О дыбысы және әрпі
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды О әрпімен таныстыру.
а) Білімділік:Одыбысы және әрпімен таныстыру.Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау.Сөздерге дыбыстық талдау жасай отырып ,о дыбысының дауысты дыбыс екеніне көз жеткізу. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату.Әріп элементтерін дұрыс жазуға таза, сауатты жазуға машықтандыру
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік мақсаты:Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба-кесте, дыбыстық талдауға арналған фишкалар.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, жұмбақ.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Жер жүзінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолын жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
- Балалар, барлығымыз бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық:
- Аспанымыз ашық болсын!
- Еліміз аман болсын!
- Деніміз сау болсын!
ІІ.Өткен сабақты пысықтау
М: Енді балалар өткен сабақта қандай әріпті өттік?
О: Йй әрпі мен дыбысы.
-Ол қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыс.
-Олай болса «Йй» дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
-Йогурт, ай, айна, йод, йога т.б.
-Сөздерді буынға бөлу – Йо-гурт, ай-на т.б.
ІІІ.Негізгі бөлімі. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін біз «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз. Қандай көлікпен барсақ екен!
Балалар, баққа мен «Білім» көлігімен барғым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма? Онда қарап отырмайық.
М: Ал балалар, ойнайық.
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық. Балалар, мен сендерге әріпті жұмбақ жасырамын. Сендер оны табыңдар.
- «Оюда» бармын.
«Допта» бармын
«Түнде» жоқпын
-Мен сонда қандай дыбыспын? («О» дыбысы)
-Дұрыс. (Тақтаға «Оо» дыбысын ілу.)
Балалар, бүгінгі өткелі отырған әрпіміз «Оо» дыбысы мен әрпі. Оо дыбысы дауысты, еріндік, жуан. Осы «О» әрпін бәріміз хормен үш рет айтып көрейік.
Енді, мына суретке қараңдар, ненің суретін көріп отырсыңдар?
М: Доп, қоян, қасқыр т.б. Бұлардың бәрін бір сөзбен біз не деп атаймыз.
О: Ойыншықтар.
М: Дұрыс. Бұл сөзде «О» дыбысы қай жерде кездесіп тұр.
О: Басында.
М: Енді осы ойыншықтар сөзін буынға бөлейікші?
О- йын-шық-тар 4 буын 10 дыбыс бар.
Ережені қайталау:
Дыбысты – айтамыз – естиміз. Әріпті – жазамыз – көреміз.
Сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады.
М.Енді балалар «Оо» дыбысы кездесетін сөздерді атайықшы.
(мысал келтірулер)
ІV. Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ.
Сол қолымда бес саусақ
Бәрін – бәрін қосқанда
Болып шықты он саусақ.
Енді балалар «Білім» көлігіне мініп әрі қарай жылжимыз.
М. Балалар ,алдымыздан «Қасқыр» шықты. Ол бізден қайда баратынымызды сұрайды.
Біз «әріптер бағына» бара жатырмыз. Ол бізге тапсырманы орындасаңдар жіберемін дейді. Ол үшін біз оқулықтағы «Оо» әрпін жазуымыз керек
Дәптермен жұмыс
Жақсы, балалар! Біз баққа жақындап қалдық Енді әрі қарай жылжимыз. Алдымыздан түлкі шықты. Түлкі жұмбақ шешуін тапсаңдар бақты өзім көрсетемін деп отыр. Қане шешіп көрейік:
Жұмбақ шешуін табу:
- 1. Бір бұрышта қызыл әтеш билейді. (От)
- Сақинаға қарайық, ұқсайды оған қай әріп?
Осымен біз «Білім» көлігімен «әріптер бағына» да келіп жеттік.
- Сабақты бекіту.
Әріптер бағында неше түрлі әріптер бар екекн . Олай болатын болса оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқып, оқу дағдымызды көрсетейік.
VІ. Шығармашылық жұмыс. О дыбысы бар сөздерді ыдысқа жинау:
Орамал, қора, ай,орман , ана, таға, арша,жарыс,той, ожау, ою, ыдыс,
ҮІІ . Сабақты қорытындылау.
Маған ұнады | Маған ұнамады | Жаңа ақпарат |
ҮІІІ.Бағалау.