Ондық бөлшектерді қосу (есеп шығару)

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу (есеп шығару)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ондық бөлшектерді  қосу ережесін айта білу, біліктерін

                    логикалық оймен іске асыра білу

Тәрбиелік: Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,

                    математикалық мәдениетке тәрбиелеу, жүйелі түрде

жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге үйрету

Дамытушылық: оқушыны ұқыпты тыңдауға, практикамен

                    ұштастыруға, тез шешім қабылдай білу мақсатында өз

білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру

Көрнекіліктер: үлестірмелер, слайдтар, бағалау фишкалары,семантикалық карта, тестік тапсырмалар

Сабақтың түрі: Дамытушылық

Сабақтың әдісі: СТО элменттері,түсіндірмелі, сұрақ жауап

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) Оқушылармен амандасу

ә) Сыныпты топқа бөлу

б) Шаттық шеңбері арқылы сабақты бастаймыз.

-Балалар, енді қолымызды ұстап алақан жылуы арқылы

бір-біріңе жылы лебіздер айтып,сабағымызды бастайық.

 

Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)

Қуанасын сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)

Қуанайық, достарым, (бір біріміздің қолымыздан ұстаймыз)

Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)

ІІ.Үй жұмысын тексеру

А деңгейі №994

ава+в
3,890,2564,146
1,0035,216,213
11,1072,0313,137
14,2115,08119,292

В деңгейі №1010

1) 1,245 + (0,755 + 3,02) = (1,245 + 0,755) + 3,02 = 2 + 3,02 = 5,02

2)  (2,716 + 12,3) + 4,284 = (2,716 + 4,284) + 12,3 = 19,3

3) 91,125 + (0,83 + 8,875) = (91,125 + 8,875) + 0,83 =100,83

4) (134,06 + 16,03) + 5,94 = (134,06 + 5,94) + 16,03= 156,03

С деңгейі №1025

0,35 + 2,5 + 0,64 + 0,850 = 4,340

5,3 +  0,70+ 0,24 + 0,310 = 6,55

0,750 + 3,5 + 0,300 + 2,450 = 7

1,200 + 0,910 + 5,600 + 0,06 =7,77

ІІІ.Қызығушылығын ояту (Ой қозғау стратегиясы)

А) Қайталау сұрақтары

  1. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
  2. Ондық таңбалар дегеніміз не?
  3. Жай бөлшекпен ондық бөлшектің айырмашылығы неде?
  4. Жай бөлшекті ондық бөлшекке қалай айналдырамыз?
  5. Ондық бөлшек туралы жазған ғалымдардан кімдерді білеміз?
  6. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе қалай кескіндейміз?

Ә) «Алма теру» ойыны.Бұл ойында 9 алма бейнеленген.Әр алмада деңгейлік тапсырмалар жазылған.

А деңгейі

8,65 + 2,34  = 10,99                  0,26 + 0,14 = 0,40          15,2 + 3,8 = 19

0,07 + 13,23 =13,30                  6,3 + 0,7 =  7                  6,4 + 2,5 = 8,9

 В деңгейі

Вертолетке массасы 1,35 т жүк тиелді.Вертолеттің өзінің массасы оған тиелген жүктің массасынан 3,5 т артық. Вертолеттің ұшу массасын табыңдар.

6,2т

Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып есепте:

3/10 + 8,51 = 8,81

Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып тиімді тәсілмен есепте:

917,32 + (43 + 82,68) = (917,32 + 82,68) + 43= 100 + 43 =143

С деңгейі

Көлемдері бірдей мыс, күміс және алтын алынды. Мыстың массасы 8,9 г, күміс мыстан 1,6 г ауыр, алтын күмістен 8,8 г ауыр.Алтынның массасы қанша?

19,3 г

а + (а + в) өрнегі бойынша есеп құрастыр.

а = 61,2, в = 3,4

125,8

2,0601 + 10,607 = 12,6671

IV.Сергіту сәті

Кім қателесті?

Бір шаруа ақшадан қысылып, өсімқор көршісінен 2 теңге қарыз сұрайды. Көршісі қарыз беруге келісіп, мынадай шарт қояды.”Мен саған екі теңге емес, 200 тиын беремін.бірақ сен оны маған өзін  — өзі көбейткендегі өсіммен қайтарасың” дейді. Қиналып тұрған шаруа бірден  келісіп , “2 теңгесі не, 200 тиыны не бәрібір емес пе?” деп ойлайды. Белгілі мерзімнен кейін шаруа көршісіне 4 теңге әкеп береді. Бірақ ол 4 теңгенің аз екенін айтып дау салады.

Қателескен кім?Көрші шаруадан неше теңге қайтаруын талап етті?

  1. Ойтолғаныс

а) есептер шығару (оқулықпен жұмыс)

ә) семантикалық картамен жұмыс

б) сәйкестендіру тесті

 

А деңгейі «Гүл жинау» тапсырмасы.Өрнектің мәнін табу

В деңгейі №1017

Қол дорбашаға 4,7 кг – нан артық жүк салуға болмайды.Оған массасы:

  • 0,75 кг кәмпитті, 2,5кг алманы, 1,8 кг шұжықты;
  • 0,675 кг мармеладты , 2,13 кг алмұртты және 1,5 кг шұжықты салуға болама?

С деңгейі «Ойлан тап» Мұнда теңдеу шешу керек. Логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған жауабын бағыттап көрсету керек. №1019 (1,2, 3 ,4)

1) х – 2,3 = 3,374 + 451

Х – 2,3 = 454,374

Х=454,374 + 2,3

х=456,674

2) у – 38,3 = 8,07 + 11

У-38,3=19,07

У=38,3+19,07

У=57,37

3) z – 0,834=2,64+0,3

Z – 0,834=2,94

Z= 2,94+0,834

Z=3,774

4) т  -105,3=21,7+0,613

Т-105,3=22,313

Т=22,313+105,3

Т=127,613

VI.Сергіту сәті

Үш адам өздері ұстаған үш көгершінді пісіріп жеді. Алайда үстелде тағы да екі көгершін қалды. Олар қайдан келді?

VII.Қорытынды

  1. Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?
  2. Бұрыс бөлшекпен дұрыс бөлшектің айырмашылығы?
  3. Ондық бөлшектерді қосуда қандай қасиеттер орындалады?
  4. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
  5. Ондық бөлшектің бүтін бөлігінен үтірмен ажыратуды ұсынған математик?

VIII Үйге тапсырма

А деңгейі №997 №1008

В деңгейі № 1015 № 1016

С деңгейі №1022 №1024 №1026
IX. Бағалау

Арифметикалық орта табу арқылы жинаған фишкалары бойынша  әр оқушы өз бағасын шығарады