығын арттыра отырып, жаңа мазмұнда ойымен бөліседі. Сабақтың негізгі қорытындысы, басты ұстанымы жайында ой түйеді.
Өз ойларын сабақтан түйгенін саралап жазады.
| |||||||
2
| Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы. | Шаруашылық пен мәдени өмір туралы білу керек, мәтін мен қосымша ресурстарды талқылай отырып, қыр-сырын түсініп, қала мен ауыл балаларының шаруашылығындағы айырмашылықты ажыратулары керек, күнделікті өмірдегі қолданысы мен маңыздылығына салыстырмалы талдау жасай білу керек. | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер » Ойлан — жұптас — бөліс»- құрылымды ойлар мен идеяларды дамытады. «Карусель» тренингі- сұрақтар қоюда еркіндік атмосферасын қамтамасыз ету. Оқытудағы көшбасшылық және оқуды басқару. Шағын топтарда тобындағы оқушылардың көшбасшылығын көре біледі. СТО үйрету «Миға шабуыл»- баланың осы тақырып бойынша танымдық білімін анықтау, «Көршіме айтамын» әдісі- теореманың екі бөлігін салыстырып айтады. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. «Жұптық әңгіме» -суреттер бойынша өзара ойларын айтып, талқыға салады. Оқыту үшін бағалау «Кері байланыс бутерброды» — өткен сабаққа өздігінен баға береді., 2 жұлдыз 1 ұсыныс айту.
| Шаруашылық пен мәдени өмір туралы біледі, мәтін мен қосымша ресурстарды талқылайды, қыр-сырын түсініп, үлестірмелі кеспе суреттермен жұмыс жасай отырып, қала мен ауыл балаларының шаруашылығындағы айырмашылықты ажырататады, күнделікті өмірдегі қолданысы мен маңыздылығына салыстырмалы талдау жасайды.
| Бағалау парақшасы арқылы, топтық бағалау, 2 жұлдыз 1 ұсыныс, жұптық бағалау | суретпен жұмыс, «ойлан -жұптас — бөліс» топтық жұмыс, флипчарт арқылы ойды жинақтау
|
Суреттер
Презентация
Флипчарт
Кесте
Карточкалар | |
3
| Мектеп және өндіріс | Мектеп пен өндірістің байланысын білу, ғылым мен техника заманына сай өндірістік маман иелерінің маңыздылығын салыстыру, өндірістің өркендеуіне ықпал ету. | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер «Өрмекшінің торы» тренингі — өткен сабақтағы білімдерін тексеру. «Қос жазба күнделігі» –мағынаны тануды ұйымдастырады. «5 жолды өлең құру»- шығармашылық қабілеті арқылы танымдылығын шыңдайды. СТО үйрету. «ДЖИГСО» -білімдерін кеңейтіп, топта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. «Топтастыру»- әр топтың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтайды. «Бүгінгі күннің сөйлемі» стратегиясы– ойларын жақтап, не жоққа шығарып сөйлейді.. Оқыту үшін бағалау Бағалау парақшалары арқылы бағалау. «Жаңбыр тамшылары» арқылы рефлексия жасау.
| Мектеп пен өндірістің байланысын, ғылым мен техника заманына сай маман иелерінің маңыздылығын, қажеттілігін ұғынады. | Өзін -өзі бағалау, топтық бағалау, суммативті бағалау | Тренингтер, Блум таксономиясы бойынша топтық тапсырмалар, топтастыру, Инсерт кестесін толтыру | 4 түрлі кәмпиттер
Бағалау парақшалары
Тірек сөздер
Флипчарт
Презентация
Суреттер
| |
4
| Қазақстан мәдениеті | Қазақстан мәдениеті жайлы білу, мәдениеттің құрамын айыра білу, ел өнерінің, мәдениетінің көркеюі туралы ой толғау | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер «Өнер иелері» атауы арқылы балалар арасында ЖАДА орнату, қызығушылық туғызу. СТО үйрету. «Дана үкі» стратегиясы- тақырыпты әртүрлі көзқараспен басқа пәндермен байланыстыра отырып ашу «Үш қадамдық сұхбат»- идеялар мен ойлардың даму ортасын құрады. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Сценировка – белсенділік пен шығармашылығының нәтижесінен шабыттанады Оқыту үшін бағалау «Ат пен атқосшы» -ой жинақтау. «Оқушы үні» тесті- жаңа әдіс-тәсілге деген көзқарасын байқатады. | Қазақстандағы мәдениет салалары, мәдени орындарды біліп, мәдениет жолында еңбек еткен, өз орны бар ел азаматтары жайлы ойларына ой қосады, «болмаса да ұқсап бағады». | басбармақ арқылы бағалау, жұптардың өзара бағалауы, 2 жұлдыз 1 ұсыныс | «Үш қадамдық сұхбат» әдісі, «Дана үкі» стратегиясы, «Үш қадамдық сұхбат» әдісі, , «Ат пен атқосшы» | Топ атаулары
Флипчарт
Ән жинағы
Сұрақты кеспелер |
Түйін сөз
«Мылтықтың түзуі — мергенінен, мергеннің түзуі – көргенінен» дегендей осы алда жоспарлап отырған орта мерзімдік жоспарлауымды дүниетану пәніне арнадым. Таңдап алған тақырыптарым «Менің туған қалам, ауылым» тарауын қамтиды. Осы сабақтар бойынша негізгі ұстаным отырған мақсаттарым: ауыл жайлы көрген-білгендерін өз сөзімен баяндай алу, қала мен ауылдың тұрмыс-тіршілігін салыстырып, шаруашылығы мен мәдени өмірінің маңыздылығын ескеру, қала мен ауыл мамандары арасындағы ерекшелік, адамдардың еңбегінің түрлілігін ажырату болып отыр. Осы тарапта алдыма Кембридж университеті бағдарламасының 7 модульін қамтуды міндет етіп отырмын. Бұл орайда қай модульдің маңыздылығын қандай әдіс — тәсілдер арқылы танытамын деген сұрақтар туады. Жауап іздеу де оңайлыққа соқпады. Көп ойлануды, ізденуді талап ететіндігін ұғындым. Жоспарларымның өнімділігін көру үшін «Блум таксономиясына» сүйеніп құруды жөн санадым. Оқушыларды да жүйелілікке, бірізділікке қалыптастырады деген ойдамын.
Қарастыратын модульдер орта мерзімдік жоспарлауымда толық ашылуы үшін: «Джигсо», «Дана үкі», «ББҮ», «Диалогтік оқыту» стратегияларымен қоса, «Миға шабуыл», «Қос жазба күнделік», «Үш қадамдық сұхбат», «Ат пен атқосшы» әдістерін, суммативті бағалауға жету жолындағы формативті бағалаудың түрлерін, қызығушылық, белсенділік танымын арттыруда түрлі тренингтер мен топтастыру жолдарын пайдаландым. Бұл әдістер оқушының бойында өзіндік көзқарасының, танымының деңгейін көрсетіп, одан әрі ынталандыру, көшбасшылық қабілетін дамытып, бағыттау нәтижесінде шығармашылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге көп ықпал етеді деп білемін.
Басшылыққа алып отырған мақсаттарым сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жолдарында оқушылардың астарлы мағынаны ашуда, интерпретация жасау, иллюстрация жасау, рефлексия көрсетуде өз пікірінің құндылығын байқап, сыни ойын ортада ашық білдіретін, бәсекелестікке қабілетті болып, бірлескен топтық жұмыстарда, өздігінен оқудың тәсілдерінде өзін жеке тұлға ретінде танып –біліп, біреудің бірегейі екенін көрсете біледі деп сенемін.