Дара және күрделі сан есім

Сабақтың  тақырыбы : Дара  және  күрделі сан есім

Сабақтың мақсаты мен  міндеттері :

Білімділік : Сан  есімнің  дара  жіне  күрделі  түрлерімен  таныстыру.Күрделі  сын  есімнің  емілесін   меңгерту,  сөйлем  ішіндегі  дара  ,  күрделі  сан  есімдерді  ажырата  білу  дағдыларын  қалыптастыру. Өткен  сабақтарда  алған  білімдерін   жаңа  сабақпен  байланыстыру.

Дамытушылық : Ойлау, сөйлеу  қабілеттерін  дамыту .

Тәрбиелік :  Байқампаз  болуға , ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі :  Кестелер , оқулық, интерактивті  тақта.

Технология :

Пәнаралық  байланыс :  математика , әдебиеттік  оқу.

Сабақтың  барысы

І . Ұйымдастыру  бөлімі

/Оқушылардың  назарын  сабаққа  аударамын/

 А /  «Шаттық  шеңбері»  Оқушылар  бір – бірінің  қолдарын  алып  жылы  тілектер  айтады.

Ә / Үй тапсырмасын  шолу /

5- жаттығу

Бір  шымшым  тұз , бір  жайым  қамыр ,  бір  шөкім  бұлт,  бір  салым  ет, бір  жұтым  су , бір  ауыз  сөз .

  • Сан есім  дегеніміз не ?
  • Сан есім  қандай  сұрақтарға  жауап  береді ?

Ертегілер   еліне   саяхат  « Логикалық  тапсырма »

Баяғыда  бір  жарлы  болыпты. Бала – шағасы  көп екен. Мал дегенде  жалғыз  бір  қазы  болыпты.  Ішерге  асы  болмай  жалғыз  қазын  сойып  жемекші   болыпты.  Сойлған  қазды  жейін  десе , не  тұзы  не    наны  болмаған. Қазды  ханға  апарып  береді. Сол кезде  хан   кедей  жігіттің  мырзалығына  риза  болып  төрін  ұсынады  да,  ал  біздерге  бөліп  бер  дейді.

Кедей  сонда : Қаздың  басын  ханға  беріп,  «Сіз  бассыз, елді  басқарып  отырсыз. Ал  ханымға  мойынды  беремін  бас  қайда  бұрылса    мойында  сонда бұрылады. Ал екі  қыздарыңыз  бойжетіп  ұядан  ұшып  кетеді, сондықтан да қаздың  екі қанатын қыздарға беремін. Сіздің  ізбасарларыңыз  екі ұлыңыз қаздың  екі  аяғын   ұлдарыңызға  беремін,» деген  екен.

Келесі  күні  ауылдағы  бір  мырза  ханға  бес  қаз  әкеледі Сонда  хан  тұрып : Мына  бес  қазды  бізге  теңдей  бөліп  бер  деген  екен.

Қаз -5 , отбасы  мүшелері  — 6. Мырза  қалай  бөліп  берген ?

ІІ .  Жаңа  сабақ

Оқушылар  біз  бүгін  «Құпия  хат» арқылы  жаңа  тақырыбымызды  ашамыз.

5 ,6 , 7, 8, 9  көбейту кестесін  пайдаланамыз.  Екі  көбейткіштің  түйіскен  жерінде  әріптер  тізбегі  жасырылған.

«Құпия  хат»

х56789
4жДерМ
5кәүнІ
6лас

 

24 , 42, 32, 42,        20, 30 , 40 , 28 ,                  25 , 35 , 32, 24, 28, 30 , 45 ,     

   48, 42 , 40 ,                    28, 48 , 45 , 36.

 Дара  және  күрделі  сан  есім    /мұғалімнің  түсіндірмесі / 

Сан  есімдер  дара  және  күрделі  болады.

Дара  сан  есімдерге  бір  сөзден  жасалған  сөздер  жатады.

Күрделі  сан  есімдерге екі немесе   одонда  көп  сөз  тіркесінен  жасалады. Күрделі  сан  есімдер  бөлек – бөлек  жазылады.

 А /  Топшамамен  жұмыс

16 ,   10 ,    2,     43,   60 ,   1991 ,   1 456 231 ,   120 , 5 ,

Ә /  Оқулықпен  жұмыс

1 – жаттығу     Сөйлемдерді  оқы  сан  есімдерді  теріп  жаз.

Екі , үш , екі  жүз ,  жиырма  бес , он  бес.

2 – жаттығу   Сөйлемдерді  өшіріп  жаз. Дара , күрделі сан  есімдерді  тап.

Киттің  бір  түрі – жолақ  кит. Оның   ұзындығы   отыз  үш  метрге дейін дейін , салмағы  елу  тоннаға  дейін  жетеді. Оның  жаңа  туған  баласының   ұзындығы  алты  метрден  асады.

3- жаттығу  /Ауызша / интеративті тақтамен  жұмыс.

4 – жаттығу   Төменде  берілген сан  есімдерді  дара, күрделі түріне  топтап  сөзбен  жаз .

9  — тоғыз

588 – бес  жүз сексен  сегіз

45 – қырық  бес

797 –жеті  жүз  тоқсан  жеті

25 – жиырма  бес

10 –он

888 –сегіз  жүз  сексен  сегіз

5 — бес

5 – жаттығу   /интеративті  тақта /

Рим  цифрларын  пайдалана  отып   санға  байланысты  мақал – мәтел  жазу .

«Гүлдесте » құрастыру.

VIII   ,   VII ,     I ,   IX ,  II , IV,  XXI  , IXX                                     V  XV   XXV   III

Сегіз  қырлы бір  сырлы

Жігітке   жеті  өнер  де  аз.

Білгенің  бір  тоғыз,

Білмегенің   тоқсан  тоғыз.

Екі  елі ауызға , бір  елі  қақпақ.

Төртеуі  түгел  болса  , төбедегі  келеді.

Алтауы  ала  болса  ауыздағы  кетеді.

  ІV . Қорытындылау

  • Дара сын  есім  дегеніміз  не ?
  • Күрделі сын  есім  дегеніміз  не?

V .  Бағалау

VІ  . Үйге  тапсырма

3- жаттығу    137 – бет.

  • Сабақ аяқталды