Математикадан 9 сыныптарға өткізілген «Эрудит» атты ойын-сайыс
Математикадан 9 сыныптарға өткізілген «Эрудит» атты ойын-сайыс
Ойын-сайыс «Эрудит»
Мақсаты: Оқушыларды мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру.
Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Команда құрамында: 4 адам.
Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері.
Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және мұғалімдер
Сайыс барысы:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата-аналар мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепке де отырамыз.
2- жүргізуші: Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз.
1- жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын
Әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алқасының алдына дайындалып қойылған.
2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
1- жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы ортаға шақырамыз.
1 топ
2 топ
3 топ
Сонымен сайысымызды бастаймыз.
Сергіту
Әр командаға кезекпен сұрақ қойылады. Жауапты тез қайтару керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай. Егер команда жауап бере алмаса, жауап берген топқа жарты ұпай беріледі. (0,5 ұпай)
Есептер:
- 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады? (18)
- Әкесі 30 жаста, баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады. ( ешқашан)
- Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса? ( 9)
- Бір адамнан, қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап:
«Менде қанша қызым болса,сонша ұлым бар.Әр ұлымда 3 қарындасы бар». Бұл отбасында неше бала? (6)
- Алты ағайынды туралы, (Мальчик-с-пальчик) Перро ертегісінде автор не себептен екені белгісіз, бір отынкесуші (дровосек) отбасында жеті ағайын және әрқайсысында жеті қарындастан болғанын айтпапты.Сонда бұл ертегідегі отбасында неше бала болған ? (14)
- Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше адам бар? (3) ата , әке , немере
- Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын, бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені?
(қызымсың дегені)
8 . Бір азаматтың әкесі Азамат Сарсенұлы, ал оның ұлы – Аслан Болатұлы. Ол азаматтың аты-жөні кім?
(Болат Азаматұлы)
9 . Отбасында өмір бойы мен өзім жалғыз өстім
Бұл шындық , басынан аяғына дейін.
Бірақ суреттегінің ұлы,
Менің әкемнің ұлы
Суреттегі кім? ( Менің әкем)
10 . Күйеуі мен әйелі және ағасы мен қарындасы 3 алма алып, бірдей бөліп алды. Әрқайсысы қанша алмадан алды?
(1) күйеуі, әйелі, ағасы (қарындасы)
11.Таяқтың екі басы бар.Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? (2)
- 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек? (9)
- Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)
- Ойыншылар шахматты 4 сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4)
15.Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды..Әрқайсысы неше партиядан ойнады? (2)
«Бәрі бір әріптен» сайысы
Командалар «П» әрпінен басталатын математикалық терминдер жазады. Ең көп термин жазған команда- 5 ұпай, келесі- 4 ұпай , үшінші- 3 ұпай , т. с . с.
«Капитандар сайысы»
Әр сөзге үш анықтама беріледі. Егер бірінші сөзден шешілсе — 3 ұпай, екінші сөзден – 2 ұпай, үшінші сөзден – 1 ұпай
- Бұл саған … дейді шешесі
Үзіліс арасында ыңғайсыз жағдай
Тынымсыз оның аяқталғанын тосасың
( сабақ )
- Өзі қарбызға ұқсас
Геометриялық дене
Біз онда өмір сүреміз
( шар)
- Үлкендер сөзімен , өмір- ол …
1 сынып сонымен басталады
11 сынып сонымен аяқталады
(емтихан)
- Нөл болып жазылып, нөлге бөлінеді
Онымен банк несие береді
Санның жүзден бірі.
( процент)
- Бір амал бар
Оның кестесі де бар
Ал байлыққа байлық қосылса
(көбейту )
- Бөлмеде ол төртеу
Бұзықтарды сонда қояды
Транспортирмен өлшенеді.
(бұрыш)
- Бір, үш, бес, он
Жиырма, елу
Жүз, екі жүз, мың бар,
Әрқайсысының құны бар.
( теңгелер)
- Сабақ арасындағы
Мектептегі ең жағымды сәт
Өзі тез аяқталады.
(үзіліс)
- Үздіктер оны сирек жасайды
Содан сабақ алады
Ол үшін баға кемітіледі
( Қате)
- Әр есепте бар
Оны тауып алуға немесе қарап алуға болады
Шешесі баласына: «Бұзақылық жасасаң …. бере біл.
(жауап)
«Команда мүшелерінің сайысы»
Команда мүшелері жеке-жеке тапсырмалар алады.
- Адам суретін салу.
( геометриялық фигуралар, цифрлар, математикалық символдар, таңбаларды пайдалану керек)
- 2. 6 тоқитын сымнан сегіз үшбұрыш шығару.
- 3. 24 шырпы 9 шаршы құрап тұр. 8 шырпыны алғанда, 2 шаршы шығуы керек.
«Викторина»
- Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (тесік)
- Қосарланып жегілген ат-арбамен Қайрат 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (25)
- Бір тонна темірмен, бір тонна мақтаның қайсысы ауыр?
( бірдей )
- Тауық бір аяқпен тұрғандағы салмағы 5 кг, ал екі аяқпен тұрғандағы салмағы қанша? ( 5 кг )
- Бес бұтақты теректе
Бұтақ сайын 5 алма
Біреуін бер берікке
Қалады сонда қанша алма?
( Теректе алма өспейді )
6.Ағасында 12 кәмпит, ал інісінде екеу .
Екеуінде бірдей болу үшін ағасы інісіне неше кәмпит беру керек? ( 5)
- Қонақ келер алдында Марал ыдысқа бүтін алма, екі жарты алма және ¼-ден 4 алма салды. Маралда неше алма болды? ( 3 )
Қорытындылау. Әділқазыларға сөз беріледі.