Қос сөздер
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер
Мақсаты:
- 1. Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.Қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру.Сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.
- 2. Өз бетінше жұмыс жасау қабілетін және сөздік қорларын дамыту.
- Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Әдістері: Әңгімелесу, салыстыру, оқулықпен жұмыс, жаттығу, тест, топтық жұмыс.
Көрнекіліктер: Сюжетті суреттер, интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар.
Сабақ барысы:
І.Үйымдастыру бөлімін өткізу.
- Кіріспе бөлім.
— Балалар, бүгінгі сабағымыздың барысын алдағы уақытта келе жатқан Тәуелсіздік мерекесіне арнап, «Тәуелсіздік тарланы » атты ойын желісімен өткіземіз.
Ойын шарты: Алдымызда басқыш тұр.
Әр басқыштың өз тапсырмасы бар. Оны өз деңгейінде орындаған топ ұпай жинап сабағымыздағы «Білімді топ » болып, «Тәуелсіздік тарланы » атағын алады.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Және оны сыйлап ешкім бермеді.
Желтоқсанда қаза болған ұл- қыздың
Еңбегі мен бейнетінің шыңы еді- дей отырып,Тәуелсіздік күніне арналған сабағымызды мына жоспармен бастаймыз.
- Үй тапсырмасы. Тест жұмысы
2.2- жаттығу.“Қай топ тез орындай алады?”
3.4- жаттығу.“Өндірушілер мен тұтынушылар” ойыны
4.Бекіту.Терме диктант
5.Шығармашылық тапсырма
ІІ.1- басқыш. Тапсырманың мақсаты: ережені еске түсіріп, тест бойынша үй тапсырмасын бекіту.
Күрделі сөздер
- Біріккен сөздер (жолбарыс, Сарыағаш т.б.)
- Қос сөздер (ата –ана , дүркін –дүркін т.б.)
- Қысқарған сөздер (кг, БҰҰ т.б.)
- Тіркесті сөздер (Боз торғай, үш жүз т.б.)
Тест
1.Күрделі сөз дегеніміз не ?
А) Екі немесе одан да коп түбірден жасалған сөз.
Ә) Бір түбірден жасалған сөз.
- Күрделі сөзді табыңыз
А) Көшенің шамы жанып тұр.
Ә) Ақбөкен – қызыл кітапқа енген жануар .
Б) Түн мөлшерін біле алмады.
- 3. Біріккен сөздер дегеніміз не?
А) Қаратпа сөз.
Ә) Екі түбірден жасалған сөз.
Б) Бір түбірден жасалған сөз.
- Біріккен сөздерді тап.
А) Темір
Ә) Ақсақал
Б) Ағаш
5.Біріккен сөзді тап
А) Айша
Ә) Жұмыс
Б) Сарыағаш
Кілті
- А
- Ә
- Ә
- Ә
- Б
Бағалау.
“5” – 0 қате
“4” – 1,2 қате
“3” – 3,4 қате
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Оқулықпен жұмыс.
2 – басқыш. 49-жаттығу. «Қай топ тез орындай алады?» Тапсырманың мақсаты: Өлеңді оқып, қос сөздерді теріп жазу.Қос сөздің біріккен сөзден қандай айырмашылығы бар екенін айту.
Қора-қора қой жатыр,
Қарын-қарын май жатыр.
Түйе-түйе жүн жатыр,
Ауыл-ауыл ел жатыр.
3- басқыш. 50- жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жазады, қос сөздерді тауып, астын сызады.
Көре-көре көсем боларсың,
Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
4- басқыш. 51-жаттығу. Қос сөздерді оқып шығып, көшіріп жазады.
Биік-биік, ыдыс-аяқ, кіп-кішкене, көйлек-көншек, анда-санда, қарқ-қарқ, жап-жасыл.
ІV. Бекіту.
5-басқыш. 52-жаттығу. Шарты: Қарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазады.
- Қорытынды.
6- басқыш. Шығармашылық тапсырма.
— Балалар, манадан бергі айтылып жатқандарды ескеріп, әр топ өзіне берілген сурет бойынша сөйлемдер құрастырады. Ішінде қос сөздер болу керек, ұнаған сөйлемді тақтада жазып, қалғандары көшіріп жазады.
VІ Үйге: 1. 53- жаттығуды түсіндіріп беру. 82-бет.
- Ережені жаттау.
VІІ. Жеңімпаз топты анықтау. Білімдерін бағалау.