Мысық пен тышқандар
Сабақтың тақырыбы: Мысық пен тышқандар (ертегі)
Сабақтың мақсаты: Ертегіні мәнерлеп түсініп оқуға, мазмұнын түсініп, өмірмен салыстыра
білуге дағдыландыру.
Оқығандарын жүйелі түрде баяндауға, өз беттерінше қорытынды жасап,
дәлелдей бідуге машықтандыру.Саналы түрде оқуға жаттықтыру. Ой –
өрістерін арттыру.
Үлкенді тыңдай білуге, құрметтеуге, ақылды болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, баяндау, ішінара ізденушілік, болжау, тірек- сызба
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы: 1. Алғашқы ұйымдастыру
- Үй тапсырмасын сұрау.
С. Көбеев. Шал мен балалар. Бірнеше оқушыдан сұралады.
«Ата ақылы» өлеңін еске түсірту, жатқа сұрау.
- Жаңа білім. Мысық пен тышқандар Ертегі.
а) даярлық жұмысы
— Балалар, бүгінгі сабақты қандай шығарма оқитынымызды тауып көріңдер. Оны табу үшін әр екі әпіптен кейінгі әріптерді қосамыз.
тмениркотикешугнжі (ертегі)
-Ертегі дегеніміз қандай шығарма? Тірек –сызбамен жұмыс
Ертегі түрлерін айтады.
Ертегінің кейіпкерлерін атаңдар.
-Сендер ертегі оқығанды жақсы көресіңдер ме? Ендеше бүгінгі ертегіміздің кейіпкерлірін анықтау үшін мына жұмбақтарды шешіп көріңдер.
ә) жұмбақ шешу
- Мысықтан қорқады,
Түнде жортады. (тышқан)
- Тонын кие туған,
Жалап бетін жуған. (мысық) Бүгінгі оқитын ертегіміз мысық пен тышқан туралы екен.Бұл ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар? Өздерің олар туралы не білесіңдер?
Мысық туралы кім айтады?
Тышқан туралы не білесіңдер?
б) Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні оқыту.
-алдымен іштей оқу, түсініксіз сөздерді түртіп отыру.
-дауыстап оқыту, оқыған бөліктің мазмұнын айтқызу
-Ертегіні тұтас оқыту
-Ертегінің мазмұнын талдау:
1.Мысық пен тышқан бір – бірімен қандай болған?
2.Бір күні мысық не деп жар салады?
3.Оған қандай тышқандар сенеді?
4.Кәрі тышқандар не дейді?
5.Жас тышқандар қандай күйге ұшырады?
Дәптермен жұмыс.
Ертегіде қандай нақыл сөз бар?
«Бәрі таппаған ақылды кәрі табады» Дәптерге жазу.
Ертегінің мазмұнын жалғастыра отырып айтқызу.
Бекіту.
Әңгіме кестесі
Әр оқушыға кесте сызылған парақшалар таратылады, өз беттерінше толтырады. Бірнеше оқушыға оқыту.
1 | Ертегінің тақырыбы | « Мысық пен тышқандар» |
2 | Кейіпкерлері | Мысық, жас тышқан , кәрі тышқан |
3 | Ертегінің соңында не болды? | Жас тышқандар мысықтарға жем болды. Кәрі тышқандар аман қалды. |
4 | Ертегінің негізгі идеясы: | Үлкеннің ақылын алу, тыңдау |
5 | Түйін | Үлкенді тыңдаған ешқашан ұтылмайды |
Үйге тапсырма : №3 тапсырма 118-бет, 6- тапсырма бойынша сурет салу.
Бағалау.