Әз Наурыз құтты болсын !

Әз Наурыз  құтты болсын !

Мақсаты : Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің,іргесі сөгілмеген бірліктің,ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының салт дәстурлері,ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып,олардың тарихи маңызын түсіндіру. Халқымыздың салт –дәстурін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне,жеріне деген сүйіспеншілікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктері : нақыл сөздер,суреттер,киіз уй жабдықтары,көрме.

 

Әдісі : Сахналық көрініс,әдеби-монтаж,өлеңдер.

 

«Наурыз »әні орындалады .

 

Мұғалім : Наурызым,жаңа жылым төрге шық,

                  Өлеңменен жанымызды тербетіп,

                  Шат көңілді көкжиекке өрлетіп,

                  Бір ғажайып,күйге бөлеп жұртымды,

                  Шуақ күннің шапағына боянып,

                  Жер дүние ұйқысынан оянып.

                   Әз Наурыз,ғазиз көктем төрге шық

 

Құрметті ұстаздар,оқушылар !

Бүгін Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мейрамы.Наурыз салтанаты. «Наурыз сөзіне тоқталатын болсақ, Нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді.» .

   Нұх Пайғамбардың кемесі Қазығұртқа келіп тоқтауы күн мен түннің теңескен сәтіне тең келеді.Осы күні ұлан асыр той жасаған. Сол ұлы салтанатқа адам мен аң-құс,жәндік пен өсімдік секілді тіршілік біткеннің бәрі түгел қатысып, өз өнерлерін көрсеткен. Осылай Қазығұрт тауындағы алғашқы қуаныш үлкен мерекеге ұласып, жаңа ұлыстың ұлы күні ретінде ұлықталып, бұл күн жаңа жылдық –Наурыз тойының басы ретінде кейінгілерге мирас боп қалған.Осы ұлыстың ұлы күнінде ата салтымыз бойынша тойдың бастауын еліміздің патшасы ашатын болған. Олай болса, ортаға патшаны шақырайық !(Ортаға патша шығады.)

 

Патша : Армысыңдар,жәмиғат !

               Ару көктем,Әз Наурызым,ақ күнім

               Ала келген бар әлемнің шаттығын,

               Қазан-қазан көже жасап,

               Азан-қазан көңілменен күй кешу,

               Біздер үшін бақ бүгін.

                Ұлан-ғайыр мынау қазақ даласын,

                Мекендеген Ұлы,Орта,Кіші жүздің баласы,

                 Бірлігіңмен,тірлігіңмен басқа елді қаратқын.

               Біліміңмен,білігіңмен таласқын.

             

 

               Ынтымақты,ырысты ел деп,

               Бізді сүйіп таң атсын.

               Олай болса, Әз Наурыз жаңа күнім біздерден,

               Адалдық пен іргеміздің бөлінбеуін сұрап тұр.

               Наурыз тойын құлдық ұрып қарсы алып,

                Тамашалайық ,бастауыш сынып балдарын !

 

(Уәзірлері ортаға патшаны отырғызады )

 

1-жүргізуші :  Наурыз айы  нәр алған ақ ырыстан,

                         Наурыз айы жаралған сағыныштан.

                          Көгершіндер көгімде қалықтайды.

                          Ақ тілектер жүректі жарып ұшқан.

 

Қадірменді патша, уа халайық!ортаға  Ару Көктемді шақырайық !

 

(Музыка орындалып, ортаға Көктем шығады )

 

Көктем : Тербесе жанды сиқырлы сазды құс әні,

                Самал желменен қиялың қырға ұшады.

                Ғаламның барлық ғажайыптарын жинаған,

                Даламның пай-пай!

                Не деген алып құшағы.

 

Қадірменді патшам, уа халайық сіздерге арнап көктемнің жылы шуақ күндерінен  әсем ән жолдаймын!

 

Ортаға Ару Көктем әнші қызды алып шығады.

 

  2-жүргізуші : Қазақтардың астрономиялық түсінігі бойынша Жаңа Жылда Күннің көзі көрінген уақыттан кейінгі екі сағат «Күн сәті деп аталады.»

Егер кімде-кім Ұлыс күнін «Күн сәтінде» күн шұғыласын маңдайымен тосып қарсы алса, оған Наурыздың құты дариды деген дәстүрлі ұғымға сай Жаңа күнді қарсы алу салты қалыптасқан. Күлімдеген күнге бәріміз  иіліп сәлем беріп,»Құт дарысын деп тілейік !»

 

Ортаға Күн шығады.

Басталар  тіршіліктің той думаны,

 Оянар жан-жануар ой қырдағы.

Боянар күннің суттей сәулесіне

Аққулар жүзіп жүрген айдындағы.

 

 

 

Күн: Уа халайық, Ару көктем, қадірменді патшам сіздерге арнап биші қыздарым мың бұралып билеп берсін. Қарсы алайық !

 

(Биші қыздар би билейді )

 

МҰғалім : Ұлыстың ұлы күні ,яғни Жаңа жылда Наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні даланы Қызыр баба аралайды екен. Қызыр баба үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас деп» төрге қос шырақ жағып қояды екен.   Жақсылықтың жаршысы Қызыр бабаны қарсы алайық !

 

Қызыр баба : Ақыл –ойды асырып,

                       Ата салтын сақтаңдар,

                        Дұрыс сөзге тоқтаңдар,

                        Ұлы күні ұлыстың

                         Өкпе назды тастаңдар.

                         Мынау тұрған халықты

                         Ынтымақ пен достыққа,

                         Жақсылыққа бастаңдар.

                         Айналайын ел-жұртым,

                         Орындалсын арманың,

                          Жайқала берсін орманың. Әумин.

Ал,балапандарым,ата салтын ұмытпай,ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Ал,қане,ортаға өнерлеріңді салыңдар.

 

1-жүргізуші : Қызыр бабамызға арнап 4»а» сынып оқушысы Азанова Ділдә күй тартады.

 

Қызыр баба бата береді : Уа құдайым оңдасын,

                                            Жаманшылық болмасын,

                                            Аруақ біткен жар болып,

                                            Қызыр бабам қолдасын.

                                             Аман сақтап,төл басын,

                                             Еккен егін солмасын,

                                              Орта толып ырысқа,

                                              Бейбіт өмір орнасын.

                                              Бақыт ашып қақпасын,

                                              Мәңгі бақм жаппасын.

                                              Пәле-жала қазақты,

                                               Іздесе де таппасын. Әумин !

 

2-жүргізуші : Халықтың ұғымында Наурыздың  20-22 аралығында әз кіреді деген ұғым бар. Ол әуеде болар-болмас діріл  мен гүрілдің пайда    болуы арқылы білінеді.

 

 

Әздің жүруімен көк,ағаш тал,бұта сияқты тіршілік атаулыға жан бітіп, жаңа тіршілік басталғанынан хабар етеді.Халық шат-шадыман болып қуанышқа кенеледі. «Әз болмай,мәз болмайды» деген мақал содан айтылса керек.

 

  Мұғалім : Тарқалмасын Ұлы Наурыз мейрамы,

                    Тойға ұлассын қазағымның тойлары,

                     Әр жыл сайын ән мен жырға бөленсін.

                     Ұлыс күні Ұлы Отанның аймағы.

                      О,жас ұрпақ,

                      Жарқылдаңдар,күліңдер.

                      Бақытты өмір,баянды өмір сүріңдер.

                      Бар жақсылық-Бейбітшілік,Білімде,

                      Ұлы Отанды ардақ тұтып жүріңдер.

 

-Құрметті оқушылар сіздерді  Ұлыстың ұлы мерекесімен  құттықтай отырып,

Дендеріңізге саулық ,отбастарыңызға аманшылық,береке бірлік тілей отырып, ортамыздағы білімді оқушыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер.

 

Оқушыларға марапаттау қағаздары тапсырылады.