«Бала Мәншүк» М.Хакімжанова
Сабақтың тақырыбы: «Бала Мәншүк» М.Хакімжанова
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен таныстыру, оның ерлігі туралы түсініктерін тереңдету.
2.Оқушыларды ойларын анық жеткізуге, ой өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандару.Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
3.Жас ұрпақты елін, жерін халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, ержүректілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,сұрақ жауап, мәнерлеп оқу, топтастыру, көрнекіліктер.
Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова , Әлия Молдағұлова, Мариям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар,карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) «Шығыс шынары» мәтінінің мазмұны
ә) Батырлық, ерлік туралы мақал жинақтау, жатттау.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту.
- Өткен сабақты қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?
- Әлия Молдағұлова
- «Әлия кім?» деген сұраққа топтастыру әдісі арқылы теңеу сөздер жазып көрейік
- Ендеше Әлияға қатысты айтылған теңеу сөздерден өз тобымыздың атын таңдап алайық.
І топ: Батыр
ІІ топ: Ержүрек
ІІІ топ: Қайсар
ІV топ: Өжет
ІV. Жаңа сабақ.
-Ә.Молдағұловадан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?
— Әлия Молдағұловадан басқа тағы Қазақстаннан шыққан батыр қыз кім?
- ББҰ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?
Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке-жеке орындайды
«Білемін» бөлігін топтастырады.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз |
- ББҮ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.
- Мәншүк туралы не білгілерің келеді?
«Білгім келеді» бөлімін топтастырыңдар
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз | Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме? Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
|
- «Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 3 сұрақты сыныпқа жариялап айтады.
- Автормен таныстыру.
М.Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданв, Қобыланды ауылында дүниеге келген.Қазақтың ақыны.»Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.
- Мәншүк туралы слайд арқылы мағлұмат беру.
М.Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген.Мәншүктің шын есімі –Мәнсия. Анасы еркелетіпМоншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. Ол кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктер өскен.Мәншүк соғысқа аттанғанда 19 жасқа толған талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.Ол Невель қаласын азат ету майданында қаза табады.
- Оқулықпен жұмыс.
Тапсырма:
Оқушыларға оқулықтағы мәтінді үшке бөліп, әр топ өзінің оқыған бөлігін түсініп оқып, бір-біріне сұрақ қояды.
І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы»
ІІ бөлім. «Мәнсияның байсалдылығы»
ІІІ бөлім. «Мәнсияның жанама аты»
Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап,түсінігін бір-біріне айтады. Әр топқа 1-ден 4-ке дейінгі нөмір жазылған жетон беріледі. Сол жетон бойынша 1-ші нөмірлер бір жерге, 2-ші нөмірлер екінші жерге т.с.с. жиналады. Жаңа шағын топ құрылады. Енді әрбір оқушы оқығанын осы топта айтып береді. Сонда тұтас мәтін мазмұны толық түсінікті болады.
- Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.
І топқа: Әңгімедегі кейіпкерлерді ата
ІІ топқа: Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсияның ұнаған қылықтарын мәтіннен тауып оқыңдар.
ІІ топқа: Бес жолды өлең құрастыру.
- Зат есім. Кім? – Мәншүк
- Етістік Не істеді? Қайтті? –атысты, щайқасты, ерлік көрсетті.
- Сын есім. Қандай? –ержүрек, батыр, өжет.
- Синоним. Мәншүк-Мәнсия
- Сөйлем. Мәншүк қазақтың батыр қызы.
IV топқа. «Мәншүк туралы естелік» оқып көрініс көрсету.
Қорытынды:
- ББҮ кестесі «Үйрендім» бөлігін топтастыру.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз | Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме? Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
| 1. Мәншүктің шын есімі Мәнсия. 2. Олар бір-бірімен кездеспеген. 3. Батыс қазақстан облысында дүниеге келген. 19 жасында майданға аттанған. |
- Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алу.
Үйге тапсырма:
- «Бала Мәншүк» мәтінін оқып келу.
- Батырлық, ерлік туралы мақал жаттау.
Бағалау: Оқушы білімін бағалау.