Бөрік
Сабақтың тақырыбы: Бөрік
Сабақтың мақсаты: М.Дулатовтың «Бөрік» әңгімесімен таныстыра отырып,
әңгімедегі негізгі ойды ұғындыру;
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Әңгіменің мазмұнын ұғындыра отырып, негізгі ойды
анықтауға,түсінгенін баяндай білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушының түсініп оқу дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, қолдануға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру;
Сабақтың көрнекілігі: заттық суреттер
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Сабаққа кіріспе. Сәйкестендіру.
Ассалаумағалейкум
Сәлем
Сәлеметсіз бе?
Сәлем бердік
-Ассалаумағалейкум!-«Алланың нұры жаусын!»
-Уағалейкуммассалам!- «Өзіңізге де соны тілеймін!»
-Сіздерге, келген қонақтарға осы тілекті тілей отырып, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеймін.
1). Есік қағылып, ішке басында бөрігі бар бір бала кіреді.
- Міне, қызық, балалар, бізге кім келді?
- ……
- Айтыңдаршы балалар,
Кім болды бізге келген?
Елтірі ,әлде тері ме?
Басына баса кигені.
- Бөрік.
2) « Бөрік» туралы түсінік.
Бөрік- қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық бас киімі.Бөрік қыстық және жаздық болып екіге бөлінеді.Елтірі немесе аң терісімен түрмеленіп, қымбат, қалыңдау матамен тысталады.Әшекейлермен безендіріледі.Бөрікті ер адамдар да, қыздар да киеді. Бөрікті сал-серілер де киген. Ертеде бөрік үлгісінің әр руға тән өзгешеліктері болған.
- сонымен, бізге келген, басына бөрік киген бала Шынтас болды.
III. Жаңа тақырып.
- Біз бүгін М.Дулатовтың «Бөрік» әңгімесімен танысамыз.
- М.Дулатов туралы түсінік беру.
- Әңгімені іштей оқу.
- Әңгімені дауыстап оқу.
- Әңгімені талдау кестесін толтыру.
№ | Кім? Не? | Не істеді? |
- Нұрмаш әкесінің бөркін не үшін кигісі келді?
- Бекбай ата неліктен бөрікке тіл қатты?
- Дәптермен жұмыс.
- Сөздерді жазу.
Тақия, тымақ, құлақшын, бөрік, малақай, мәсі, сәукеле, орамал, кимешек.
- 2. Артық сөзді табу.
- 3. Сөздерге талдау жасау.
VI.
- Нұрмашты сипаттау.
- Өзіңнің үлкендерге ұқсағың келе ме? Неліктен?
VII. Үйге тапсырма
Мәтінді оқу, мазмұнын әңгімелеу. 62- жаттығу.
VIII. Бағалау.