Қашықтықты, жылдамдықты, уақытты табу
Сабақтың тақырыбы: Қашықтықты, жылдамдықты, уақытты табу.
Сабақтың мақсаты: Қашықтық жылдамдық, уақыт бірліктерін
пысықтау, алған білімдерн тиянақтау, ұлттық
ойындар ережесі арқылы есептерді шығарту.
Ұлттық ойындардың ережесін білуге, есептерді
жылдам әрі қатесіз, шапшаң шығаруға тәрбелеу.
Математикалық тілдерін, есте сақтау қабілеттерін,
ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын
қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: бекіту
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ой қозғау, сұрақ — жауап
Көрнекілігі: оқулық, кеспе қағаздар, электрондық оқулық, слайд, асық.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) амандасу, түгендеу
ә) сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын алғызу
б) қызығушылығын ояту
Психологиялық дайындық.
Жалқаулықты тастаймыз.Біз сабақты әрдайым тек көңілді басатаймыз.
ІІ.Негізгі бөлім.
- Балалар, алдағы күндерде бізде қандай мереке келе жатыр?
- Наурыз мерекесі туралы не білесіңдер?
- Жарайсыңдар! Сендер көп нәрсені біледі екенсіңдер?
- Наурыз мерекесінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды атап бере аласыңдар? Бұл ойындардың қандай ерекшеліктері, пайдасы бар?
- Өте жақсы.
- Біз наурыз мерекесінде ұлттық ойындарды ойнау арқылы күшімізді сынайтын болсақ, ал бүгін сабағымызда ұлттық ойындарды сынға салатын боламыз.
Мен сендерді үш топқа бөлдім.
1.Қашықтық S
2.Жылдамдық V
3.Уақыт t
Әр бір топ өз білімдерін ортаға салатын болады.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Біз алдымен «Алтыбақан» теуіп алайық. Алтыбақан туралы не білеміз? Алтыбақан тебу үшін алдымен мына есептерді шығаруымыз керек.
Барлық топта Алтыбақан тебе алатын болды.
Алтыбақан тепкен оқушылардың көңіл – күйі қалай екен?
Жарайды, ендеше ұлттық ойындарды ойнауға дайынбыз ба?
ІV.Жаңа сабақ.
«Теңге алу» ойыны.
- Бұл қандай ойын? Қалай ойналады?
- Енді №1 есепті шығаруымыз керек.
Осы есепті қай топ дұрыс шешсе сол топ теңгені алатын болады.Қай топ теңгені алар екен.
№1 ауызша орындайық.
Жолды жөндеу жұмысына ұсақталған тас– 96 т
Жүк машинасымен – 12 рет қатынау керек
Қуатты үлкен машинамен – 6 рет қатынау керек
Шешуі: 96 / 12=8(т) 96/6=16(т) 96/(8+16)=4(р)
№2 Есепті «Көкпар» ойыны арқылы шығаратын боламыз.
Көкпар ойыны қалай ойналады? Олай болса, мына есептерді қай топ тез, әрі дұрыс орындайды екен.Сол топ көкпар ойынында жеңіске жетеді.
Қашықтық
Арақашықтығы — 237 км
Велосипедшінің жылдамдығы— 19 км/сағ
Мотоциклші жылдамдығы- ? км/сағ
Кездесті — 3 сағаттан кейін
Жылдамдық
Екі ауылдың арасы — 105 км
Бірінші велосипедшінің жылдамдығы— 12 км/сағ
Екінші велосипедші нің жылдамдығы— 15 км/сағ
3 сағаттан соң олардың арақашықтығы — ?
Уақыт
Бірінші шаңғышының жылдамдығы — 12 км/сағ
Екінші шаңғышының жылдамдығы — 15км /сағ
Біраз уақыттан кейін екеуінің арақашықтығы — 135 км болды
Аялдағанға дейінгі қанша уақыт жүрген — ?
Сергіту сәті.
«Бәйге» ойыны. Бұл қандай ойын? Бәйгеден озу үшін мына тапсырманы орындайық?
Қай топ шапшаң екен?
«Асық» ойындары туралы не білеміз? Ендеше, дорбадағы сиқырлы асықтарды әр топ оқушылары келіп ала қойсын. Мұнда есептер берілген. Сол есептерді ойланып шығарайық.
Асықтардың артында сұрақ.
- Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүреді. Бір ат неше шақырым жүрді?
- Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
- Баспалдық 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек.
- Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін берсе оларға
Қалады сонда неше алма?
- Аулада бес үйрек
Қорада үш үйрек
Бір үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек?
- Көлден ұшты қырық қаз
Қайтып қонды15 қаз
Қонбады оның нешеуі?
«Күш сынастыру» ойыны. №6 Қай топтың күші басым екен?
Оқушылар ауызша орындайды.
І топ. 36* 250 = 9 км: 18км/ 250 =72м
ІІ топ. 24 кг*250=6т: 2700 кг/150=18кг
ІІІ топ. 60дм/25= 24 см: 1000т/250= 4кг
№7. «Арқан тартыс» ойыны.Бұл ойын қалай ойналады?
Ендеше білек күшімен емес, білім күшімен қай топ жеңіске жете алады екен?
І топ. 20301*67=303
II топ.71400/17=4200
ІІІ топ.28224/56=504
№8. «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы не білеміз? Ол қалай ойналады? Ал енді оқушылар мына теңдеуді дұрыс шешсек, біз тоғызқұмалақтан жеңгеніміз.
І топ. х+90=860*400
II топ.42600/х=15
ІІІ топ.147300/100=х*3
Тест орындату.
Үйге тапсырма .
№9,10. 227 бет.
Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.