Рационал сандарға амалдар қолдану
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану
Тулендиева Күлжамила Кусейовна
математика пәнінің мұғалімі
Астана қаласы, № 34 орта мектеп
6 сынып. Коррекциалық-түзету сыныбы.
Сабақтың кезеңдері:
- Ұйымдастыру кезеңі: 2-3 мин.
- Үй тапсырмасын тексеру: 6-7 мин.
- Ой қозғау әрі сергіту сәті: 2-3 мин
- Есептер шығару: 24 мин
- Қорытындылау: 2 мин
- Бағалау: 2 мин
- Үйге тапсырма: 2 мин
- Рефлексия: 2 мин.
Негізгі бөлім:
Есептер шығару — 5 мин. № 297. Шамалардың мағынасына қарай оң санмен немесе теріс санмен н/е 0 санмен жазу. (жекелей кітаппен жұмыс). Берілген тапсырманы жеке дәптерге жазбаша түрде орындау.
№ 1 тапсырма. 9 мин. Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға арналған. «Фишка ойыны». Ойынды интербелсенді тақтада берілген тапсырманы қаламды пайдалану арқылы есепті шығару керек. Тапсырмалар слайдта көрсетілген.
5-6 мин. № 404. Координаталық түзуде нүктелерді кескіндеу (топпен жұмыс) интербелсенді тақтада. Оқушылар топпен орындаған тапсырмаларын қорғайды.
4 мин. Тесттік жұмыс.
Қорытындылау: 2 мин. Төменде көрсетілген схеманы оқып тақырыпқа қорытынды тұжырымдаманы жасаймыз..
Бағалау: 2 мин.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
- Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау.
- Оқушыларды топқа бөлу.
- Үйге берілген ережелерді тұжырымдау. Қателіктер болса жою, көмектесу.
- Әр топқа тапсырма беру.
- Тізбектеп тұрғызып сергіту сәтіне дайындау.
- Есептер шығаруына көмектесу, уақыт беріп ойлануына мүмкіндік жасау. Шығарылған есепке талдау жасау.
- Оқушылардың жауабын тыңдау, толықтыру. Сабақтың мазмұнын толық қорытындылауға бағыттау.
- Мұғалім топтық жұмыстарда кейбір оқушыларды жеке бағалайды
Оқушының іс-әрекеті:
- Оқу құралдарын дайындау.
- 1,2 санын санау арқылы топқа бөлінеді.
- Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен танысу.
- Үйге берілген ережелерді тұжырымдау. Қателіктер болса жою, көмектесу.
- Оқушылар тақырып бойынша білетін мәліметтерін ортаға салады, бірінің жауабын бірі толықтырады, газеттерін қорғауға дайындалады
- Сурет салады, сезінеді, түйсінеді, салыстырады, айырмашылығын ажыратады.
- Оқушылар тақырып бойынша білетін мәліметтерін ортаға салады, бірінің жауабын бірі толықтырады, газеттерін қорғауға дайындалады.
- Берілген тапсырманы әр оқушы тақтада орындайды.
- Берілген тапсырманы топпен бірлескен түрде орындайды. Қорғайды.
- Тесттік жұмысты жекелей орындайды. Тақтада көрсетілген жауабымен сәйкестендіріп тексереді.
- Оқушылар рационал садарды қосудың ережесінің схеманын пайдалана отырып, қорытынды сабақтың мазмұнын толықтыру, қорытындылау.
Ұйымдастыру:
- Топқа бөліну. Топпен жұмыс жасап оны қорғау.
- Үй тапсырмасын топ басшысы қорытындылап, бағалайды. (Диалогтық зерттеушілік әңгіме).
- Әр топтың оқушылары бір тізбекпен тұра қалады да ойынды бастайды.
- Тапсырманы оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай тапсырманы орындауы тиіс.
- Топпен жұмыс жасайды, бірін-бірі тыңдайды.
- Интербелсенді тақтада кескіндейді. Қорғайды.
- Тестік тапсырмалар бойынша әр оқушы өз мүмкіндігінше жұмыс жасайды. Бірін-бірі тексереді.
- Интербелсенді тақтадан оқып, меңгеру, талдау. Оқушылар жеткіліксіз түрткі болатын сұрақтарды жазып алады
Бағалау:
- Формативті: мұғалім тарапынан түзету, қолдау, мадақтау.
- Оқушы тарапынан топ басшысының өзін өзі және өзгені бағалауы.
- Бірін-бірі бағалауы.
- Мұғалім тапсырманы қайта бағыттап, немесе түрткі сұрақтар арқылы жауапты нақтылайды.
- Топ басшысының нақты бағалауына жағдай жасау.
- Жауаптарының нақтылығына байланысты бағалау.
- Бірін-бірі тексереді және бағалайды.
- Оқушылар өздері сабақты қаншалықты меңгергенін бақылай алады.
- Өзін-өзі бағалау.
- Сабақтың мақсатына орай қандай нәтижеге қол жеткенін, топты өзін өзі бағалайды.
Ресурстар:
- Интербелсенді тақта, слайдтар.
- Түрлі-түсті маркерлер, газет, бағалау парағы, интер белсенді тақтадан слайдтар.
- Оқушы, қалам, дәптер,оқулық.
- Оқушы, күнделік.
Үйге тапсырма:
- 2 мин. Рационал сандарды қосу және алу тақырыптары бойынша № 495 (1 және 3 қатар).
Рефлексия:
- 2 мин. Өтілген сабаққа және келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектер
Қолданған модульдер:
- Сыни тұрғыдан ойлау
- Көшбасшы
- Оқу мен оқытудың жаңа тәсілдері
- АКТ
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Атап көрсеткендей өз сабақтарымды жүргізу барысында қазіргі заманғы әдістемелік технологияларды тиімді пайдалануға ұмтыламын. Солардың бірі ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны атап өткім келеді және көмекші сыныптар үшін бұл технология өте қажет. АКТ әдісінің кейбір элементтерін қолдану, әсіресе баға қорын көбейтуге өзіндік әсерін береді. Сонымен қатар оқушының білімі тек қана бағаланып қоймай, әр оқушы сұрақтың дұрыс жауабын бірден көре алады.
Сол сияқты АКТ-ның артықшылығы әртүрлі флипчарттар құру арқылы да оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болатындығын айта кеткен жөн.
Жалпы осындай әдістермен ұйымдастырылған жұмыс барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқанын, ой-өрістерінің кеңейгенін, пән аралық байланысты жүзеге асыруға ұмтылыстарын, ой бөлісу, пікір таластыру, ойларын басқалармен салыстыру, қорытынды жасап, өз ойын еркін баяндау арқылы өздеріне үлкен жауапкершілік жүктелгенін түсінеді. Мұғалімнің негізгі мақсаты-математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету.
Оқушылардың қызығушылығының артуы әсіресе интербелсенді тақтаман жұмыс жасау барысында, берілген т апсырмаларды орындау кезінде байқауға болады.
Қазіргі оқу бағдарламасының күрделенуіне байланысты қандай сынып болса да, көптеген оқушылар өздерінің күштеріне сенімсіз, сондықтан өзіндік сенімін арттыру мұғалім үшін үлкен еңбекті қажет етеді. Мұнда оқушы қатеден қорықпай оны түзету жолын іздеп табуға, өзін-өзі тексеруге дағдылану керек. Тапсырманы орындай отырып, оқушы жұмысына өзі талдау жасап, өзіне-өзі баға береді өзіне деген сенімі артады. Кез-келген аймақта ақыл-ойы дамыған, шығармашылық әрекетке бейім, өзіне-өзі сенімді ұрпақ тәрбиелеу үшін математика пәніне иновациялық технология элементтерін пайдаланайық.