Сәулелі жұлдыз іздеген адам Ә.Сәрсенбаев
Сабақтың тақырыбы: Сәулелі жұлдыз іздеген адам Ә.Сәрсенбаев
Мақсаты: а . Білімдік мақсаты:
Мәтіннің мәнін ашу.Ұлы ұстаз өмірімен кеңінен таныстыру.Қазақ
даласына білім әкелген,жас ұрпақты өнерге,оқуға шақырған
Ы.Алтынсарин есімін мақтан ету сезімін оқушы санасына ұялату.
ә.Дамытушылық мақсаты:
Оқушылының сөйлеу,шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау
қабілетін,өзіндік талдау,ой қорыту,пікір айту,іскерлік дағдыларын
жетілдіру
б.тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке,инабаттылыққа,Отанын,туған
жерін,халқын сүюге тәрбиелеу.Оқу-білімге құштар ,бәсекеге
қабілетті тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі:Дамытушылық сабағы
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту
Әдістері:Сұрақ-жауап,әңгіме-кеңес,пікір алысу, проблемалық,өз ойын ортаға салу,суреттеу,баяндау,ізденіс.ой қорыту
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану
Сабақтың формасы: ұжымдық,топтық
Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин,Ә.Сәрсенбаев суреттері,тірек сызбалар,слайдтар
Нақыл сөздер,кестелер
Сабақтың эпиграфы: «Кел,балалар,оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!»
I . Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Білімге әркез талпынтқан (Балалар ұстазына бас иіп
Ұстазым менің армысың? амандасады)
Бірге оқып, бір жүрген (Балалар бір — біріне бас иіп
Сыныптастар армысың! амандасады)
Шаттық шеңбер құрайық —
Шаттанып кеп тұрайық.
- Қызығушылығын ояту
Топпен жұмыс. Кесте толтыру
1-топ Қазақ хандары мен билері:
Бұлар- (ел бірлігін ойлады)
2-топ Қазақ батырлары мен ақындары:
Бұлар- (елімізді ,жерімізді қорғады,жырлады)
3-топ Ұлы ағартушылар:
Бұлар- (қазақ даласына білім,ілім әкелді)
Аттарын жазып,сөйлемді аяқтау
-Суретке назар аудару. Ой шақыру
Түн келбеті.Жұлдыз .Аспан
Топқа сөздер жазылған парақшалар тарату
1-топ Сәуле
2-топ Жұлдыз
3-топ Қараңғы түн
Сөздерге қарап өз ойларын,теңеу сөздер айту
-Бұрынғы қазақ даласы қараңғы түндей,сауатсыз болды.Халық тек мал соңында ,көшіп-қонып тіршілік етті. Сол қараңғы түнге сәуле болып,
қазақ даласына оқу- білім әкелген кім деп ойлайсыңдар?
Қоңырау . Мектеп . Ы.Алтынсарин
Суреттер бойынша түйінді сөздер айту.
- Жаңа сабақ
Мақсаты: Қазақ даласына оқу –білім әкелген,тұңғыш мектеп ашқан Ы.Алтынсариннің еңбектері жайлы білу
Сәулелі жұлдыз іздеген адам . Ә.Сәрсенбаев
Слайдтан Ә.Сәрсенбаев жайлы түсінік беріледі.
Мағынаны тану. «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушы пікірлерін тыңдау
Тақтаға күнді,тақырыпты авторын жазу
1 Оқулықпен жұмыс.Мұғалімнің оқуы
2.Ұжымды түрде кезектесіп оқыту
3.Мәтінмен жұмыс
-Бұл әңгіме кім туралы жазылған?
-Әңгіме неліктен «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» деп аталған?
-Бұл әңгімеге тағы қандай ат қоюға болады?
Әңгімені бөліктерге бөлу
1 –бөлім Мектепке инспектрдің келуі
2-бөлім Балаларға арналған шашу
3-бөлім Алғашқы сабақ
4 .Тапсырмалар орындау
Y . Шығармашылық жұмыс
Ыбырай ата келбетін суреттеу. Жазу орталығы
Ыбырайдың өмірі мен еңбектері. Зерттеу орталығы
Ыбырай өлеңін мәнерлеп жатқа айту. Оқу орталығы
Ы.Алтынсарин шығармаларынан көрініс. Өнер орталығы
- Бекіту
Кесте толтыру
Тақырыбы:
Әңгіменің авторы:
Мәтін кейіпкері:
Ы.Алтынсарин кім?
Мәтіннен қандай ой түйдің?
Ы.Алтынсарин балаларды еңбекті сүюге,оқуға,білімге,еліне адал қызмет етуге шақырды.
Сабақтың дәйексөзі: Білім -өмір шырағы.
VII .Қорытындылау
Бағалау жүргізу. Үйге мәтінді оқу. Ы.Алтынсарин туралы реферат дайындау,шығармаларын оқып келу.