Н.Айтов «Ана тілім»

Пәні: әдебиет

Өткізілген мерзімі:                

Сабақтың тақырыбы: Н.Айтов «Ана тілім»

Сабақтың мақсаты:

1.Өлеңнің идеясын ашу арқылы тіл мәселесіне мін беріп, өмірмен байланыстыру

2.Өлеңді тіл ерекшелігіне мән бере талдау Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. Шығармашылық қиялының  ұшталуына мүмкіндік беру.

3.Өзін-өзі тану, сыйлау, ұғымдарының терең мағынасының бірі- ана тілін білу екенін сезінуге мүмкіндік беріп, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Қ.Р. Конституциясының баптары, қосымша материалдар, маркер, плакат, мультимедиа   кабинеті.

 

                                        Сабақ барысы:

Шаттық  шеңбері

Топқа  бөліну.    Өлең  шумақтары  арқылы топқа  бөлінеді.

 Бейнеролик .          Нұрға  бөлену.

  І. Қызығушылықты ояту.

—   Неліктен  бүгінгі  сабақта  топқа  өлең  шумағымен  бөліндік деп  ойлайсыздар?

—   Бүгінгі  сабақ  не  туралы  болмақ?

…….

  • Өз  ана  тілімізді  қалай  дәріптер  едік?
  • Қ.Р  Конституциясының  7  бабында   ҚР  Мемлекеттік  тілі – қазақ  тілі.    әр  адам  мемлекеттік  тілде  сөйлеуге  міндетті  делінген.
  • Ақын да,  жазушы  да,  суретші  де  өз  тілінде  жырлайды.
  • Біздің  ана  тіліміз  қай  тіл?
  • Қазақ  тілі
  • Тіл  туралы  бұрыннан  таныс  ақын-жазушылардың  қандай  өлеңдерін  оқыдық.?   Еске  түсірейік.

 

 М ағынаны  тану.

Автор  туралы  мәлімет.

 

Несіпбек Айтұлы — 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген

 

 

 

 

 

 

 

Хронологиялық  кестемен  таныстыру

Оқулықпен  жұмыс.

«Ана тілім» өлеңін оқып,мазмұнын түсіну

  • Ана тілін қалай сипаттаған?
  • Ақын өз тілін білмейтін адамның сезімін  қалай суреттеген?
  • Ана тілі арқылы адам қалай өседі?
  • Өлеңде ана тілі қандай көркем сөздермен дәріптелген?
  • Бақ тілі, дана тілі, пәк тіл,бесіктегі ән, алтын ұя

 

Оқушылардың  тізбектеп  оқуы

 

Топтық  жұмыс.  Полиглот 

 

Ақ  дуалдың  ар  жағында  қызыл  ат,

Байлауынан  бір  босамас  қызық  ат.                Т іл –язык –

Тіл  сөзіне  сөзжұмбақ  құрау.

 

Сырттай  ұқсас  малтаға,

Қ аламның  бұл  ғажабы.

Ж  ылтыр  қара  тақтаға

А ппақ  сүтпен  жазады.                       Бор – мель —

 

 Бор  сөзіне  сөзжұмбақ  құрау.

 

К өп  тіл  білгеннің  қандай  пайдасы  бар?

Тіл  білмегеннен  қиналған  кездерің  болды  ма?

 Мақалдың  мәнін  ашу.

Тіл  туралы    шығарма  жазу  ұсынылады.

Оқушылардың  шығармалары  тыңдалады.

 

VІ.Ой толғаныс

 

Тест

 

  1. Өлеңнің қай  шумағында  өз  тілін  білмейтін  адамның  сезімін  бейнелеген?

 

А)  2                      Ә)  3                                                  Б)  1

 

  1. Өлеңдегі негізгі  ой  қай  мәселенің  төңірегінде  құрылған?                

 

А)  Туған  тіл                       Ә)   Туған  халық             Б)  Туған  жер

 

  1. Қайсысы дұрыс?

 

А)   Заңды  орындау  міндетті емес.

Ә)    Тіл  туралы  заңды  адам  орындауы  тиіс

Б)    Мейрамдарда  орындау  керек

 

  1. Ана тіліне  деген  сезім деріңізді  не  арқылы  білдіресіздер?

 

А)  Мақал – мәтел                 Ә)  Тіл                       Б)    Тест

 

  1. Н. Айтов  қай  жылы  дүниеге  келген?

 

А)  1945   ж                             Ә)  1984  ж                            Б)   1950 ж

 

 

 

 

VІІ.Үйге тапсырма.

  • Өлеңді жаттау және тілге  байланысты  мақал – мәтел  жинақтау.

 

 

Бағалау.

12 балл

Мәнерлі оқуы Топтық  жұмыс Шығарма Тестбалл
1   2    31  2   3 1   2   3  1  2  3 

 

 Бағалау   шкаласы

10 – 12         « 5 »

9 – 7              «4»

6 – 4              «3»

3 – 1              «2»

 

 Кері байланыс: