Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Сын есім. 52 – 56 — жаттығулар
Сабақтың мақсаты: 1. Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың
сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, талдау жасауға
баулу.
- Оқушылардың ой-өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын,
шығармашылық қабілетін дамыту.
- Тиянақтылыққа, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
С/көрнекілігі: Кесте, жұмбақтар, қ/т өзіндік жұмыс дәптері.
кезең | Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті |
I.Ұйымдастыру
| 1. Бағдарлау – мотивациялық кезең. 2. “Менің бағытым” ойыны 1. тәтті жар 2. тік адам 3. тегіс қант 4. суық қоян 5. сұр су 6. ақылды жер |
II Жаңа тақырып Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру бойынша тапсырмалар | 3. Сын есімге байланысты топтастыру:
|
III кезең Деңгейлік тапсырмалар
| I деңгей 52 –жаттығу. «Алтын сақа» ертегісін еске түсіру. Қып-қызыл өкпе, алтын сақа, қотыр тай. II деңгей 53 –жаттығу. Етістіктерге –ғыш,-гіш жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жаса. 55 – жаттығу.Мақалды түсініп оқы. Сын есімдерді тауып, оларды сөз құрамына талда. III деңгей 56-жаттығу. Марқакөл қорығы. Марқакөл қорығы – Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай тауының, Азу мен Күршім жоталарының аралығында орналасқан.Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған.Бұл қорықтың негізгі мақсат ы- бағалы аңдарды, құстарды, өсімдіктерді сонымен бірге орман мен айдын көлдерін, тау, өзендердің әсем табиғатын сақтау.Марқакөл қорығы – жан-жануарларларға аса бай, көркіне көз тойғысыз. Балқарағай — жаңғағы жеуге жарайтын өте бағалы ағаш. Бал- қарағай — жаңғақ алатын өсімдік ретінде кесуге тиым салынып келген. Өйткені оның жаңғағы 65 процентке дейін май береді. Жаңғақ орманда нанның, еттің, жұмыртқаның орнынын ауыстырады. Балқарағайдың жаңғағы – ормандағы жан- жануарлардың тіршілік арқауы.
Сабақты қорытындылау. Сұрақ – жауап: Үйге: 54- жат. Б/бағалау. |
Қазақ тілі