Білім шыңына саяхат

Сабақтың тақырыбы: Білім шыңына саяхат.

 

Мақсаты: Оқушылардың Әліппе, математика, дүниетану т.б пәндерден    алған

білімдерін сайыса отырып көрсету, білімге деген құштарлықтарын

арттыру. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер: кеспе әріптер, қызықты математика тапсырмалары, ойындар,

жұмбақтар, геометриялық фигуралар.

 

Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі

Алақан уқалау, бір-бірінің сәлемін алу

 

-Балалар, міне үш айдай оқып, үйреніп білім алып келеміз. Бүгін сол не үйрендіңдер, не білетіндеріңді ортаға саламыз, яғни білім шыңына саяхат жасаймыз.

-Мынау не?

-Сандық.

-Балалар, бұл жай сандық емес сиқырлы сандық. Оның аузы жабық тұр.

-Ал оны немен ашу керек?

-Кілтпен.

-Бұл білім кілті.Осы сандықтың аузын тек білім кілтімен ашамыз.

-Қазірсендер 3 топқа бөлініп сайысқа түсесіңдер.Қай топ сайыста жеңімпаз болса, сол топ сиқырлы сандықты ашып оның ішіндегі сиқырлы заттарды алады.

 

(Оқылған пәндерді еске түсіру)

-Ендеше сайысайық, білімімізді көрсетейік.

 

1топ Балдырғандар

 

Білім теріп, бейнетінен қашпаймыз,

Оқу жылын бестікпенен бастаймыз.

Жыл бойына жақсы оқимыз біз сонда

Білім менен достасамыз жастай біз.

 

2топ Бүлдіршіндер

 

Бір сыныпта оқимыз, бәрімізде,

Достық сөзі әрқашан дәрі бізге

Жарысуға сендермен келіп тұрмыз

Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге

 

 

3топ Жас ұландар

 

Терең ғылым сананың,

Тегі деп ой саламын.

Маңыз беріп оқимыз

Әліппе сабағын

 

Тапсырмалар: Әліппеден

«Дыбыстар әлеміне саяхат» ойыны.

Әр балаға жеке-жеке әріптерді тарату. Сол әріп туралы айту. Сөз құрау.

 

Сөз ойла, тез ойла!

Шашылған әріптерден бірнеше сөз құрау.

 

«Айтыс»

Тілдамытудан үйренген өлең, жаңылтпаш, мақал, өтірік өлең айтып жарысу.

 

Математикадан: «Кім жылдам» ойыны.

Геометриялық фигуралардан ракета құрау.

 

Көл тауысар!

1 ыдыстан 2- ші ыдысқа суды апару. Кесе түбіндегі тиындарды санау.

 

Сурет сабағынан: Керемет суретші!

Тақтаға әр топтың балалары кезектесіп шығады. Көздері байланған. Үй салу. Үйдің жанына өсімдіктің бір тобын салу.

 

Қорытынды: Әр топтың балалары өздерінің алғырлықтарымен, білімдерімен алтын кілтті жеңіп алып сиқырлы сандықты ашты. Сандық ішінен кітаптар шықты.

 

Кітап – білім бұлағы,

Білім — өмір шырағы

 

дегендей білім арқылы биік шыңға шығамыз.