Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.
Мақсаты: оқушыларды халқымыздың сөз өнері мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып, ойда сақтап, білуге үйрету.
Тәрбиелігі: шешендік сөз өнерін дамыту, өз тілін қадірлеуге , құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: білімді тиянақтау.
Көрнекілігі: слайд
- Сайысқа қатысушылармен таныстыру. Әр оқушы өздері жаттаған мақалдарын айтады.
Алғашқы айналым.
- Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
А) Өзек қуа ағады
Өзен судың саласы.
(Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы.)
Ә) Досы көпті жау алмайды,
(Ақылы көпті дау алмайды.)
Б) Сәуір келсе күн күркірер
(Күн күркіресе көк дүркірер.)
В) Егіннің жайын еккен білер,
(Арбаның жайын жеккен білер.)
Г) Есік алды тау болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
(Ауылыңды қария,
Жазып қойған хатпен тең.)
Ғ) Қарға баласын аппағым дер,
(Кірпі баласын жұмсағым дер.)
Е) Бірлігі жоқ ел тозады,
(Бірлігі күшті ел озады.)
Л) Малды жақсы баққаның,
Өзіңе аброй тапқаның.
(Малды жаман баққаның,
Келген бақты қаққаның..).
Ж) Түйенің үлкені
(Көпірде таяқ жейді).
Келесі кезек.
1.Екі ойыншыны біріне-бірі мақал айтады, сол мақалда бар сөздермен мақал құрастырады.
Ата – ана.
1.Берілген сөздерден көрермендер мақал құрастырады (ата-ана).
(ата,гүл,бала,жақсы,еңбек,өзен,Отан,ат,ер,батыр,тас,ел,ана).
Жұмбақ.(шешуін үш тілде айту).
1.Сауыттан мықты шапаны,
2.Есек құлақты, Мысық аяқты.
Түйе ерінді, Ешкі құйрықты. (Қоян)
3.Өзі арық, сөзі әріп.(Қалам).
4.Отқа жанбас,суға батпас. (Мұз).
- Екінші ойыншы біріне-бірі жұмбақ айтады.Ұпайы ең аз ойыншы ойыннан кетеді.
3.Көрермендерге жұмбақ айту.
Ақырғы айналым.
Екінші ойыншы жұмбақтық шешуін тауып мақал құрастырады.( жұмбақ шешулерін үш тілде айту).
А) Жалт-жұлт еткен,
Жылғадан өткен.(Су).
Судың да сұрауы бар.
Ә) Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.(Күн)
Жақсы ай мен кіндей, әлемге бірдей.
Б)Қимылдаса қос шебер
Қыруар-қыруар іс өнер(Қол).
Көз қорқақ, қол батыр.
Қорытынды бөлім. Марапаттау.