Графикалық диктант

Графикалық  диктант

Жаңа бағдарламаға сәйкес қазіргі дидактиканың талабы – сабақты түрлендіріп жүргізу арқылы оқушылардың қызығуын арттырып, оларды ойландыру, іздендіру арқылы, өз беттерінше терең де тиянақты білім алуларына жағдай туғызу. Осыған орай мен 1-сынып оқушыларымен «Әліппені» үйретудің алғашқы кезеңінен бастап, графикалық диктант-тар жүргізіп отырамын.

Мұндағы алдыма қоятын мақсатым мыналар:

  1. «Әліппеге» даярлық кезеңінде оқушылардың үйренген сөз, сөйлем, дыбыс, буын туралы ұғымдарын тереңдету.

2.Оқушылардың есту, көру, қабылдау дағдыларын, аңғарымпаздық – тарын дамыту, жетілдіру.

3.Морфологиялық, синтаксистік білім дағдыларын (сөздің бас әріппен жазылуын, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер және бұлардың тыныс белгілерін) практикалық жолмен ауызша түсіндіру, оны орындатып меңгеру.

Диктантты жүргізудің тәртібі мен жолдары төмендегідей.

1.Мен ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер айтамын, оқушылар сөйлемді аңғарып, әр сөйлемді тік бір сызықпен белгілеп, сызып шығады. Мысалы, «Оқу басталды. Оқушылар мектепке келді». Осындағы 2 сөй-лемді аңғарып, екі сызық сызады.

2.Бұл жаттығу меңгерілген соң екінші сатысы өтіп әрбір хабарлы сөйлем біткен соң нүкте қойылатын ын, сөйлемнің ішіндегі сөздерді дөңгелектеп сызып көрсетуді түсіндіремін. Мысалы, «Сыныбымыз таза. Сыныптың жарығы мол. Сыныбымыздың үш терезесі бар». Міне, мұнда үш сөйлем бар екендігін, бірінші сөйлемде 2сөз, екінші сөйлем- де 3 сөз, үшінші сөйлемде 4 сөз бар екенін айырып, графикалық жолмен сызып береді. Сонда оқушылардың жазуы мынадай болады.

1.Оо.

2.Ооо.

3.Оооо.

Осы жұмысты хат танытудың екінші кезеңінде күрделендіре түсемін. Енді сөйлемнің бірінші сөзі және сөйлемдегі кісі аттары да бас әріппен жазылатыны, оны жазып көрсетудің жолдарын түсіндіремін. Мысалы, «Қоңырау соғылды. Мұғалім сыныпқа кірді». Менің осы ауызша айтқан сөйлемімді оқушылар былай жазады: Оо. Ооо.

Бүгін сыныпқа Айнаш кезекші.

Оооо.

Бұларға қосымша оқушылардың жаттығып дағдылануы жетілген соң, жай сөйлемнің түрлерін, тыныс белгілерін қойып беру талабы қойылады.

Мысалы, Бұл не? Бұл – бояу қарындаш.

Ура, ура! Мұнда оқушылар графикалық жолмен былай жазады:

Оо? Ооо. Оо!

4.Бұл дағдыларды меңгерген соң жұмысты бұдан да күрделендіріп, енді сөйлем, сөз, буын, дыбыс, барлығын қамтып графикалық  диктант жаздырамын. Енді мұнда сөйлемдегі сөздерді  тік төртбұрышпен, буынды сызықпен, дыбысты нүктемен белгілеп жазуды үйретемін. Басқа талаптар (сөйлемнің тыныс белгісі) сол қалпында қала береді.    Міне, бұл графикалық диктант уақытты  аз тілейді, ауызша практикалық  жолмен көп ережені түсіндіруге болатын тиімді жұмыс.