Буын және тасымал
Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымал. 7– 12- жаттығулар
Сабақтың мақсаты 1. Дыбысқа байланысты берілген білімді жинақтап, бекіту,
дыбыстың түрлері, әліпби, буын, тасымал. Алған білімдерін
талқылау арқылы өз ойларын еркін жеткізуге ахуал орнату.
- Өз бетінше жұмыс істерге үйрету; сөз мағынасын түсініп,
байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға жетелеу;
- Сауатты, таза жазуға үйрету.
С/көрнекілігі: Кесте, қ/т өзіндік жұмыс дәптері, т/суреттер.
кезең | Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті | ||||||||
I.Ұйымдастыру
| 1. Бағдарлау – мотивациялық кезең. 2. Үй тапсырмасын тексеру Кестемен жұмыс, сөзді буынға бөлу мен тасымалдаудың ережесін есіңе түсір. | ||||||||
II Жаңа тақырып Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру бойынша тапсырмалар |
Өткенді еске түсіру.
| ||||||||
III кезең Деңгейлік тапсырмалар
| I деңгей 8–жаттығу. Сөздерді тасымалдау белгісін қойып көшіріп жаз. II деңгей 9-жаттығу. Буын мен тасымалдың ерекшелігін бір-біріңе айтып, дәлелде. III деңгей 10-жаттығу. Өлеңді оқы. Ол, оны сөздері қай сөздің орнына қолданылып тұрғанын айт. Қарамен жазылған сөздерде қанша буын бар? Осы сөздердің ішінен тасымалдауға болатындарын теріп жаз. 12-жаттығу. Берілген тапсырманы оқып, дұрыс жауабын бер. Сабақты қорытындылау. 1. Топтық жұмыс: Әр қатарға берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру 1-қ: 2-қ: 3-қ: Құмырсқа Шегіртке Бунақденелі
Үйге: 9-жат.. Б/бағалау. |