Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Сабақтың мақсаты:1. Пайдалы қазбалар туралы білімдерін жетілдіре отырып,олардың түрлері,қасиеттері,өмірде пайдалануы және өз жеріміздегі пайдалы қазбалар туралы білімдерін кеңейту. 2. Ой-өрістерін дамыту,өз ойын ашық білдіруге,пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру. 3.Өз елінің байлығын мақтан тұтуға тәрбиелеу. Түрі: Жаңа сабақ Әдісі:Талдау-жинақтау,топтау.СТО технологиясы,сұрақ-жауап.ізденушілік
Көрнекілігі:интербелсенді тақта,слайдтар,карта,үлестірмелі қағаздар,кесте,тест сүрақтары
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Көңіл-күй тренингІ:
III.Психологиялық дайындық.
Табигат бізің анамыз,
Табигатқа баламыз.
Табигатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңғеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
IV.Проблемалық сұрақ-Адам пайдалы қазбаларды қолданбай өмір сұруі мүмкін бе?
-Пайдалы қазба дегеніміз не?
Жалпы сұрақ сыныпта пайдалы қазбалардан алынған өнімдер барма?
- Мағынаны тану
Жаңа сабақ Топтастыру
ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР 1.ТОП:Жанғыш пайдалы қазбаларды ата/ тірек сызба/
2.Топ:Кенді пайдалы қазбалар /тірек сызба/ әңгімелеу
3.Топ:Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар /тірек сызба/
Қазақстанның пайдалы қазбалар картасымен жұмыс/ слайд/
С е р г і т у с ә т і. Шахтер келді шахтаға
Көмір қазып жалпыға
Дайын болған көмірді
Ұсынады халқына
2.Танымдық тапсырма.
1.топ .Мәтінмен жұмыс «Ас-адамның арқауы».
2.топ.»Құрылысшылар»мәтінмен жұмыс
3.топ.» Кеншілер» мәтінмен жұмыс/таратылған тапсырма/ Н.Ә.Назарбаев:» Қазақстан өзінің табиғи байлықтарын тиімді пайдалану арқылы уақытша қиындықтарды жеңіп ,қарқынды экономикалық даму сатысына көтерілуге қабілетті»
Елбасымыздың осы сөзі туралы сөз қозғау. Пікірлерін тыңдау.
Табиғат байлықтары деп отырғаны не?
Оны тиімді пайдалану дегенді қалай түсінесіңдер?
Экономикалық даму сатысына көтеретін кімдер?
Сұрақтар: 1.топ зауыттың , фабриканың директоры болсаң ,сен қоршаған орта таза болу үшін не істер едің?
2.топ: Пайдалы қазбалар туралы жұмбақ құрастыр
3.топ:»Адамның табиғатсыз күні жоқ»деген сөйлемнің мағынасын аш.
К О Р Ы Т Ы Н ДЫ: Тест сұрақтары / 2 мин./ 1.Пайдалы қазбалар қолдануына қарай нешеге бөлінеді? а/ 2. ә/ 3. б/ 4. 2.Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады ? а/ мұнай , гранит, мыс ә/ тас көмір, мұнай, газ б/ тас көмір, қорғасын 3.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан ? а/ Өскемен, Семей ә/ Маңғыстау,Атырау б/Қарағанды,Екібастұз 4. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіріледі ? а/тас көмір , мұнай ә/ қорғасын, аллюминий б/ мұнай, газ 5. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады? а/ тұз, фосфорит,әктас ә/ мүнай, гранит, тұз б/ металл, газ Тест жұмысын оқушы бірін-бірі өзі тексереді
- Бағалау.
Оқушылар жинаған текшелеріне қарай бағаланады.
Х. Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқу.
«Менің елім — бай ел» тақырыбына шығарма жазып келу. Сұрақтар:Ертең қандай мереке? Көңіл күйіңіз қандай?Тәуелсіздігімізге неше жыл? Олай болса, сабағымызды «Жаса,Қазақстан!» әнімен аяқтаймыз /слайд/