Кестелік қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: Кестелік қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
- Ондықтан аттап қосу тәсілдерін таныстыру;
- Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- Оқушыларды тату және ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: интерактивті, ақпараттандыру сабағы
Сабаққа керекті көрнекіліктер: электрондық оқулық, бейнепроектор, маркерлік тақта, дидактикалық материалдар мен ойындар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты бүгін күн
Бәріміз тату болайық!
Бәріміз дос болайық!
- Тірек білімдерін жетілдіру. Қызығушылықты ояту. Бүгінгі сабақта күзгі орманға саяхатқа барамыз. Күніміз де шуақты, бізге жылу себеді.
Ойын: « Қажетті заттарды жинау». Саяхатқа шығу үшін қандай заттар қажет?
– Мәні бірдей өрнектерді тауып, сөмкеге салайық. Өйткені сол өрнектердің астында қажетті заттар жасырынып жатыр.
8 + 2 6 + 4 4 + 5 0 + 6 7 + 3 3 + 6
5 + 5 10 + 0 4 + 6 2 + 8 5 + 4 4 + 6
– Біз қандай сандардың қосындыларын таптық?
– Бұл бізге таныс 1-ші ондықтағы сандарды қосу кестесіндегі өрнектер.
– Ендеше, + 2 қосу кестесін есімізге түсірейік.
2 + 2 = 4
3 + 2 = 5
4 + 2 = 6
5 + 2 = 7
6 + 2 = 8
7 + 2 = 9
8 + 2 = 10
9 + 2 – бұл жағдайда 9-ға 1-ді қосамыз, 10 болады. 10-ға тағы бірді қосамыз, 11 болады. Яғни,
9 + 2 = ( 9 + 1) + 1 = 11
– Қосу кестесінің алғашқы кезеңі ондықтан аспайтын жағдайларын еске түсірсек, санның құрамын жақсы білсек, қосу кестесінің 2-ші кезеңін түсіну үшін электрондық оқулығының 2(1)- модуль батырмасын басып, «Кестелік қосу» тақырыбын ашып, мұқият тыңдайық.
2(1)-модульдегі қосу кестесін дидактикалық құрал ретінде пайдаланамыз (тоқтату батырмасын басып, оқушыларға пысықтау сұрақтарын қою)
1-кесте
– Қане, бір таңбалы сандардың қосу кестесі қалай құрылғанын кім айтады?
Сендер не байқадыңдар?
Қосудың қандай қасиеттерін еске түсірдік?
– Кестені пайдаланып, тапсырмалар орындап көрейік.
2(1)-модуль, №1 тапсырма.
2-кесте
– Өрнектің мәнін тауып, дәптерімізге орындайық. Тақтаға оқушылар шығып жазады.
– Өте жақсы. Жарайсыңдар!
– Ал, қазір «Ағаштарды тап» ойнын ойнайық. Ол үшін №3 тапсырманың батырмасын басып, берілген кестелерді толтырамыз. Әр қатардан кім бұрын орындаса, жеңімпаз атанады. (Әр оқушы өз бетінше дәптерге өрнектеп көрсету керек).
5-кесте
III. Жаңа тақырыппен таныстыру
– Балалар, 2-ні қосу кестесіндегі 9 + 2 = (9 + 1) + 1 = 11 екені түсінікті болса, 9-ға 3-ті қосуды қалай түсіндірер едіңдер?
9 + 3 = (9 + 1) + 2 = 11
– Ендеше, 2(2)-модульді басып, «9-ды қосу» тақырыбын тыңдайық.
6-кесте
– 9-ды қосу кестесі қиынға соқты ма? – деп қайталап пысықтаймыз.
2(2)-модуліндегі 1-2-3-тапсырмаларды дидактикалық құрал ретінде пайдаланып, 9-ды қосу кестесін пысықтау үшін ауызша тақтада жұмыс жүргізу. Тақтаға кезекпен оқушылар мысалдарды түсіндіре отырып, шығарады.
7-кесте 8-кесте 9-кесте
– Келесі 8-ді, 7-ні, 6-ны қосу кестесімен танысайық. Ол үшін, 2(3)-модуль батырмасын басып тыңдайық.
– Тапсырмалардың орындалғандары дұрыс па? ( тоқтату батырмасын басу)
– Қане, кім қателерді дұрыстайды?
(Жалғастыру батырмасын басу).
– Енді 7-нің 10-нан нешеуі кем? – деп тоқтату батырмасын басып, балалардың жауабын тыңдаймыз.
Келесі ойынымыз «Ойлан, тап» ойыны. 2(3)-модулдің №4 тапсырма батырмасын басып, ойынның шартымен танысайық.
10-кесте
– Кезекпен ойлаған санды тапқан оқушы тақтаға жазып көрсетеді. Қалғандары тексеріп отырады. Келесі санды келесі оқушы жазады. Сөйтіп, ойын жалғаса береді. Кім жылдам ойланатынын анықтаймыз.
- Жаңа тақырыпты бекіту
Өтілген тақырыпты бақылау үшін, 2(3)-модуль бойынша топ жарысын ұйымдастырамыз.
1 ші топ – 1-ші тапсырма.
2 ші топ – 2-ші тапсырма
3 ші топ – 3-ші тапсырма
Дұрыс орындаған балаларды бағалаймыз.
- Сабақты қорытындылау
Рефлексия.
- Балалар бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Несімен ұнады?
(әр бала өз ойларын айтады)
– Күзгі орман қандай екен?
- Не үйрендік? Қандай ағаштарды білдік?
(ана тілі сабағында өткен Абайдың «Күз» атты өлеңін жатқа айту)
- Үйге тапсырма беру
VIІ. Бағалау