Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілімен таныстыру; есептеу және есеп шығара алу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: есеп шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушылардың бойындағы рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоршаған ортасымен ізгілік қарым – қатынасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа, тапқырлыққа, байқағыштыққа, елін сүйетін және қорғайтын азамат болуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Алатаудың, Рәміздердің суреті, есеп жазылған топшамалар, слайд.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қозғау, талдау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру
а) сәлемдесу ә) түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) психологиялық дайындық
1. Үй тапсырмасын тексеру. Бет92, №7, 9.Есепте.
№7 Түбірі тең болатын теңдеулерді жұбымен жаз.
а) (х — 80):40=640 в) х – 80 = 640*40
Х=25680 х=25680
ә) (х – 80)*40=640 б) х – 80 = 640:40
Х=96 х=96
№ 9. Шығармашылық есеп.
II Жаңа сабақ . Бет 92
1. Балалар, Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілдерін үйренеміз. Оқулықпен жұмыс кезінде есептерді топқа бөлу арқылы және таңдау арқылы жұмыс жүреді. Артық қалған есептер үйге қалдырылады. Тексеру, дәптер ауыстыру арқылы тексеріліп отырады. Дұрыс шығарған оқушыларға Ту, Елтаңба, Әнұран беріліп отырады. Рәміздердің барлығын Алатау шыңына жеткізген оқушылар үшін « Мамандыққа жол ашық » логика есептері ұсынылады. Бұл дегеніміз елі үшін алдағы уақытта қандай қызмет атқаратынын білеміз.
- Оқулықпен жұмыс
№ 2. Оқулықтағы ереже оқылады. Тақтада түсіндіру.
Нөлмен аяқталатын сандарды жазбаша (қалдықсыз) бөлу кезінде алдымен бөлінгіш пен бөлгіштегі нөлдерді теңдей алып тастап, содан соң бөлуді орындау керек.
— Алда қандай мереке? Тәуелсіздік күні.
— ҚР-ның рәміздері Ту, Елтаңба, Әнұран.
— Ту, Елтаңба, Әнұранды қолына ұстап өз білімін көрсете Алатау шыңына кім шығады екен?
№1,2,3 есепті қатесіз орындаған оқушы Туды
№4,5,6 есепті қатесіз орындағандар Елтаңбаны
№7,8 есепті қатесіз орындағандар Әнұран әндетіп шығады.
Алатаудың шыңына шыққан оқушыға « Мамандыққа жол ашық » атты логика есептері беріледі.
№ 1. Ауызша есептеу.
45000:90= 500 24000:60= 400
45000:900=50 24000:400=60
45000:15=3000 24000:12=2000
45000:150=300 24000:120=200
45000:500=90 24000:800=30
45000:5000= 9 24000:2000=12
- Дәптермен жұмыс
Күн жады, көркем жазу минуты
210, 2100, 21000, 210 000, 901002000, 33020100, 50040102, 66004400
Тексеру кезінде дәптерлерін көршілерімен ауыстырып, тақтадағы жауабына қарап тексереді.
№ 3. Өзіндік жұмыс ұйымдастыру. Үш топқа бағандап бөліп беру.
548100:90= 6090 4200*70=294000 190*900=171000
326840:40=8171 3260*300=978000 127800:200=639
507000:60=8450 15300*80=1224000 196000:700=280
№ 4. Өзіндік жұмыс ұйымдастыру. Үш топқа бағандап бөліп беру.
54000=х*60 75000=b-25 9000=15*х 1200=360+х 90=5400:х 10000=9500+а
Х*60=54000 b-25=75000 15*х=9000 360+х=1200 5400:х=90 9500+а=10000
Х=900 b=75025 х=600 х=840 х=60 а= 500
№ 5 Тақтамен жұмыс.Қай топтан тез шешеді ,сол топтан бір оқушы тақтада орындайды.
В=250м Ш: S=(250+150)*250=100000м2
А=? 150м артық 100000м2:5=20000м2
Сұлы-1/5 100000м2— 20000м2=80000м2
Жонышқа-? Артық 80000м2— 20000м2=60000м2 артық себілді
- Сергіту сәті.
№6. Татада орындау. Бұл есепті топшамаға жазу, топтан бір оқушы таңдап алады, сол есепті шығарады. Қалған есепті үйге алады.
Сұрақтар: 1.Жылдамдықты қалай табамыз? U=S:t
- Қашықтықты қалай табуға болады? S=U*t
- Уақытты қалай табуға болады? t =S:U
А) 450км:6сағ=75км/сағ ә) 200км:20км/сағ=10cағ
Б) 320тг:4=80 в) (3*50)*4=600тг төленді
№ 7.Салыстыр. Ауызша орындау.Бұл есептеде таңдау, қалған есепті үйге алу.
А*(34*500) = 34*а*500 с*452*d < c*542*d
f*(2400+1200) < 2400*f+12000*f b: (200*100) = (b:200):100
№8. Бір таңбалы сандардың квадрат мәндерін есіңе түсір. Бұл есептеде таңдау, қалған есепті үйге алу.
8264-56=8 9281- 67=14 8026400- 56= 6344 9028100- 67=8033
7249-34=15 42 16+351=367 7024900- 34= 4866 4021600+ 351=1951
4216+300=316 224+ 400= 404 4021600+ 300=1900 202400+400=800
№ 9. Есепті шығар. Тақтамен жұмыс.Қай топтан тез шешеді, сол топтан бір оқушы тақтада орындайды.
160км-22км=138км 160км-( 46км*2)=68км екі күнен кейін жүру керек.
« Мамандыққа жол ашық »
Топтан дұрыс есептеген оқушылар үшін логикалық есептерді таңдап, шешу жұмысын жүктеу.
Сұрақтар:
- 1000 санында барлығы неше ондық бар? ( 100)
2. Фигураның ұзындығы мен енін қосып, екіге көбейткенде не шығады?
3. 1 дм2 неше см 2 тең? (100см2)
4. 104 санының бірлігін ата? (4)
6. Ересек адамның жүрегі 1 минутта 5л қан айналдырса, 1сағатта неше литр қан айналдырады?
1 тәулікте ше? (1сағатта- 60мин*300л), (300л*24сағат=7200л)
- Қандай сандарды жұп сандар деп атаймыз?
(2-ге қалдықсыз бөлінетін сандарды жұп сандар деп атаймыз).
- 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандарды қандай сандар дейміз?
(тақ сандар деп айтамыз).
- Натурал сандар дегеніміз қандай сандар? (Санау үшін пайдаланылатын сандар).
- Нөл натурал санға жатады ма? (жоқ)
- 11. 6 санының кубы неге тең? (216)
- 7 сағ 60 минутты минутпен өрнекте (480мин)
- Бір ғасырдың 10-нан бір бөлігі қанша?(10)
- Екінші кластың 72 бірлігінен және бірінші кластың 7 бірлігінен тұратын сан.(72007)
- Олжас бір сан ойлады. Егер санды 45-ке кемітсе, мәні 20-ға тең болады.
Олжас қандай сан ойлады? (65)
III.Сабақты қорыту.
- Үйге тапсырма беру
№ 6, 7, 8,-дің қалғандары және №9.
3. Бағалау, күнделікке қою.