Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі

Бекмагулова  Панияш  Бекмагуловна

Маңғыстау  ауданы

Шетпе  лицейінің

математика  пәнінің  мұғалімі

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғысынан ойлау модулін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек деп ойлаймын: оқыту үрдісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс — әрекетіне әсер етеді. Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан – жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады.

 

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама .Мен «Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулінің әдіс- тәсілдерін сабақтарымда жиі қолданамын. Мысалы 8-сынып геометрия сабағымдағы «Тік төртбұрыш» тақырыбында  АКТ-ны пайдалана отырып,интерактивті тақтадан тік төртбұрышқа мысалдар: есік,терезе,парта,кітап,дәптер т.б.  көрсеттім. Олардың қандай фигураларға жататынын сұрадым.Бұдан бүгінгі  күннің тақырыбы табылды. Тақырып:  Тік төртбұрыш. Түрлі -түсті қағаздардан  қабырғалары әр түрлі тік төртбұрыш   қиып дайындадым. Жетекші  сұрақтар  арқылы жаңа тақырыпты  өздігінен  меңгеруді  жоспарладым.Оқушылар сол фигуралардың қабырғаларын,бұрыштарын өлшеп зерттеу арқылы жаңа тақырыптың анықтамасын,түрлерін анықтап, периметрін, ауданын, ішкі бұрыштарының қосындысын  тапты. Олар сыни тұрғыдан ойлана отырып,сабақтың мақсатын аша білді. Бұл  сабақтағы  мақсатым : Тік төртбұрыштың анықтамасымен таныстыру, қасиеттерін білу, параллель  және  перпендикуляр түзулерді  салу,  тік төртбұрыштың  ауданын , периметрін еске түсіру. Бұл қызығушылықты ояту кезеңі оқушылардың бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыруынан тұрды. Оқушы өз білетінін еске түсірді,қағазға жазды.Сабақтың  екінші кезеңінде оқушы жаңа тақырыппен танысып, тақырып бойынша жұмыс жасады, тапсырмалар орындады.Сыни тұрғыдан ойлау берілген тапсырмаларды оқи отырып, бақылау мен тыңдау арқылы анықтама дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дамытуды қарастырады.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің негізгі ерекшеліктернің бірі ұтқырлық.Берілген тапсырмадағы негізгі түсініктемені табуға ұмтылады,сұрақтар қою арқылы іздейді,кез келген дәлелді есепке алып отырады. Жалпы Сто әдісін пайдаланғанда мынадай қорытындыға келдім:

-Оқушының ойлау қабілеті дамиды.

Оқушының сабаққа және шығармашылық жұмысқа деген ынтасы артады.

Біраз оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянды.

Оқушылар сенімділікпен жұмыс істейді.

Өз пікірін ашық айта алады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер.

  1. «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері » С.Мирсеитова. 2011ж
  2. «Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары»

Н.Қошқарбаев

  1. «Математиканы оқыту әдістемесі» Г.И.Кукарина
  2. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып,сабақты жоспарлау және басқару» Ж.А.Жартынова, В.Н. Ким, Н.О. Қойлық, А.Ш.Орақова
  3. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» Үшінші негізгі деңгей