Жәндіктер. Сын есімді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Жәндіктер. Сын есімді қайталау
Сабақтың мақсаты:
- Жаңа сөздерді меңгерту. Сын есімді пысықтау.
- Сөздерді сауатты айтуға, жазуға үйрету.
- Табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
- Психологиялық кезең.
- Қайталау.
- Сын есімнің ережесі, мысал келтіру.
- Аң атауларын қайталау.
- Малдардың пірін атаңдар.
- Жаңа тақырыпты анықтау. Сөзжұмбақты шешіп, бүгінгі сабақтың тақырыбымен танысамыз.
1-медвежонок, 2-петух, 3- заяц, 4-свинья, 5-зебра, 6-лиса, 7-лев, 8-жираф,
9-барсук.
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатымен таныстыру.
- Сөздікпен жұмыс.
Фонетикалық жаттығу:
Тер – тер – тер – жәндіктер
Лек – лек – лек – көбелек
Лік – лік – лік – инелік
Ңыз – ңыз – ңыз – қоңыз
Қыз – қыз – қыз – қанқыз
Ке – ке – ке – шегіртке
Қа – қа – қа – құмырсқа
Са – са – са – маса
Ра – ра – ра – ара
Бын – бын – бын – шыбын
Ші – ші – ші – өрмекші
Алдын-ала дайындаған сөздікті балаларға тарату. Жаңа сөздерге қандай? сұрағын қойып, сын есімді қайталау, жәндіктерді сипаттау. Мысалы:
- Көбелек қандай?
- Көбелек әдемі, кішкентай, қызыл.
Жәндіктер – насекомые
Көбелек – бабочка
Қоңыз – жук
Шегіртке – кузнечик
Инелік – стрекоза
Шыбын – муха
Ара – пчела
Маса – комар
Құмырсқа – муравей
Өрмекші – паук
Қанқыз – божья коровка
- Оқулықпен жұмыс. 111-бет. Мәтінді рөлге бөліп оқу, ауызша аудару, сын есім сөздерді табу.
Кімге қандай ойын ұнайды?
- Келіңдер, бір-бірімізді сүзіп ойнайық!- деді мүйізді қоңыз Саратан (майский жук).
- Сүзіскені несі, бұқа болып кеттік пе? Одан да бір-бірімізді теуіп ойнайық! — деді көк Шегіртке.
- Тебісу деген не пәле?! Сол да ойын болып па?! Одан да бір-бірімізді шағып ойнайық! — деді Сона.
Сергіту сәті: «Арыстаннан қорықпаймыз»
- Дәптермен жұмыс. З-жаттығу. Жұмбақтарды шешіп, көшіріп жазыңдар.
1)Ойнамақ боп еркелеп,
Әдейілеп ерте кеп
Гүлге қонды қалықтап,
Кіп-кішкентай тікұшақ. (инелік)
2)Торын құрып қояды,
Шыбындарды жояды. (өрмекші)
- Кәртішкемен жұмыс. Әр оқушыға жаңа тақырыпты бекіту үшін, жәндіктер туралы мәтіндер берілген.
- Берілген мәтіндерді мәнерлеп оқу.
- Орыс тіліне аудару.
- Мәтінмен жұмыс. Кәртішкеде берілген мәтінмен деңгейлік тапсырмалар орындау.
БҰЛ ҚЫЗЫҚ!
Жәндіктердің ішкі қаңқасы жоқ. Денесіне жеңіл және берік заттан құралатын сыртқы жабын тірек болады.
Африкадағы кейбір құмырсқалар акация бұтақтарының тікендерінде өмір сүреді.
Аяғындағы жабысқақ таяныштардың көмегімен шыбындар төбеде жүре алады.
Қарақұрт өрмекшісі ұрғашысының уы сұр жылан уынан 15 есе күштірек.
Жасыл азық іздеу жолында ұшатын көкқасқа шегіртке жүздеген, тіпті мыңдаған километрлер ұшуы мүмкін.
ІІІ деңгей
- Мәтінді мәнерлеп оқы.
- Мәтінді сөздік арқылы орыс тіліне аудар.
ІІ деңгей
- Мәтін ішінде кездескен жаңа сөздерді дәптерге көшіріп жаз.
- Осы сөздерді сипаттап, сөз тіркесін құрастыр.
І деңгей
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.
- Мәтіндегі барлық сын есімді сөздерді көшіріп жазып, аудар.
- Қорытынды. Сұрақтарға жауап беріңдер. Бағалау.
- Қандай жануарларды білесіңдер?
- Қандай жәндіктер еңбекқор?
- Қай жәндік адамға бал береді?
- Қай жәндік тікұшаққа ұқсайды?
- Үй тапсырмасы:
Жаңа сөздерді жаттау. Жұмбақтарды жатқа айту. 111-бет.
Сабақтың соңында оқушылар «Көбелек» өлеңін жатқа оқып, үйде дайындап келген «көбелектерін» ұшырады.
(Сабақ басынан бастап аяғына дейін презентация арқылы өтеді.)