Мағыналары қарама-қарсы сөздер
Сабақтың тақырыбы: Мағыналары қарама-қарсы сөздер
Сабақтың мақсаты: Мағыналары қарама-қарсы сөздер жайында түсінік беру. Антонимді меңгерту.
САбақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты флипчарттар
Сабақтың әдіс-тісілі: Дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың құрылымы мен мазмұны:
- Бағдарлау- мотивациялық кезең.
а) Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. «Мектептегі қызықты сәттер. Ата тілегі»
Топтарға бөлу және таныстыру.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
204- жаттығу.
Қос жарау ат жегілген шанамыз тақтайдай тегіс жолмен сынаптай сырғып келеді. Екеу ара жалғыз пар қолғапты Нұрлыбек ағам киді. Біз белеске шыға бергенде салт атты екі кісі қарсы кездесті. (қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір)
Сұрақтар:
- Сөз мағыналары жөнінде не білеміз?
- Синонимдер деген не?
- Мысалдар келтір.( батыр, ынтымақ)
Сабақты бекіту. Кенгерудың қалтасындағы сөздерді синонимдік қатарына орналастыр.
Қағілез Әдемі Бет Алғыр Батыр
- Операциялық- орындаушылық кезең. Жаңа тақырыпқа өту.
Салыстыру
Күн — түн, еңіс- өр, есік — төр, жарық- қараңғы, ақ- қара, жомарт- сараң, биік- аласа, ұзын- қысқа, адал-арам, бейнет-зейнет.
Антоним деген не?
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антоним дейміз.
Көркем жазу
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жұмбақ.
Ұлы ақын Абай ақылды, тапқырлықты қажет етеді және өте қызық ойын деп жұмбақты жақсы көріпті. Өзі де жұмбақ шығарыпты. Соның бірі мынау:
— Баяғыдан бері сегіз батыр кезек жығысып келе жатыр. Түбінде қайсысы жеңері тағы белгісіз. Сол сегіз батыр кімдер?
Шешуі:
Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп,
Жақсылық пен жамандық — болды сегіз (Абай)
Сөз мерген ( мақалдар бойынша тапқырлық сайысы)
Дұрыс ойла!
Жастайыңнан еріншек бол. Еріншектік бәрін де жеңеді. Еріншектік адамды қуанышқа бөлейді. Ол адамды қорқақ атандырады.
Жатқа жаз
Жомарт дос көбейтеді,
Сараң мал көбейтеді.
Суреттерге қатысты антоним ойла!
- Рефлексиялық –бағалау кезеңі. Сабаққа қорытынды жасау.
Данышпандар кітабы
Біз жасап тұрған өмір қарама-қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны ал аз түйсе надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезінен осылай таныса, әрине, оның жас шағы кемелдене отырып, ардақты кәрілікке жеткізітіні белгілі.
( мәтіннен антонимдерді тапқызу)
Бағалау парағы бойынша топ басшыларының бағасын қорытындылау.
Үй жұмысы
- 208-жаттығу.