Бірмүшені көпмүшеге көбейту
Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№1 орта мектептің математика пәнінің ІІ санаты мұғалімі Аймагамбетова Нұршат Коптлеуовна
7-сынып алгебра
І тоқсан | Сабақ | Уақыт: 45минут | Пән: алгебра | Сынып: 7 | |||
Сабақ атауы | Бірмүшені көпмүшеге көбейту | ||||||
Жалпы мақсаты | Көпмүшелерді көбейтуде маңызды орын алатын бірмүше мен көпмүшелерді көбейту ережелерімен танысу. Оқушылар көпмүшені бірмүшеге көбейту барысында өткен тақырыптағы бірмүшелерді көбейту, оны дәрежеге шығару амалдарын қайта пысықтап, алған білімдерін іс жүзінде қолдану. | ||||||
Оқыту нәтижесі | Оқушы сабақтың соңында: · Бірмүше мен көпмүшені көбейтуде үлестірімділік қасиетін пайдаланатынын түсінеді. · | ||||||
Негізгі идеялар | · Бұл сабақтың негізгі идеясы сынитұрғыдан ойлау сұрақтарымен Блум таксономиясының элементтерін пайдаланаып жаңа тақырыпты меңгерту. Бір сұрақты бірнеше оқушыларға қоя отырып олардың тақырыпты қалай меңгергенін анықтау. Сабаұ барысында үндемей немесе ұатыспай отыратын оұушыларды сабаұұа тарту.
| ||||||
Бағалау | Қалыптастырушы (формативті) бағалау | ||||||
Құрал – жабдықтар | Интерактивті тақта, компьютер, бағалау шкалалары, постер, маркер | ||||||
Кезең | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Уақыт мин | ||||
Кіріспе | Сәлемдесу. Ой қозғау. Ұқсас бірмүше дегеніміз…….. Ұқсас бірмүшелерді біріктіру дегеніміз…………………………….. Бірмүше мен көпмүшенің айырмашылығы неде? Көпмүшелерді қосуда және азайтуда қандай ережелерге сүйенеміз?
Жеке жұмыс арқылы өткен тақырып бойынша тест тапсырмаларын алу. | Өтілген тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.
Оқушылар бірін — бірі тексереді.
| 10 | ||||
Негізгі бөлім | «Ой толғау» Алдымен сыныпта үнемі үндемей отырған екі оқушыға қабырғадағы өрнектердің ішінен бірмүше мен көпмүшені топтастыру тапсырмасын беру.
Жаңа тақырыпты меңгерту үшін бірнеше сұрақтар беру, осы жерде блум таксономиясының элементтерін пайдалану. Бір сұрақты бірнеше оқушыларға бере отырып, олардың әрқайсысының тақырыпты қалай меңгеретінін анықтау. | Оқушылардың көмегімен және өз білімі арқылы бірмүшелер мен көпмүшелерді топтастырады.
Сұрақтарға өз еркімен жауап беру, жауаптарын қайталау, түсіндіру арқылы жаңа тақырыпты меңгеру.
| 15 | ||||
Топқа бөлу Тапсырма №1 «Кім жылдам» ойыны 1-2 топ. «Блиц-турнир»
2-4 топ. «сәйкестендіру»
Сергіту сәті Логикалық ойлауды қажет ететін сыни тұрғыдан ойланатын қызықты квант есептері яғни әзілдері.
Топқа бөлу. Тапсырма №2 Деңгейлік есептер
|
Жауаптардың дұрыс немесе дұрыс емес екенін анықтап «ия» не «жоқ» жауаптарын жазады, неліктен олай жауап бергенін тұсіндіреді. Әр есепті дұрыс жауабымен сәйкестендіреді.
Логикалық ойлау қабілеттеріне қарай жауап беру.
Есептерді шығарып оңайынан ұиынына дейінгі есептерді өзара орналастырады. | 15 | |||||
Қорытынды бөлім
Рефлексия | «Ой қорыту» Бүгінгі өтілген тақырып несімен қызықты? Өздерің үшін қандай жаңалық алдыңдар? Қандай тапсырма сенің шығармашылығыңды дамытты? Іздену тапсырмалары ұнайма?
«Табыс ағашы»
Жасыл алма-ұнады, меңгердім. Сары алма-түсіндім, бірақ есептегенде қиналдым Қызыл алма-түсініксіз
| Өз ойларын айтады
Оқушылар табыс ағашына алмаларды жабыстыру арқылы бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергенін көрсетеді. | 5
| ||||