Ақиық ақын-Мұқағали!

Тақырыбы: Ақиық ақын-Мұқағали!

Мақсаты :   1. Мұқағали  өлеңдерінің  құдіреттілігін  таныту.

2.Поэзияға  деген   сүйіспеншіліктерін   арттыру.

3.Ақиық  ақын  Мұқағали  жырларынан   сусындатып ,ақынға

деген   құрметті   қалыптастыру.

Көрнектілігі: ақын   туралы    естеліктер ,  кітаптар,  ақын   суреті,     интербелсенді тақтада слайд.

Өтілу  әдісі :  шағын  әдеби —  монтаж , өлеңдер оқу,  сахналық  көрініс.

Сабақтың  түрі:  тәрбие  сағаты.

1.Сыныпты  ұйымдастыру.

1.Мұғалімнің   кіріспе  сөзі:

Құрметті    оқушылар ! Біз  бүгін   сіздермен   Ақиық  ақын

Мұқағали   Мақатаевтің   туғанына  84 жыл  толуына  байланысты

«М. Мақатаев – біздің   мақтанышымыз!»  атты  ашық  тәрбие

сағатында   отырмыз.

Қарасаз ,  Қара  шалғын   өлеңде  өстім.

Жақсы  жыр  жазсам , халқым  елеңдестің.

Өлсе  өлер   Мұқағали  Мақатаев

Өлтіре  алмас  алайда   өлеңді   ешкім!

Қазақ  поэзия   әлеміне шетсіз — шексіз  кеңістік  пен   көз  сүрінген

биіктік  әкелген  ақын . Кәусәр  сезім  мен  тояттамас  көңіл ,

шалқыған  шаттық   пен  мұңға  тұнған  махаббат ,  буырқанған

шабыт  пен  сабырға  көнбес   сағыныш  сыйлаған  ақын. Ұлы

ақын  М . Мақатаевтың  туғанына  биыл  84  жыл  толып  отыр.

Ендеше  бүгін  тәрбие сағатымыз  атынан  танылып  тұрғандай,

 

Хан  тәңірінің  мұзбалағы  атанып ,  өлең  өлкесінде  шамасына

Шаң  жұқтырмаған  дарын  иесі,  ақын   М .  Мақатаевқа  арналмақшы.

Сөз  кезегінде   ақынның  өмірбаянына  қысқаша  шолу  жасай  кетейік

(слайд  көрсетіледі)

Сәнді:

М. Мақатаев  Алматы  облысының  Нарынқол   ауданында   Қарасаз

деген   ауылда  1931 жылы   дүниеге  келген. Анасы  Нағиман  Батанқызы

және  әкесі  Сүлеймен  Мұқағали , Тоқтарбай ,  Көрпеш  есімді   үш  ұл

тәрбиелеп  өсірген  шаруа  адамдары . Мұқағалидің  10  жасында

әкесі  майданға   аттанады .  Он  жасар  болашақ   ақын  майданға  кеткен

әкесін  аңсап арнаған өлеңін  Аружан оқиды:

Ол  жерде Сырымбеттей  тау бар ма екен ,

Жайдақтың   шөбі  шүйгін  қаулар  ма  екен

Мінеки  көп  ай  болды  хабары  жоқ

Әкем  кеп  көңілімізді  аулар  ма  екен

Әкеміз  бір  әкеден  жалғыз  еді ,

Судағы  жаңа біткен  жалбыз  еді

Мінеки , көп  ай  болды  хабар  жоқ

Біз  дағы  әкемізге  зармыз  енді.

Қуаныш:

Әже баласы  болған  соң  анасы Нақа деп атаған . Анасы  мен  әжесінің  тәрбиесінде өсті. 1948 жылы  орта мектептегі интернатта  оқып  бітіреді .

Оқушылар кезекпен  Ана туралы өлеңдер оқиды.

Руслан:

1976 жылы 27 наурызда  өмірден  өтті. Топырақ   бұйырған жері Алматы .

 

Еңбек  еткен  жылдары  :  1948 жылы  Алматыда   шет  тілдер

Институтында  оқып  жүріп   отбасының   тұрмысы  ауыр  болғандықтан,

Оқуды  еріксіз  тастап ,  ауылға  оралады .  М .  Мақатаев  Киров

Атындағы  колхозда   кеңес  хатшысы  болып   жұмыс  істейді .

Оқушылар кезекпен омір туралы олең оқиды.

Бақытжан:

Ол  өте  көп   керемет  өлеңдер   жазған.  Жастардың  елді

Табиғатты  сүюге  үйретеді .  Оның  өлең —  жырлары : «Отан»

«поэзия»  «жас  қайың»  «аққулар ұйықтағанда» көптеген  шығармалары бар

Мұкағали —  халқын ,  ана  тілін ,  Отанын  қадыр  тұтқан   азамат

Ақын.  Ол «Үш  бақытым»  атты   өлеңінде  кеиінгі  жас  буынды

Халқын,  тілін,  туған  жерін  шексіз  сүюге  шақырады.

 

Оқушылар кезекпен Отан , табиғат, тіл туралы өлеңдерін оқиды.

Оқушылар хормен  Мұқағалидың әнін орындады.

Ақбота:

Мұқағалидің  да  аяғын  көп  шалдырғаны  рас.  « Артына  өлмейтұғын    сөз қалдырғаны да   ақиқат» .  Қазір  ол  ең  көп  оқылатын  ақын .   Мұқағали  мұрасы мәңгілік . Нағыз  халық  жазушысы  осындай  ақ  болар.

Абай  сөзімен  айтқанда:

Көп  адам  дүниеге  бой  алдырған

Бой  алдырып, аяғын  көп  шалдырған.

Өлді  деуге  сыя ма,  ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын  артына  сөз  қалдырған.

 

Мұғалім:

«Таудан алыстаған сайын оның биіктігі айқындала түседі» демекші , күн де өткен сайын Мұқағали ағамыздың ұлы тұлғасы шыңдала түспек !

Мұқағали поэзиясы шырқалып

Қыран құстай шарықтасын аспанда.

Өлеңі оның еш өлмесін, ұрпағы

Тойласын тойын

Шығарып атын аспанға!

 

«Батырды – батыр жеңер белдескенде»,

Шешенді шешен жеңер дау шешкенде.

Осымен тәмамдалды кешіміз бұл

Бақытты күндерде кездескенше.

 

Ұрпағы бар кезде ақын тойы жыл сайын тойланбақ!