Қазақ сахарасының жұлдыздары
Модульдік сабақ
Тақырыбы: Қазақ сахарасының жұлдыздары
Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту, алған білімді жинақтау, батырлыққа, ерлікке, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сөздіктер кітапшалары және мақал-мәтел кітапшалары, модульдік кесте, жеке сөздер (қазақ, сахара, жұлдыздар), ақын-жазушылардың суреттері, «Педагогика тағылымы» кітабынан Абайдың аталы сөздері, интерактивтік тақта, слайдтар.
Сабақтың түрі: модульдік (қайталау) сабағы
Әдіс: ұжымдык, топпен, оқыту әдісі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1-2 минут керекті құралдарын, орындарын тексеру.
Психологиялық дайындығы:
Слайд
Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге 9 сұраққа жауап іздеу беріледі. Сұрақтарды 4 топқа бөліп қоямын. Әр топ өзінше жауапты ауызша береді. Бағалаушы бағалау парағымен бағалап отырады. Слайд
Сұрақтар:
-19 ғасырдың екінші жартысында қазақ жерінен шыққан қандай ақын-жазушыларды білесіңдер?
-Абай кім? Ыбырай кім? Шоқан кім болған?
-олардың халқына сіңірген еңбегі?
-Шоқан қай жерде, қай қалада оқыған?
-Ыбырай қай жерде оқыған?
-Ыбырайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Абай қай жерде оқыған?
-Мектеп ашқан адам?
Тақырып бойынша жұмыс:Жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Сөздік жұмысы:
Әр топқа бір-бір сөзден беріп, оған қорытынды немесе ереже шығару. Слайд
1 топ: «қазақ»
2 топ: «сахара»
3 топ: «жұлдыздар»
4 топ: сөз тіркесі
«Қазақ сахарасының жұлдыздары»
Бір оқушы әр топтан жауап беріп отырады
1 топ
қазақ
Қазіргі кезде: Қазақ
Ереже: Қазақ дегеніміз — өзінің ұлты, тілі, мәдениеті, жері мен шежіресі бар халық.
2 топ:
|
|
|
Ереже: Сахара дегеніміз – ұшы-қиыры жоқ, ауасы ыстық, әр шөлді қазақ халқының жайлаған жері
3 топ:
|
|
Ереже: Жұлдыздар – аспандағы жарық жұлдыздай оқыған, білімді, көзі ашық адамдар.
4 топ:
|
Ереже: Қазақ сахарасының жұлдыздары дегеніміз – қазақ халқының ұшы-қиыры жоқ жерінен шыққан, тарихи шежіресі бар, жарық сәулелі, оқыған, білімді адамдар.
Слайд. Абай, Ыбырай, Шоқан
Тапсырма: Әр топ осы ақын-жазушыларға байланысты кітаптан жазылған әңгімелердің мазмұнын айтуға жаттығады:
1 топ: Шоқан Уәлихановтың «Қырдың жас түлегі» әңгімесін оқып, әңгімені 5-ке бөліп, мазмұнын айтады.
2 топ: Ыбырай Алтынсарин туралы жазылған «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесін 4 бөлікке бөліп айтады.
3 топ: Абай Құнанбаев туралы жазылған «Әке арманы» тексін бөліп, мазмұнын айтады.
4 топ: «Педагогика тағылымы» деген кітаптан әр оқушы екі-екіден Абайдың даналы нақыл сөздерін тауып, дәптерлеріне көшіріп, оның түсіндірмесін дайындайды.
Сергіту сәті:
Ағылшын тілінде
Тақтамен жұмыс және дәптермен жұмыс:
«Қазақ сахарасының жұлдыздары»
Әлементтері | Шоқан | Ыбырай | Абай |
Функциясы | Зерттеуші, саяхатшы,этнограф | Педагог, жазушы, инспектор | Ақын, жазушы, композитор, аудармашы |
Байланысы | |||
Функциясы | Халықты білімге шақыру, елінің тарихын зерттеу | ||
Жүйе Функциясы | Өз халқының ақыл-ой сезімін ояту, халықтың көзін ашу | ||
Байланыс нормасы | Елінің заңдылықтары, орыстармен қатынас, оқу-білім заңдылығын сақтау | ||
Байланыс әдісі | Зерттеу, саяхат жасау әдісі | Ұйымдастыру, оқытудың әдістері | Тәрбиелеу әдістері, үгіт-насихат |
Нәтижесі | Елінің тарихын, салтын зерттеді | Мектеп салып балаларды оқытты, кітап жазды | Өлең, тақпақ, қара сөздер жазды, ел билеу ісіне араласты |
Бұл таблицаны құрастыруда әр топтан 1 оқушы шығып кестенің екі жолын толтырады.
Бекіту: слайд
Сұрақтар:
- Шоқан кім?
- Ыбырай кім?
- Абай кім?
- Олардың халқына тигізген пайдасы?
Слайд:
Мақал: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» (Абай) – осы мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Қорытынды:слайд
Оқушылар өздері сабақтане істегендерін, қандай нәтижеген жеткендерін айтады.
Жаңа проблема туындады: Абайдан кейінгі жазушылар кімдер?
Үйге тапсырма: слайд
Абайдан кейінгі қазақ даласынан шыққан ақындар мен жазушыларды іздестіруге, соның ішінде С.Торайғыров туралы мәліметтер жинау.
Бағалау: слайд