Ұрпақ-тіршіліктің жалғасы

Тақырыбы:         Ұрпақ-тіршіліктің жалғасы

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың бірінші сыныпта алған ұрпақ жалғасы жайлы білімдерін толықтыру

ә) Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау әрекетін дамыту.

б) Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас

Қолданылған техналогиясы: Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың әдісі: Талдау, пікір алмасу, қорытынды шығару

Көрнекілігі: Әр түрлі стратегиялар, суреттер т.б.

Сабақтың барысы: 1. Психалогиялық дайындық.

Балалардың назарын  сабаққа бөлу

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Әр құсқа өз тұмсығы қажет. Жануарлар өз тіршілігі үшін ортаға бейімделеді. Мысалы: Тоқылдақ өз тұмсығымен ағашты бунақденелерді жеу үшін және ұя жасау үшін мұндай тұмсық керек қой. Бірқазан балыққа кездескенде аузын кең созып, балыққа толтырып алады. Яғни, қоршаған ортадан өздерінен қауіп төнсе әр түрлі реңдермен сақтанады.

  1. Қызығушылығын ояту.

Тұмсық не үшін қажет?

 Өмір сүру үшін
 Тамақ
Тұмсық не үшін керек?

 

 

Яғни өзінің ұрпағын артында қалдыру үшін керек. Біз бүгін жануарлардың болашақ ұрпағы жайлы айтамыз.Тақтаға назар аударайық:

  1. Сүтқоректілер: киік-лағы, сиыр-бұзау.
  2. Құстар: тауық-балапан т.б.
  3. Бақа: құрбақа-итбалық.
  4. Жорғалаушы: жылан-жұмыртқа.
  5. Бунақденелілер: көбелек-жұмыртқа.
  6. Балық: балық-уылдырық.
  7. Мағынаны таныту.

Жануарлар-табиғат перзенті, олар да артында ұрпақ қалдырып отырады. Сендер байқайсыңдар ма, мысалы көптеген бунақденелілер, құстар, жорғалаушылар қоректеніп жатады. Тіпті, адамды мазалайтын шыбындар мен тарақандарды көптеп жоямыз, сонда да қаптап жүреді.

Демек, бәріміз тақтаға назар аударайық. Киік лағын қалың шөптің арасында туады. Лағының үстін жалап кептіріп, қамқорлық жасайды. Оның лағын құралай деп атаймыз. Тауық жылы қораға, қараңғы жерге жұмыртқалайды. Бір айдан соң балапан пайда болады.

Жылан жұмыртқаларын күн жақсы түсетін жерге салады.

Сергіту жаттығуы:

Қане, қане тұрайық,

Басқаға қақпан құрайық,

Біздің қақпан болаттай.

Қасқыр, қасқыр, көріп көр,

Қақпнға берік бол!

 

Сонан соң осы мәтіннен өз білгендерін мына сызбаға толтырады.

 

БілемінБілдімБілгім келеді
Жануарлар танысҰрпақтыОлар қайда өмір сүреді екен?
  1. Толғаныс.

Сабақты қорытындылау (ойын арқылы)

Балық-уылдырық

Ит-күшік

Киік-құралай

  • Біз нелерді жаттап алдық?
  • Олардың ұрпағын.
  • Сендерге ата-аналарың қамқорлық жасай ма?
  • Сендер қандай қамқорлық жасайсыңдар? т.б.

Әрбір тірі ағзаның  жалғасы-ұрпақ.

Үйге тапсырма: «Жануар — табиғаттың перзенті» шағын әңгіме жазып келу.

Қорытынды, бағалау.