Құрмалас сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем . 13 – 18 — жаттығулар
Сабақтың мақсаты: 1. Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, жай сөйлемнен
өзгешелігін байқату.
- Ауызекі сөйлеу, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін
арттыру.
- Оқушыларды сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу.
С/көрнекілігі: Кесте, жұмбақтар, қ/т өзіндік жұмыс дәптері.
кезең | Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті |
I.Ұйымдастыру
| 1. Бағдарлау – мотивациялық кезең. 2. «Оқушы қызығушылығын ояту.» Сөйлем туралы не білеміз? Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай қандай түрлері бар? Сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?
|
II Жаңа тақырып
Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру бойынша тапсырмалар | 3. Ережемен жұмыс:
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Мыс: Қамажай келіп, мені театрға ертіп кетті. Құрмалас сөйлем
Салалас Сабақтас Аралас
4. Негеш пен Білгішбектің диалогы |
III кезең Деңгейлік тапсырмалар
| I деңгей 13 –жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөйлемдердің әрқайсысында қанша ой берілгенін анықта, олардың тыныс белгілеріне көңіл бөл.
II деңгей 15-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Мәтіндегі сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін айт. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігін тұсіндір. III деңгей 16 -жаттығу. Өлеңде неше құрмалас сөйлем бар екенін анықтап, 1 – шумағын жатқа жаз. 17 -жаттығу. Ребусты шеш. Екі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.
Сабақты қорытындылау. Топтық жұмыс: 1-топ; 2-топ; 3-топ; Жай сөйлем Жай сөйлем Құрмалас сөйлем
Үйге: 18- жат. Б/бағалау.
|