Наурызкөже . М. Дулатұлы

Сабақ тақырыбы:  Наурызкөже . М. Дулатұлы

Сабақ  тақырыбы:  

  1. Білімділігі: Мәтінді түсініп оқу. Мазмұны мен идеясын

ашуға көмектесу

  1. Дамытушылығы : Оқушылардың ойлау шеберлігі мен

                              сөйлеу   мәдениетін дамыту.

  1. Тәрбиелігі : Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру .

Сабақ типі: Жаңа сабақ.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Сұрақ -жауап , әңгімелеу , іздендіру,тапқызу, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақ әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, топпен

жұмыс, мәнерлеп оқыту, қызығушылығын ояту.

Сабақ көрнекілігі: тірек сызба автордың суретін,наурыз той,  наурыз көже  суреттер,

Интерабелсенді  тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылардың сабаққа қатысымы мен дайындығын тексеру

ә) психологиялық дайындық

Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.

б) бағалау парағын тарату, жұппен

 

Сабақ айтуы
Ойын жеткізуі
Сөйлеу мәнері

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  «Құстардың ұя салуы» ертегісін түсініп оқу, мазмұнын айту.

сұрақ- жауап арқылы тексеру

  1. Ертеде күллі құс атаулы қалай тіршілік етіпті?
  2. Құс патшасы құстарға қандай өсиет айтыпты?
  3. Қарлығаштың ұясының кемелді болып шығуының себебі неде?
  4. Ертегідегі құстардың өсиетті тыңдауынан қандай қорытынды шығаруға болады?

 

ІІІ. Жаңа сабақ

              Қызығушылықты ояту

  1. Мына суреттерге қарап ойларына не келеді ?

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ деп ойлайсыздар?
  2. Сіздер білесіздер ме наурыз көже қалай жасалатының?

-Сонымен бүгін біздің тақырыбымыздың аты қалай екен?

-Наурызкөже

-Ал, енді мына портретке назар аударайық. Бұл кім?

— Міржақып Дулатұлы не білеміз?

 

 

ақын                                        жазушы

 

 

 

педагог

 

 

 

қоғам қайраткері                                                                25 қараша 1885 туған

 

   Сарықопа уезі                                                            Торғай облысы

саясаткер

 

 

            Сабақтың мақсатын сұрау

  1. Кесте толтыру
 Наурыз туралы не білем?Мәтіндегі наурыз жайлыСәйкестік

 

Мағынаны тану

  1. Оқушылар өздері іштей оқып шығады
  2. Тізбектеп оқу, бөлімге бөліп. Әр бөлімді түсіндіру

Ұлыстың ұлы күні жасалатын-қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Тұз бен суды қосқанда дәмнің саны тоғыз болуы тиіс. Түркі халықтарының ұғымында жеті мен тоғыз және қырық-аса киелі сандар. Сол себепті наурыз көже аса қасиетті тағам болып саналады. Оған қоса, ол –тоқшылық пен ырыс құттың белгісі.

Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалған?

— Жеті деген киелі санға құрылған.

Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны — өмір өзен, ұрпақ-өріс судай асып-тасысын дегені болса керек.

Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз – астың дәмін келтірер, мақал – сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал айтқан. «Құр бос жүре бермей нәтиженің дәмін білейік, бір-бірімізге дәмді сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса керек.

Сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет.

«Ағы бардың — бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен жасалады. «Қазақ» сөзінің тіркесіндегі «ақ» сөзі де осымен жалғасып тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.

Құрт қосатын себебі – құрт күшті ас. Әр түрлі тамаққа пайдаланады. Әсіресе жазғытұрым уақытта пайдасы мол. Әлсіз, аурушаң адамдарға қуат береді. Бұл асты — қуаттың көзі болсын, ел қуаты нығайсын, денсаулығы берік болсын деген ырымға негіздесе керек.

Наурыз көже қазақтың ең жақсы көретін, негізгі ас дәмдерінің бірі – ет қосылады. Қазақтың табиғаты мал мен біте қайнасқан болса, ет – қазақтың төл асы. Қазан толсын, асар мол болсын деген мақсатта «ұзынсарыға» сақталған сүрі етті тұтастай Наурызкөжеге салып қайнатады.

Арпаны қосады. Арпа дәрілікке ем. Білетіндердің айтуынша, арпаны жиі пайдаланатындардың қаны бұзылмайды. Ирак тәуіптері бұл дәнді «ғажап құтты дән» деп атаған. Көптеген ауруларға шипалы.

Ал, күріш. Күріш те денсаулыққа шипа, ішкі құрылысты тазартатын табиғи элементтерге бай дәнді дақыл. Жалпы, Наурыз көжеге дәнді дақыл пайдаланатыны – бір тамырдан өсіп-өнген күріштей ұрпағымыз көп болсын деген тілек болса керек. Наурызда берілетін бата нышаны осы Наурыз көжеде де сайрап тұр.

Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек.

Наурыз көжеге белгілі бір дәмді ғана салу керек деген арнайы нұсқау жоқ. Жеті түрлі дәм салынады әрі «тек мына дәм салыну керек» деп шектеу қоймаған. Әркім қолындағы бар азық-түлігіне қарайды. Тек міндетті түрде дәм саны жетеу болған. Сөйтіп, Наурыз күні қазандар көжеге толады.

Тоқшылық дегенді қалай түсінесіндер?

  • Тоқшылық- баршылық, молшылық, жеткілікті тағам, жегеннің алдында, жемегеннің артында.
  • Ырыстық- ынтымақ, достық, береке.

 

Сергіту сәті. Қысқаша қара жорға биін билеу

Келесі бөлімді оқу.

Діни мейрамдар: Мәулет күні, ораза, айт, құрбан айт

Ұлттық мейрам: Наурыз

Мемлекеттік мейрам: Тәуелсіздік күні, Президентіміздің тұңғыш күні, 9 мамыр, 1 мамыр.

 

Келесі бөлімді оқып , талдау. Дүние жүзілік картамен жұмыс

  • Наурызды қазақтан басқа күншығы елдерінің көбі тойлаған екен. Мысалы:Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кавказ т.б.
  • Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, дәлелді. Өйткені наурыздың ескіше тоғызында, жаңаша жиырма екісінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетеді. Жаңа жыл келеді.

Кесте толтыру

 Наурыз туралы не білем?Мәтіндегі наурыз жайлыСәйкестік

 

Ой толғау

 

4 жол өлең

……………. ұлттық мейрам,

…………….  көже пісірген.

…………….. дәмді,

…………. болды   сәнді.

 

 

Тест

  1. Наурызкөжені тап

а) алма, ет, ормажапырақ, тұз, су, май, қызанақ

ә) бидай, күріш, тары, су, айран, тұз, сүр ет, арпа, бұршақ.

б) бидай, тұз, жапырақ, жусан, мейіз, сәбіз, ет.

 

  1. Наурызды көбінде қай елдер тойлайды?

а) Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кавказ

ә) Үндістан, Ресей, Америка, Германия

б) Кавказ, Америка, Ресей, Иран

 

  1. Көжеге неше тағам қосылады?

а) 7-5

ә) 7-8

б) 7-9

 

Кесте толтыру

 Наурыз туралы не білем?Мәтіндегі наурыз жайлыСәйкестік
++ 

+

 

 

 

Наурызда не айтылады? Кешіріседі. Бір- біріне бата айтады.

 

Батамен ел көгерер

Жаңбырмен жер көгерер. Бата айту

 

Бағалау

 

Үйге тапсырма:

  1. Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
  2. Наурыз мерекесіне байланысты жазылған шығармалар жинау.
  3. «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында шығарма жазу.