9 санын қосу және азайту
Тақырыбы: 9 санын қосу және азайту
Мақсаты: 1) Оқушылармен 9 санының құрамын қайталау, 9 санын қосу, азайту тәсілдерін тиянақтау, білімдерін кеңейте түсу, арифметикалық амалдардың мән – мағынасын ашу, есепті шығару барысында амалдарды дұрыс таңдай алу білігін қалыптастыру.
2) Ауызша есептеу арқылы белсенділігін, ойлау, есте сақтау, танымдық қызығушылығын дамыту.
3) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, іздемпаздыққа, өзіне сенімді болуға ұмтылдыру. Жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: «Ғажайыпстанға саяхат!» саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, карточка.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
- Бағдарлау- мотивациялық кезең.
1) Психологиялық дайындық жасау..
Менің ойым –мейірімді,
Менің жүрегім –мейірімді,
Мен – мейірімді адаммын!
Бар зейінімізді сабаққа аударамыз. Сонымен қатар бүгінгі сабақтың ашық сабақ екендігін, бізге қонақтар келіп отырғанын ескертемін.
2) Ойын «Санды ретімен орналастыр»
4 | 8 | 1 | 5 | 2 | 3 | 9 | 6 | 7 | 10 |
йып | я | « | стан | ға | жа | хат | ға | са | !» |
Санды өсу, кему ретімен санау (қазақша, орысша, ағылшынша)
3) Сөздік жұмыс «Ғажайып» — таңғаларлық,әдемі, қызықты.
4 )«Математикалық диктант».
- І қосылғыш -3, ІІ қосылғыш-1,қосындының мәні ( 4 )
- 4 пен 2-нің қосындысы ( 6 )
- 5-ті 3-ке арттыр ( 8 )
- Заттарды біріктіргенде, қандай амал қолданамыз? (+ )
- Заттарды бөліп алғанда қандай амал қолданамыз? (-)
- Гауһарда 6 сәбіз.
Томада 3 сәбіз.
Барлығын қосқанда
болады неше сәбіз? ( 9 сәбіз )
- 9 сәбіздің екеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолында қалады? ( 7 сәбіз )
- Азайғыш -7, азайтқыш-2, айырманың мәні (5)
- 4-ті 2-ге кеміт (2)
- 9 –бен 6-ның айырмасы (3)
- 7 мен 10-ды салыстыр ( )
- 9 бен 8-ді салыстыр ( )
5)Тақтамен жұмыс
9 санының құрамын қайталау.
9 |
1 |
8 |
9 |
4 |
9 |
3 |
9 |
2 |
Теңдіктер құрастыру, тексеру.
1 +8 = 9 2 + 7 = 9
8+1=9 7+2=9
9-1=8 9-2=7
9-8=1 9-7=2
Мақсатымен таныстыру: Біз саяхат барысында ана тілі сабағында танысқан кейіпкерлердің тапсырмаларын орындап, 9 санын қосып азайтамыз, есептер құрастырып, шығарамыз.
Шығармашылық жұмыс.Сол жақтағы сызықтардың қайсысы оң жақтағы сызықтың жалғасы?
ІІ. Орындаушылық- операционалдық кезең.
- «Кішкентай Нұрмаштың» тапсырмасы.
Қай мәтіннің кейіпкері? «Бөрік» М.Дулатов.
А) Қосылғыштарының бірі 9 болатын қосындылар құр. Мәндерін тап. Қосу кестесін қолдандың ба? Түсіндір.
9+0=9 0+9=9 1+9=10 9+1=10
Дәптермен жұмыс.
Б) Азайтқышы 9 болатын айырмаларды жаз. Мәндерін тап. Қосу кестесін қолдандың ба? Түсіндір.
10-9=1 9-9=0
2)« Оқымысты баланың» тапсырмасы.
Қай мәтіннің кейіпкері? « Оқымысты бала» М.Дулатов.
Кітаппен жұмыс №2 (117 бет). Оқулықты оқып беру.
Алгоритм құрау.
- Жасыл кесіндінің ұзындығын өлшеймін. 10 см
- Көк кесіндінің ұзындығын өлшеймін. 3 см
- Екі кесіндінің ұзындықтарының айырмасын есептеймін 10см- 3 см
- Қызыл кесіндінің ұзындығын өлшеймін. 4 см
- Көк кесіндінің ұзындығын білемін. 3 см
- Екі кесіндінің ұзындықтарының қосындысын есептеймін 4см + 3 см
- Салыстырамын .10см-3см=4см+3см
Дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті.
- «Әке мен баланың » тапсырмасы.
Қай мәтіннің кейіпкері? «Әке мен бала » Ы. Алтынсарин. Негізгі ой қандай?
Есепті қысқаша шарты бойынша құрастыру, шығару.
А) Сызба толтыру.
Есеп |
Шарты |
Шешуі |
Сұрағы |
Жауабы |
Ә)Есептке мәтін құрау.
Болды-10 қап
Сатылды-8 қап
Қалды -? қап
Есеп не туралы? Не белгілі? Нені табу керек?
Ш: 10-8=2
Ж: 2 қап қалды.
Б)Түсте — 6 жәшік
Түстен кейін – 4 жәшік
Барлығы — ? жәшік
Ш: 6+4=10
Ж: Барлығы 10 жәшік
- Ойын «Тиісті санды орнына қой» №4 117 бет
3+ = 7 4+ =9 6+ =7 1+ =6
+2=6 +2=7 +3=6 +6=9
Рефлексия: — Балалар сабақ ұнады ма? Ендеше сабаққа,өз еңбегімізге баға берейік.Әр оқушы өзі тандаған түстін (қызыл, жасыл, сарыны) себебін түсіндіріп,бағалайды.
Үйге тапсырма: 4 тапсырманы -аяқтау.
Логикалық тапсырмалар: